Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
39 қаралым

Психолог жұмысындағы фототерапияның мүмкіншіліктері

0

Мақсаты: фототерапияны қолдану арқылы педагогтың мазасыздығын, агрессивті мінез-құлқын тежеп, өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, фотоаппарат, А4 қағаз, түрлі-түсті қарындаш, фломастер, бисерлар және ұсақ моншақтар.
Барысы: Үстелдер 2 топқа бөлініп қойылған. Әрбір семинарға кірген қатысушыны фотоға түсіру. Семинарға келген қатысушылар үстелге жайғасады.
Жұмыс түрі: Семинар-практикум

Ұйымдастыру кезеңі.
№1. «Менің көңіл-күйім»
Мақсаты мен міндеттері:
— шығармашылық қабілетінің дамуы;
— топтың эмоциялық күйін бағалау;
— топтың жұмысқа даярлығын диагностикалау;
— дискуссияны жүргізе білу.
Қажетті құралдар: қалам, А4 қағаз, степлер, фломастерлер, жаңа «фотосессия» деген сөзбен кесте және түсіндірме оған, «алақан суреті» – барлық балаларға арналған.

Тренингтің барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Педагогтардың алдында үстелде қызыл және көк түстің алақан соқпақтары жатады. Жетекші сұрайды, қандай көңіл-күймен балалар бүгін жұмысқа келді. Кімнің көңіл-күйі жақсы, олар қызыл түсті алақанын көтереді, кімнің көңіл-күйі жабырқау, олар – көк түсті алақанын көтереді. Жасыл түс – мен бір белгісіз сезімде отырмын.
Визитка тарату.

№2. «Менің бірінші фотосессиям»
Мақсаты мен міндеттері:
— әр түрлі атрибуттарды қолдана отырып өзінің «фотопортретін» жасау арқылы өз сезімдерін көрсете алуға қалыптастыру;
— шығармашылық қабілетінің дамуы;
— Өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру;.
Керекті атрибуттар: бас киімдер: қалпақ, баскиімдер, пилоткалар, тақиялар, тәждер, дулығалар, қалпақтар, қылыш, пышақтар, автоматтар, тапаншалар, бүркеніш, плащтар, түрлі көйлектер, сарафандар, мундирлар, галстуктар, жейделер, фотоаппарат, айна және т.б.

Тренингтің барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Педагогтар екі зонаға бөлінген кабинетке кіреді, бөлменің бір жағында – атрибуттар, екінші зонада орындықтар тұрады, педагогтар сол орындықтарға барып отырады.
Жекелей жұмыс
Жетекші. Әріптестер барлық адамдар бір-біріне ұқсамайды, олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері бар, ол қандай ерекшеліктер деп ойлайсыздар? (Педагогтардың жауаптары: мысалы, талғамы, қабілеті, темперамент, мінез, жоғары жүйке жүйесінің жылдамдығы, эмоцияны білдіре алуы, мимика, жест және т.б.) Ал енді бойымыздағы ерекшеліктерімізді фотосессия арқылы көрсетуіңізді сұраймыз. Cіздерді біздің «Арт-фото» фотостудиясына шақырамыз. Сіздерге атрибуттар берілген, осы атрибуттарды қолдана отырып, өздеріңіздің ең ұнаған бейнелеріңізді көрсету арқылы фотосессиямызды бастайық. Фотограф: Ә.Ғ. Жұмағазы.
Жұмыстың қорытындысы
Педагогтар өздерінің суретінің атауын ойлап табады. Жетекші педагогтарды суретке түсіреді және суреттің атауын жазып алады. (Педагог айтады, не үшін осы бейнені таңдап алды).
Түсініктеме. Осы жұмыс барысында педагогтардың әртүрлі мінез ерекшелігіне байланысты (тұйық, өз бетімен шешім қабылдай алмайтын, ұзақ ойланатын, қарым-қатынасқа түсе алмайтын және т.б.) көмек көрсетуге болады.

