Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

Некеге дейінгі қарым-қатынастың 7 кезеңі немесе нағыз махаббаттың келетін кезі

0

Мүтәліп Марта,
Педагог-психолог, Есіл қаласы №3 орта мектебі, Ақмола облысы

1. Бірінші кезең – бұл уақыт әйел адам мен ер адам арасындағы романтикаға және жан тебірентірерлік сезімге толы кезең.
2. Екінші кезең – бұл жалығу кезеңі.
3. Үшінші кезең – жиіркену, жек көру кезеңі.
4. Төртінші кезең – шыдамдылық кезеңі.
5. Бесінші кезең – бұл парыз бен сыйластық. Бұл әрі махаббатың бірінші сатысы!
6. Алтыншы кезең – достық кезеңі.
7. Жетінші кезең – бұл махаббат.

1. Конфетті-букеттік кезең шамамен 18 айға созылады.
Ер адам мен әйел адам бір-бірімен кездесіп, араларында сезім оты оянса, олардың ағзасында өмірді жарқын әрі керемет ететін гормондар түзіледі. Бұл кезде барлығы керемет болып көрінеді: сырт бейнесі, дауысы, тіпті мінезіндегі кемшіліктердің өзі қызықты, таңқаларлық болып көрінеді.
Адам масаю жағдайында жүреді. Бұл уақытта тағдырыңды өзгертетін шешімдер қабылдамау керек, себебі бұл мастық сезімінің әсері ерте ме кеш пе барлығы бітіп, әр нәрсе өз орнына тұрақталады.
Дегенмен де бұл уақыт – әйел адам мен ер адам арасындағы романтикаға және жан тебірентерлік сезімге толы кезең.

2. Келесі кезең – бұл жалығу кезеңі.
Манағы тәтті сезімнің барлығы тынышталып, өз жұбыңыздың жағымды және жағымсыз жақтарын нақты бағалай бастайсыз. Бір-біріңізге әбден үйренісіп, өзіңізді шынайы және емін -еркін ұстай бастайсыз.

3. Үшінші кезең-жиіркену, жек көру кезеңі.
Бұл – қарым-қатынастың ары-қарай жалғасуына керекті кезең. Жек көру кезеңінде ұрыс-керіс көп болады. Сіздер бір-бірлеріңіздің тек қана теріс қылықтарыңыз бен кемшіліктеріңізді ғана байқайтын боласыздар. Бұдан шығудың ең жеңіл және ең жаман жолы ол – айырылысу немесе ажырасу. Бұның несі жаман? Сіздер тек қана уақытпен тексерілген қарым-қатынастан бас тартасыз, және басқа бір адаммен қайтадан конфетті-букеттік кезеңді бастайсыз, сөйтіп бәрі қайтадан басталады.
Шын мәнісінде, осы үш кезеңнен ары аса алмайтын адамдар бар. Бұл кезеңдер шектелген адамдарға ғана тән өте төменгі деңгей. Өйткені ол адамдар аталған үш кезеңнен ары өтпеген, нағыз қарым-қатынасты бастан кешірмеген жандар.

4. Келесі кезең – шыдамдылық кезеңі.
Ұрыс-жанжал, ұрыс-керіс жұптар арасында болып тұрады, бірақ бұл кезеңде олар түбегейлі шешім қабылдамайды, өйткені ашу-ыза басылып, қарым-қатынас өз орнына келетінін біледі. Егер жұптар бір-біріне түсінушілікпен қараса, олар түсініспеншілікпен қатар ақылды бола түседі. Бұл табиғи заңдылық. Сонымен бұл кезеңде жұптар ақылдылыққа қол жеткізеді.

5. Бесінші кезең – бұл парыз бен сыйластық. Бұл әрі махаббатың бірінші сатысы!
Шын мәнісінде, әлі махаббат болған жоқ. Бұл кезеңде әр жұп сүйгенінің оған деген парызын емес, керісінше өзінің сүйгенінің алдындағы парызы жайлы ойлана бастайды. Бізді өзіміздің міндеттерімізге деген жауапкершілікті дамыта түседі.

