Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
1 263 қаралым

Психологтың 4-9 сынып оқушыларына ОЖСБ сынақтар алдындағы кеңестері

0

· Сабақтар үшін орын дайында: үстелдің бетінен керегі жоқ заттарды алып тастап, қажетті құрал жабдықтарды, кітаптарды, тесттерді, дәптерлерді, қаламсаптарды қой;

· Бөлменің ішіне сары немесе күлгін түстерді еңгіз. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі де жарасады;

· Сабақтардың жоспарын құрастыр. Алдымен анықта: сен кімсің «үкі», әлде «бозторғайсың ба». Кейін осыған байланысты таңғы және кешкі сағаттарды көбірек пайдалаң. Әр күнге жоспар құрған кезде, «Бүгін мен нені оқуым керек», «Қандай бөлімдер және тақырыптар оқимын» сияқты нақты білу және анықтау керек;

· Ең қиын немесе ең нашар білетін материалыңнан баста. Бірақ, егер саған өте қиын болса, саған жеңіл немесе қызықты көрінетін материалдан бастауға да болады;

· Сабақты оқу мен демалуды реттеңдер: 40 минут сабақ оқу, кейін 10 минут демалу. Демалу кезінде ыдысты жууға, гүлдерге су құйюға, суға түсуге немесе денені шынықтыруға болады;

· Берілген пәндер бойынша өте көп тесттер мен тапсырмаларды шығарыңдар. Өйткені осындай жаттығулар сендерді тестік тапсырмалардың құрылымымен таныстырады;

· Секундамерді қолыңда ұстап, жаттық. Тесттерді қанша уақытта жасағандарыңды есепте;

· Емтихандарға дайындалу кезінде өзіңді жақсы тапсырғаныңызды көз алдына елестет;

· «Тапсырманы орындай алмаймын»,- деп ешқашан ойлама;

· Ең қиын сұрақтарды қайталау үшін емтихан алдында түнді емес, бір күнді қалдыр.

Психологтың 4-9 сынып оқушыларын ОЖСБ сынағы алдында дайындау жөнінде ата-аналарға ұсынылатын кеңестер.

· Балаларыңызға емтихандарға тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:

· Емтихандар алдында балаңызда қобалжуды көтермеңіздер. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін. Өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;

· Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;

· Балаңызға дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;

· Балаңызды емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;

· Тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;

· Балаңызды мадақтап, олардың өзіне-өзі сенімін жоғарлатыңыз;

· Балаңыздың емтихандарға дайындалудың күн тізбесін бақылаңыздар. Сонша ауыртпалық түсіртпеңіз;

· Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с. бас миының жұмысын белсендіреді;

· Емтихан алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;

· Емтиханнан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;

· Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда емтиханмен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға  дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет.

Тестілеу кезіндегі оқушыларға психологиялық ақыл-кеңес

 Күшіне, біліміне сенген адам ғана мақсатына жете алады.

Л.Фелервах

 ОЖСБ-ға дайындық

— Ең бірінші сабаққа дайындалатын орынды дайында: қажеті жоқ заттарды үстелдін үстінен алып таста, керекті кітаптарды, дәптер, қағаз, қалам, қарындаштарды ыңғайлы етіп қой.

— Отыратын бөлменің түсі сары немесе күлгін түсті болғаны жөн. Бұл түстер адамның белсенділігін арттырады. Ол үшін фото обой немесе кішігірім сурет ілген жеткілікті.

— Оқитын сабақты алдымен жоспарла, содан кейін сабақты танертең немесе кешке оқыған қай уақыт ыңғайлы болатының белгіле. Оқитын сабақты жоспарлағанда күнделікті дайындалатын, және нақты қай тақырыпқа тоқталатынынды белгіле. Жалпы дайындалу мүмкін емес. Нақты қандай тақырып пен бөлімге дайындалуға көңіл бөлген жөн.

— Ең қиын бөлімнен баста. Егер тақырып қиын және түсініксіз болатын болса, онда қызықты және жағымды материалдардан бастауға болады, сол себептеп сен жұмыс ырғағына енесің және жұмысың жүре бастайды.

— Сабақ пен демалысты араластырып отыр. Айталық 40 минут сабаққа дайындалсаң, 10 минут демалып үзіліс жаса. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға, душқа түсіп алуға немесе жаттығуға болады.

— Бүкіл тақырыпты немесе гүл кітапты басынан аяғына дейін жаттап алуға тырыспа. Пайдалы материалдарды қысқаша жоспрарлап, схема түрінде таблица түрінде қағазға сызған жөн. Бұл жоспар пайдалы, кейін қайталауға өзіңе оңай әрі жеңіл түседі.

-Тест тапсырмасын орындаған кезде қолыңда міндетті түрде сағат болғаны дұрыс. (тапсырманы орындағанда әр сұраққа уақытпен қарап 2 минут ішінде орындауға тырыс.

— ОЖСБ-ға дайындалған уақытта, мен білмеймін орындай алмаймын, қиын деп, өзіңе сенімсіз болма, керісінше өзіңе-өзің сенімдімін деп ойла.

— ОЖСБ алдында бір күн толық қайталауға арна, қиын сұрақтарға тағыда тоқталып кеткен жөн.

ОЖСБ тапсырар алдында

Тестке толық дайындалу үшін бір күн жеткілікті деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді-өзің қажытпа, керісінше дайындықты тоқтат, жатар алдында душқа түсіп, кешке серуендеп қайт. Жақсылап ұйықтап дем ал.

