Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

Оқырман пікірі

Құрметті редакция!

Мен «Қызықты психология» журналына 2015 жылдан бері үзбей жазылып келемін. Бергеннен – берері көп басылымға, білгеннен – білері көп оқырман атынан алғысым шексіз.

Журналдан көп мағлұмат алып, тәжірибемде пайдаланып келемін.

Сіздерден сұрарым, менің аздап мақала жазатын қабілетім бар еді. Мақалаларым аудандық, облыстық газеттерде жарияланып келеді.

Енді сол өмірден алынған мақалаларымды, өзіміздің «төл баспамыз»- «Қызықты психология» журналына жолдасам бола ма?- деген өтініш.

Бүгін – «Өмір- неткен қымбат ең?»- тақырыбындағы мақаламды жіберіп отырмын.

Әлі де: «Жарық өмірді бағалай білейік!», «Көңілдегі кірбің», «Өмірді сүю- болашаққа нық қадам!», «Отбасылық қарым-қатынас жайлы бір үзік сыр», «Балаға айтқан әрбір сөзге- абай болайық!», т.б. тақырыптарындағы мақалаларым – «Қызықты психология» журналы оқырмандарын қызықтыра түсе ме деген ойым бар.

Сіздерге деген игі құрметпен,

Сарбасова Гүлзипа Сабырқызы