Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

283 қаралым

Психологиялық КВН

0

Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Психология пәніне деген қызығушылықтарын, ойлау қабілетін және зейіндерінің қасиеттерін дамыту.

Сайысымыздың шарттары:
— Сәлемдесу әрбір топ таныстырады (ұраны).
— «Сөз ішінен сөз ізде» (екі сөз беріледі).
— «Баяғыда … болыпты» (ертегі құрастыру).
— Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.
— «Жеті жұрттың тілін біл» (капитандар сайысы).

1. Құрметті оқушылар, сайысымызды бастамас бұрын Жантану ғылымы жайлы өлең шумақтарды тыңдасақ.

Психология пәнін,
дейді ғылым дәрі.
Сезім, көңіл жан тәнін,
Зерттеп қояр бәрін.

Жаңа қоғам, жаңа Заң
Айналаңа қарасаң.
Барлап қара, өзіне
Жантануды қаласаң.

Жантанумен әдепті
Білген адам ұғынар
Тәрбие мен ерік те,
Жүрекке келіп бағынар.

Алданбайды жүрегім
Дәл нүктесін табады
Жантанумен сырлассам
Жеңілденіп қалады.

Оқушы мен ұстаздық,
Отбасылық сезімдер
Жантанумен ұштасып
Жатқандығын сезіңдер.

2. Сәлемдесу.
«Сөз ішінен сөз ізде». Әр командаға 2 сөз беріледі. Сіздер берілген сол сөздің ішінен сөз құрастырып шығарасыздар. СЕНІМДІЛІК, СҮЙІСПЕНШІЛІК.
3. Тапсырма «Баяғыда болыпты». Әр топқа сөздер беріледі. «АҒАШ, ЖАҢАЛЫҚ, ӨЗЕН, ХАЛЫҚ, ШАРБАҚ, АЛАҢ» Топтар осы сөздерді тіркестіріп әңгіме немесе ертегі құру керек.
4. Тапсырма. Мақалдың мағынасын ашу. Қазір сіздерге мақалдар беріледі. Сол мақалдардың мағынасын түсіндіресіздер.

Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Жылы жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.
Басқа пәле тілден.

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Ашу дұшпан, ақыл дос,
Ақылыңа ақыл қос.

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.

5. Тапсырма: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды, Айыра біл, қарындаш пен қаламды. Айыра біл, соқпағында өмірдің, Айыра біл, екі тіліңді — дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл». Мұнда жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін екі тілде, яғни, қазақ, орыс тілдерінде айтуларың қажет.

Бірінші топ:
1. Қабат қабат қаттама
Ақылың болса аттама (Кітап — книга)
2. Футболшының алаңдағы ойын заты? (Доп — мяч)
3. Жүз теңгең болғанша, Жүз досың болсын. (Дос — друг)
4. Аяғы жоқ, жүрмейді, Үй күзетеді, үрмейді. (Құлып — замок)
5. Жеті қазынаның бірі адамды қорғап жүретін досы (Ит — собака)

Екінші топ:
Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін. (Көз — глаз)
Мөлдіреп екі көл жатыр, ортада дөңес бел жатыр. (Мұрын мен көз — нос и глаз)
Үйден ең соңынан шығатын кім? Үйге ең алдымен кіретін кім? (Кілт — ключ)
Адамды тамақтандырады? (Қасық — ложка)
Құстар қайда ұшады? (Аспан — небо)

Абикенова Алуа Иманмадиқызы
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,
Шақа жалпы орта білім беретін мектеп психологы

 

Share.

Leave A Reply