Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

Психикалық және неврологиялық кемшілігі бар 18 жастан асқан жасөспірімдердің танымдық іс-әрекеттері

0

Батырбекова Гүлімшат Барлыққызы, 
Тәрбиеші, Астана қаласы әкімдігінің «БПМӘМ» КММ
Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарды қоршаған ортаға бейімдеу, үйрету, еңбекке деген құлшыныстарын арттыру бүкіл адамзаттың міндеті болуы тиіс. Әрбір білім алуға қабілетті тұлғаларға заман талабына сай және ұлттық сезімін оята отырып, рухани жағынан да тәрбиелеу – қазіргі таңдағы басты талап.
ҚР-ның 2003 жылы 1-қаңтарда «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау» туралы заңның шығуы көптеген өзгерістер алып келді.

Ал психологиялық-неврологиялық интернат үйлеріндегі балалармен жұмыс жасау күрделірек болуда. Сол себепті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы №166 қаулысы бойынша бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары» бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Педагогикалық диагностика және тұлғалық зерттеу заманауи аспаптарды, апаратураларды, тестерді пайдаланып жүргізеді және балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, 18 жастан асқан адамдардың зияткерлік дамуын айқындау.
Психикалық және неврологиялық кемшілігі бар балаларға арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуға жәрдемдесу,балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және 18 жастан асқан адамдарды оқыту нысанын айқындауды және олардың әлеуметтік-педагогикалық жай-күйін ескеріп оқытуды ұйымдастыруға тәжірибелік көмек көрсетуді қамтиды.
Психикалық және неврологиялық дамуы нашар балаларда оқу үрдісін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс. Сол себепті, педагог, дефектолог маман кез-келген тапсырмаларды орындата алуы үшін, қабілеттеріне қарай орындалатын тапсырманы айыра білуі қажет. Балалардың танымдық іс-әрекетін түзеу үшін жұмыстар жүргізу барысында психикалық дамуының ерекшелігін есепке алған жөн.

Танымдық іс-әрекетті дамыту жұмыстарының, ойындармен, тапсырмалармен, жаттығулармен, этюдтармен және т.б. көмегімен балалардың психологиялық дамуын, психологиялық түзету және психологиялық диагностикалауды жүргізе отырып, жүзеге асыруға болады. Бұл балалардың танымдық іс-әрекетін түзетуде берілген санаттағы балалардың жеке жас шамасы ерекшеліктерін есепке ала отырып, жіктеле және мақсатты бағыттала жүргізуге, сонымен қатар балалармен жүргізілетін жалпы диагностикалық түзету жұмысын бақылауға мүмкіндік береді.

Психикалық және неврологиялық кемшілігі бар балалардың танымдық іс-әрекеті күрделі мәселе болғандықтан көптеген жұмыстар жүргізілуі тиіс. Атап айтсақ, дамыту ойындары. Дамыту ойыны – балалардың танымдық және эмоциялық ерік аясын дамыту бойынша педагогикалық мақсатта бағытталған қызмет. Танымдық іс-әрекетін дамытушы ойындарға қойылатын талап бойынша ойынның танымдық, тәрбиелік қызметін іс-жүзіне асыруға балалардың жас шамасы бойынша дамуына сәйкес кешенді түрде қолданылуы керек. Танымдық, тәрбиелік қызметтің міндетін шеше отырып, өмірдің басқа салаларынан, қызметтің басқа түрлерінен ала алмайтын жан-жақты дамуы үшін ерекше қызметті іс-жүзіне асырады.

Танымдық аясын түзету үшін қажетті қорды құрайтын, оқу қызметінде өзара қатынастың, вербальды және вербальды емес қатынастың дағдыларын жетілдіру үшін ұсынылатын ойын тапсырмалар мен жаттығулар:
«МЕН ҚАНДАЙМЫН?» ойыны
Мақсаты: өзінің қандай адам екенін ойлана отырып, мінезіндегі кемшіліктерін аңғарту.
Ойын барысы: ойынға 4-5 бала қатысады, әркім өзінің қандай екенін айтады немесе жазады. Ал достары оның қатесін немесе кемшілігін айтады.
«НЕГЕ ҰҚСАС?» дидактикалық ойыны
Мақсаты: балалардың тапқырлығын, тез ойланып нақты жауап беруін арттыру.
Құралдар: фигуралардың қиындылары.
Ойын барысы: ойынға 4-5 бала қатысуға болады. Педагог балаларға 2 немесе одан да көп фигураларды көрсетіп неге ұқсайтынын сұрайды. Балалар жылдам әрі нақты жауап берулері керек.
«ДОСЫҢ АУЫРСА ОҒАН ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?» қойылымдық ойыны
Мақсаты: балалардың арасындағы достық сезімін нығайтып, жанашырлық пен мейірімділік сезімін бойларына сіңірту.
Ойын барысы: ойынға жұп-жұбымен немесе 6-7 адам қатысуға болады. Досыңмен ренжісіп қалғандағы татуласу үшін жасайтын іс-әрекеттерін қойылым түрде көрсетеді.
Танымдық іс-әрекет негізін – есте сақтау, ойлау, елестетуді дамыту және есте сақтау, ойлау, елестету элементтеріндегі кемшіліктерін түзету ойындары:
«ӘҢГІМЕ ҚҰРА» ойын кешені
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін арттыру.
Құрал: суреттер.
Ойын барысы: топтағы балаларға суреттерді таратып шығады да, суретке қарап әңгіме құра деп ұсынылады. Ойлануы үшін жас ерекшеліктеріне қарай уақыт беріледі. Балалар суретке қарап өз ойларымен әңгіме құраулары қажет.
«ЖАНДЫ ЗАТ ПЕН ЖАНСЫЗ ЗАТ» елестету ойыны
Мақсаты: балалардың елестету қабілетін арттыру және тексеру.
Құрал: парта, тақта, кітап, ит, қыз, қуыршақ, қасқыр, құстардың суреттері.
Ойын барысы: балаларға суреттер ұсынылады. Өлі заттар мен тірі заттар деп екі топқа бөліп, суреттерді тиісті орынға орналастыруы қажет.

Share.

Leave A Reply