Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

Психология және мен (эссе)

0

Шалшықбай Нұрғайша Сатыбалдықызы 

Психолог, «Қошқар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Ақтоғай ауданы Қарағанды облысы

Әуелде бір суық мұз ақыл зерек

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек
Тоқтаулылық талапты шыдамдылық
Бұл қайраттан шығады білсең керек.
А.Құнанбаев

Адамзаттың ішкі жан көріністері қанша түрлі болғанымен соларды үш топқа бөлуге болады. Ақыл. Ішкі сезім. Қайрат. Осы үшеуін бірдей бойында ұстай білу әрбір адамзаттың міндеті. Егер де осы үш қасиет тең болмай біреуі таразының басын билеп кетсе, ол адам бақытты болақ емес- деп Мағжан Жұмабаев ағамыз өз пікірін білдірген. Бүгінгі мынау жаһандану дәуірінде, қоғамға озық ойлы, жан-жақты, бойында рухани адамгершілігі қалыптасқан ұрпақ ауадай қажет. Ол ұрпақты өмірге әкелетін ата-ана болса, екіншіден оның жан-дүниесін тағы да ата-ана және қоршаған орта яғни, қоғам. Мектеп психологының жұмысы қызықты жұмыс. Әр қайталанбас күнде, сағат та ешкімге ұқсамайтын өзіндік мені бар тұлғаның жан-дүниесін бағалауда ешқандай уақытпен санаспайсың. Әр тұлға басқа ададардың арасында белгілі позицияны шешетін қоғадық іс-әрекеттің себепші субьектісіндегі адам.
Бұл тұлғаның психологиялық ерекшелігі. Олар неге талпынады және де неден қашады, сонымен қатар ұғыну, ұйымшылдық дәрежесі, осының белсенділігінің интенсивті және қорытынды нәтижесі өмірлік тапсырмаларын шешуде сәйкестік бағыттаулармен бақыланып отырады. Тұлғаның өзіндік ішкі сезімдерін бағалай келе, ұлы бабаларымыздың айтқан «Өмірді тану – ғылым, Өзіңді білу – өнер» дей келе, бірінші өзімізден бастауымыз, яғни өз орныңа қиналған адамды қоя білу сезіну керектігін айтқым келеді. Өмірде келіспеушілік кездессе алдымен өзіңнен көр, өзіңді ақтай алсаң ғана өзгені айыпта дей келе…
«Жақсылық көрсем – өзімнен
Жамандық көрсем – өзімнен
Тағдыр қылды дегенде
Шығарамын сөзімнен»- деген Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Ұлтымыз біздің өзге ұлттардан ерекшеленіп тұратын қабілет- нені болса да оңай түсінетіндігінде, қабылдайтындығында. Әрине бұл жақсы қасиет, өркениетте көштен кейін қалып қоймауымызға үлкен мүмкіндік береді. Жаңа заман ұрпағының бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы Тұлғаның қабілетін қаншалықты ерте ашсаң, дамытсаң, нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде еврейлер өз адамы әдепсіз қылық жасап алса: «өзің сондай ақылды азаматсың, тегің таза, ұят іске қалай барғаныңды түсінбеймін», дейді екен. Ал біз: онбайсың, тегіңде де ештеңе жоқ, бар қазақ солай,- дейміз. Әдетте «Оңбайсыңнан» гөрі «Саған не болған» деп сұрау дұрыс-ау деп ойлаймын. Жалпы мемлекет тарапынан психология мамандығына арнайы назар аударып, мектеп бағдарламасына енгізілгені, болашақ ұрпақтың келешегіне жасалған рухани байлық деп түсінемін. Неге? Себебі… Мектептегі негізгі пән мұғалімдері өзіне тиесілі 45 минутында өзінің сағатын оқушы санасына сіңдіріп, нәтиже алуға тырысып бағады. Әрине, менің ойыммен әріптестер келіспес, қазіргі таңда пән мұғалімдері әрі маман, әрі психолог болуды ұсынамын. Бірақ дегенмен оқушының ішкі жан дүниесінің есігін қағып, кіріп, үңіліп, сезіне білетін, оның ішкі сезімімен санаса білетін ол психолог-маман. Оған дәлел тәжірибе барысында әрбір оқушының ішкі жан дүниесіне үңіле білу керек. Ал, оған қалай үңілесіз? Қазіргі мынау ақпараттану заманы жаңа технология дамыған, интернет жүйесіне отырып, саусағынын ұшымен білімді игеру заманында ішкі жан-дүниесін танитын адамға айтып, содан ақыл-кеңес алған ұрпаққа сен өзіңді қалай тыңдатасың? Әрине, ол үшін сегіз қырлы бір сырлы, оқушы үшін өн бойыңда бір мін жоқ, оқушы қиялындағы идеал болу керек. Қалай идеал боласың? Киім киісің, жүрісің, сөйлеу мәнерің, тағы басқа қасиеттер бойыңнан табылуы тиіс. Қазіргі ұрпақ өзімен санасқаныңды қалап тұрады. Неге? Өйткені қазіргі көп балалы отбасының өзінде 3 немесе 4 баланы құрайды. Осыдан он жыл бұрынғыдай әр үйде он бала емес, ол заман келмеске кеткен. Қазіргі жанұядағы әр бала лидер үйінде, ол бала өз дегенін орындатады. Тіпті үйінде келеңсіз оқиғалар орын алса да ешкімге сездіргісі де келмейді, тіпті жаны қиналса да, сізден психолог екенсіз деп ешқашан көмек сұрамайды. Ал менің міндетім көмек беру, жан-дүниесіне үңілу,мбөлісу, дұрыс бағыт көрсету тұрғысында Ш.Құдайбердіұлының:
Тән сезіп құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой-хабар
Жаман,мжақсы әр істі сол тергемек- дей келе жан-жақты психологиялық бағытта еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жетілген тұлғамыз. Отанымызды даму көшінен қалдырмай өрге шығарар қажырлы қайраткерлер тәрбиелеу мектептен бастау алады. Әрбір оқушы жан дүниесі қанша жерден қиналып тұрса да сенің сұрағыңа ағынан жарыла жауап бермейді. Ол үшін алғашқы қадамды әрине мен өзім жасауым керек. Оқушының алдында мен психологпын маған бәрін айтуың керек деген пікірде болсаң қатты қателесесің. Барынша пікірлесу барысында ешқандай жасандылықсыз, шынайы тыңдаушы бола біліп, оқушының жан күйзелісіне салыстырмалы түрде өзіңнің басыңнан өткен деректерді мысалға келтіре отырып нәтижелі болғанын дәлелдей отырып пікірлессең, оқушы міндетті түрде өзіңмен сырласуы тиіс. «Менің ана құрбым психолог апайдың шешесі немесе туысы мен оған қалай сеніп айтамын, ертең сыныпқа жайып жіберсе не істеймін деген ой тұруы мүмкін. Өз тәжірибемде көптеген оқушылармен пікірлесу барысында, көзімнің жеткені – оқушы жүрегі асыл қазына сияқты, егерде қазынаға барар жолды дұрыс біліп, қазынаның кілтін аша білу үшін оқушы жүрегінің қалаулысы болуы керек.

Автордың марапаттары: Облыстық «Жылдың үздік психологы – 2014» сертификат иегері.

Share.

Leave A Reply