«Моралдық тұрақтылық» тесті.

Әрбір «иә» жауабына 1 балдан беріңіз және жалпы санын шығарыңыз.

1.   Мен әрқашанда сөзімде тұрамын және басқалар алдындағы міндеттерімді орындаймын;

2.   Мен достарыма шын көңіліммен көмектесемін, мұны риясыз жасаймын;

3.   Мен әділетсіздік көргенде, әдетте маған ол ыза тудырады;

4.   Адамдардың дөрекілігі мен тәрбиесіздігі менде ыза тудырады;

5.   Мен кекшіл адам емеспін, басқаларға кек сақтамаймын;

6.   Мен жауарларды жақсы көремін;

7.   Мен қарт адамдардың жасы мен даналығын құрметтеймін;

8.   Басқаларға, сонымен бірге өзіме де әділ болуға тырысамын;

9.   Мәселемді шешу кезінде өзгелерді ешқашан ұмытпаймын;

10.Сыйлық сыйлауды жақсы көремін, маған адамның қуанғаны ұнайды.

Нәтижені анықтау және оны өңдеу:

1-3 ұпай. Сізде өте жоғары моральдық тұрақтылық. Сіз, бұл жайында ойланбауыңыз мүмкін немесе басқа адамдардан үлгі аласыз. Бұл жағдайларда сіздің жолыңыз болмаған. Егер өзгергеңіз келсе, мінезіңіз жайында ойлауыңызға кеңес берер едік.

4-6 ұпай. Сіз өмір салтыңызда негізінен қоғамда қабылданбаған моральдық нормаларға сүйенесіз. Бірақ бұл нормалар ішкі қажеттілікке айналу үшін, сізге жұмыс жасау керек.

7-10 ұпай. Сіз айналадағыларға тірек боларлық, идеал адамсыз. Бірақ, босаңсудың қажеті жоқ, өзіңізбен әрі қарай жұмыс істегеніңіз жөн.

«Өзін-өзі бағалау деңгейі» тесті

өте жиі ойлаймын – 4 ұпай;

жиі ойлаймын – 3 ұпай;

анда – санда – 2 ұпай;

сирек- 1 ұпай; мүлде ойламаймын – 0 ұпай.

1. Менің достарым мені әрдайым сергітіп жүрулерін қалаймын.

2. Үнемі жұмысты орындау барысында өзімді әрдайым жауаптымын деп сезінемін.

3. Мен өз болашағым жайлы жиі ойланамын.

4. Мені адамдардың көбі жек көреді.

5. Менің өзгелерге қарағанда ұйымшылдығым аздау.

6. Мен өзімнің психикалық күйім жайлы көп ойланамын.

7. Мен ақымақ болып көрінуге  қорқамын.

8. Өзгелердің бет- әлпеті мен сымбаты маған қарағанда әлдеқайда жақсы.

9. Мен танымайтын адамдардың алдына шығып сөйлеуге жүрексінемін.

10. Мен жиі қателіктер жасаймын

11.  Менің адамдармен дұрыс сөйлесе алмайтындығым өкінішті.

12. Менің өзіме деген сенімділігімнің аздығы өте өкінішті.

13. Мені істеген іс-қимылдарымды өзгелер жиі қолдаса жақсы болар еді.

14. Мен өте сыпайымын.

15. Менің өмірімнің ешкімге пайдасы жоқ .

16. Көп адамдар мен жайлы дұрыс ойда емес.

17. Мен өз ойымды ешкіммен бөлісе алмаймын.

18. Менен адамдар көп нәрсе күтеді.

19. Адамдар менің жетістіктерім жайлы білгілері келе бермейді.

20. Мен аздап ұялшақпын

21. Мені көп адамдардың түсіне бермейтінін сеземін.

22. Мен өзімді бейқам сезінбеймін

23. Мен жиі орынсыз уайымдай беремін.

24. Мен адамдар отырған бөлмеге кіруге қысыламын.

25. Мен адамдарлың артымнан мен жайлы әңгіме айтатындарын сеземін.

26. Мен тұйықпын

27. Менің ойымша менен басқа адамдардың барлығы да кез-келген нәрсені әлдеқайда оңай қабылдайды.

28. Маған мен де бір келеңсіз жағдай болатын сияқты сезім бар.

29. Өзге адамдардың маған деген қарым-қатынасы мені қатты ойландырады.

30. Менің адамдармен сирек араласатындығым өкінішті.

31. Пікірталас туған жағдайда мен өз ойыма кәміл сенімді болған жағдайда ғана өз ойымды білдіремін.

32. Менен  қоғам не нәрсе күтеді деп жиі ойланамын.

0-35 ұпай. Жоғары деңгей. Мұндай адамдар өз істеріне кәміл сенімді және өзге адамдардың айтқан ескертулерін дұрыс қабылдайды.

 36-45 ұпай. Орташа деңгей. Бұл топтағы адамдар да өз іс-әрекеттеріне сенімді , бірақта кейде өзге адамдардың ойына, сөзіне аздап еріп кетеді.

 46-120 ұпай. Төменгі деңгей. Бұл топтың адамдары сөз көтермейді ашуланшақ, ренжігіш, өз ойы жоқ, үнемі өзгелердің ойына қосылып жүреді.

Муканова Ризвангуль Жумабаевна,

педагог-психолог,

Егіндікөл ауданы әкімдігінің «Көркем негізгі мектебі» КММ

Көркем ауылы Егіндікөл ауданы Ақмола облысы

Share.

Leave A Reply