І БӨЛІМ. Фототерапия туралы қысқаша түсінік.
Фототерапия- арт-терапияның бір әдісі. Фототерапия 1970 жылдарда ғана АҚШ-та Канадада қолдана бастады.
Фототерапияның техникасы:
Фотосуреттер клиенттің фотокамерасы арқылы түсірген, журналдарда адамдардың бейнесінің коллекциясы, интернетте және т.б.
Клиенттің фотосуреттері, басқа адамдармен жасалған, мұнда клиент фотоға өзі түседі немесе кездейсоқ түсірілген фотосуреттер.
Автопортретте – кез-келген адамның өз бейнесі клиентпен жасалған, фотоның дұрыс шығуын клиент өзі бақылайды.
Жанұялық альбомдар және басқа да биографиялық фотоколлекциялар- клиенттің жанұясының суреттері немесе жанұялық суреттер клиенттің таңдауымен, альбомда сақталған немесе фототүсірілімдер қабырғада ілініп тұрған, тоңазытқыштың есігінде жабысып тұрған, үстелдің үстінде тұрған фотожақтау немесе компьютерде, жанұялы сайтта орналасқан суреттер. Бұл барлық суреттер клиенттің өмірінің және өткен өмірін білу үшін құжат ретінде жинақталады. Әрбір сурет адам қабылдуында әртүрлі реакция береді, ол фотосуретке қарап, өзінің өткен өмірін көзіне елестете алады.

ІІ БӨЛІМ. Тәжірибелік кезең
№4. «Өз әңгімеңді ойлап тап» коллаж жасау.
Мақсаты мен міндеттері:
— фотоколлаж әдісін үйрену;
— фото сурет арқылы әр педагогтың тұлғалық потенциалын ашу;
— қиялдың, шығармашылық ойдың дамуы.
Қажетті құралдар: А4 форматының қағазының парақтары, қайшылар, фломастерлер, балалардың суреттері, журналдан және газеттердің суреттері, желім.
Жүру барысы
Жүргізуші: Журнал беттеріндегі суреттерді қиып алып, берілген тақырыптың мағынасын ашу мақсатында қиылған суреттерді желіммен жабыстыра отырып, өз армандарыңдағы әңгімені көрсетулеріңіз керек.

Қорытынды: Әр топ жасаған коллаждарын қорғайды.

№5. Фотожақтау жасау
Мақсаты:
— өз ойын шығармашылық арқылы көрсету;
— ұсақ моториканың дамуы;
— құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуін қалыптастыру;
Қажетті құралдар: А4 форматының түсті қағазы, геометриялық фигуралар, бисер, моншақтар, фантиктер, картон, желім, қайшы, фломастерлер.
Жұмыс барысы:
Жүргізуші: Біздің фотосессияда түскен суреттерімізге (фотоссесияда түскен педагогтардың фотосы) жақтау жасайық. Ол үшін алдарыңызда берілген құралдарды қолдана отырып, шығармашылық таныта қолдарыңызға келген суретке рамка жасауларыңызды сұраймыз, 10 минут уақыт беріледі.
Қорытынды: Енді рамка салынған суреттерді иесіне тілектеріңізді, жылы жүректен шыққан лебіздеріңізді білдіре отырып, табыс етулеріңізді сұраймыз.

Рефлексия: Біздің жұмысымыздың басында берілген көңіл-күй фишкаларын тағы да бір рет таңдауларыңызды сұраймыз. Жұмысымыздың аяғында таңдаған фишкаларыңыздың түрі өзгерді ме? Өзгерсе – түсіндіріңіз.
Кері байланыс.

Жұмағазы Әсел Ғабдылқызы, 
Педагог-психолог, «№15 «Рахат» балабақша- бөбекжайы» КМҚК, Өскемен қаласы

Share.

Leave A Reply