Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:

+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

387 қаралым

ПДТ-балалармен түзету-дамыту сабағы

0

Сабақтың тақырыбы: Аққала.
Сыныбы: 3б сынып.
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ — жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.

Психологиялық дайындық:
Жетекші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы.
Жылуымызды жан-жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Келіп қалған қонақтарды
Сүйіп, сүйіп алайық.
Балалар біз сабақты бастамас бұрын сөйлеу ережесін еске түсіреміз.
Біз тәртіпті баламыз.
Айтқан тілді аламыз.
Дыбыстарды анықтап.
Дұрыс сөйлей аламыз
Кіріспе бөлім
Жетекші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар, балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Жетекші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе? Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Жетекші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
(Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Жетекші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
— Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайыщпы
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Жетекші: Желтоқсан – жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?і
Қане, іс-қимылмен көрсетейікші (Балалар іс-қимылмен көрсетеді)
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
Қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
Жетекші: Балалар, қыста ауа таза болады.
Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек.
Ойын арқылы денелерің шынығады.
Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз? Балалар: Жаңа жыл!
Жетекші: Дұрыс айтасыңдар, сонымен қатар 16 желтоқсан – Тәуелсіздіктің 25 жылдығын, 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін тойлаймыз! Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

Негізгі бөлім: Суретпен жүмыс
Жетекші: Балалар, мынау ненің суреті?
Балалар: Аққала
Жетекші: Аққала неден жасалады?
Балалар: Қардан
Жетекші: Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.
Балалар қарды қолмен ұстап көреді.
Жетекші: Қардың түсі қандай?
Балалар: Ақ
Жетекші: Қар мұздай ма, жылы ма?
Балалар: Мұздай
Жетекші: Аққала неше бөліктен тұрады?
Балалар: Үш бөліктен тұрады.
Жетекші: Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
Балалар: Дөңгелек.
Мына суреттерге не жетіспейді
Әдемі безендірілген қыс бейнесі. (үй, тал, балалар, шана)
Балалар: Аққала.
Олай болса мына макетті аққаламен толықтырайық.
«Әдемі аққала» Қолдарымыз өнерлі.
Балаларға аққаланың жасалу жолдарын қөрсете отырып, түсіндіру. Қажетсіз нәрсе жоқ, қалдықтарды да пайдаланып жүзеге асыруымыз керек. Бізге ақ түсті шұлық, байлауға жіп және мойын орауға мата, түрлі-түсті маркерлер.
Шұлыққа құм толтырып, белінен және ортасынан буамыз, шұлықтың қалған бөлігін басына қалпақ етіп кигізіп маркердің көмегімен әдемі етіп ептілікпен бет пішінін және түймелерін бояймыз. Міне біздің аққаламыз дайын. Енді әрқайсың өздерің таңдаған түспен мойын орағышпен безендіріп макетке қоямыз. Макетімізге аққаламыз көрік қосып нағыз қыс бейнесі шықты .Қолдарың не деген өнерлі.

Релаксация «Менің аққалам»
Ал енді балалар сендерге қыс мезгілі ұнайды екен, олай болса релакцасия жасаймыз .Мен сендерге өлең оқимын, ал сендер көздеріңді жұмып еркін жатып тыңдаңдар.
Қыс мезгілі маған өте қатты ұнайды. Бүгін қар жауып, қыс мезгілі өз ерекшелігін көрсетіп тұр. Біз қалың киініп, дене тәрбиесі сабағында аулаға шығып ойнадық. Барлығымыз өз бетімізше аққала жасадық, аққала кішкентай больш шықты. Мен ойланып барлығымыз бірігіп жасайық аққала сонда үлкен болады деп бірлікке шақырдым. Жасаған аққала ойымыздан шықты. Аққаламыз әдемі аппақ үлкен, көзі көмірден, мұрны сәбізден, қолында сыпырғысы бар. Басында шелегі бар, жасаған аққалама таң тамаша қарап қызықты. Мен достарымды аққаланы айналып билеуге, ән айтуға шақырдым. Біздің ойынымыз қанбай сыныпқа әзер кірдік. Қыс кереметі деген осы екен.

«Ғажайып аққала әлеміне саяхат». Би терапеясы.
Балаларға ғажайыптар әлеміне саяхат жасауға дайынсыңдар ма?
Балалар: Әрине дайынбыз. Көзімізді жұмып, жарықты сөндіреміз.
Олай болса кеттік бір, екі, үш,
Ғажайып аққала әлеміне ұш.
Балалар аққала атрибуттарын киіп өздерінің жүздерін айнадан көріп, еркін қимылмен билету барысында өздерін аққала сезіну.

Қорытынды:
Балалар сендер бүгінгі сабақта қандай әсер алдыңдар?
Сендерге бүгінгі сабағымыздың қай бөлігі ұнады?
Бүгінгі сабаққа белсене қатыстыңдар, сендерге көп рахмет.
Мен сендердің сабаққа жақсы қатысқандарың үшін алғыс ретінде мұз кәмпиттерін үлестіріп беремін.

Өтеулиева Гулжаухар
Психолог, ОҚО ББ «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған
облыстық арнайы мектеп- интернаты» КММ,
Түркістан қаласы, ОҚО

Share.

Leave A Reply