6. Алтыншы кезең – достық кезеңі.
Сіздер расында да бір-біріңізге жақын әрі қымбат бола түстіңіздер. Сіздер нағыз достар сияқты бір-біріңізге сенесіздер. Достық – бұл махаббатқа салмақты дайындық.

7. Жетінші кезең – бұл махаббат.
Шынайы махаббат – ол оңай емес. Оған жету үшін ұзақ жүру керек. Махаббатқа қол жеткізу үшін, сіз ұзақ мерзімді және жақын қарым-қатынастағы әртүрлі өмірлік жағдайларды бастан өткересіз. Махаббат – бұл біз ойлағандай кенеттен басталатын нәрсе емес. Шынайы, ересек махаббатқа жету үшін біз бойымыздағы өзімшілдік пен наным-сенімдерімізден бас тартып, пісіп жетілеміз.
Біз күйеуімізді немесе әйелімізді өзіміз таңдаймыз. Бірақ отбасылық өмірде шын махаббатты бастан өткізу үшін, бізге алдымен бір-бірімізбен дұрыстап танысып, одан кейін достасып, содан кейін ғана сүюіміз керек. Көптеген жұптар махаббатты бірінші конфеттік-букеттік кезең деп ойлайды. Бірақ романтика өтіп, өмір ғажайып түстерден арылып өз қалпына түсіп, алғашқы қиындықтар, қарым-қатынастағы алғашқы сынақтар басталады. Ал біреулер бұл кезді – махаббат өтті-кетті деп түсінеді.
Махаббаттың дәмі әр-түрлі: тәтті және тұзды, ауыз қуыратын және тұтқыр, ащы, тіпті қышқыл. Шын берілу мен шыдамдылық – бұл махаббатың басты қасиеттері болып табылады. Егер сіз қарым-қатынастарыңыздағы «махаббат бітті» деп ойласаңыз, онда оның тіпті басталмағаны.

Психологтар конфеттік-букеттік кезеңнің «7 қатерлі қателігін» атап көрсетеді.

Конфеттік-букеттік кезеңнің басты 7 қателігі.
Олар қарым-қатынасты басталмай жатып тұншықтыруы, тіпті өлтіруі мүмкін.
Сонымен, біз сіздерге ескертпеді демеңіз! Ал шын мәнісіне келсек, сіздер қарым-қатынасымызды ештеңе бұзуы мүмкін емес деп ойлайсыздар, өйткені ол кезеңде бір-біріңізге өте ынтық сезімде жүресіздер.

Психологтар конфеттік-букеттік кезеңнің 7 «қатерлі қателігін» атап көрсетеді:
1. Бірден төсек қатынасына бару.
Әр нәрсенің өз уақыты бар. Егер сен оған бірден беріле салсаң, қарым-қатынасты әрі қарай дамыту оған қызық болмай қалады, өйткені ол еш қиналмастан «тәніңізге қол жеткізді».
2. Жан-дүниеңізді оған тым ерте ашу.
Әр әйел жұмбақ жан болу керек, әрі ол жұмбақ ұзақ шешілмеу керек. Ер адам ол жұмбақты сезінген сайын- ол сенің сырыңды табуға құлшынады.
3. Оған үздіксіз қоңырау шалу, жедел хаттар жіберу.
Бастамаларды басым түрде оның көрсеткені дұрыс. Біз қазіргі заманда жаңа көзқараспен өмір сүрсек те бұл сұрақта ескі көзқараста қалғанымыз жөн.
4. Оның ұялы телефонын тексеру.
Бұл істі мүлдем істемеген жөн, қарым-қатынастың басты кезеңінде де, басқа кезеңдерінде де. Бұл әдептілікке жатпайды.
5. Оргазмды боямалау
Негізінде оны ешқашан боямалап, үстемелеудің қажеті жоқ. Ләззаттана алмайтын төсек қатынасының қажеті қанша?
6. Сен үшін оның өзгеруін күту.
Бұндайды тұлғасы қалыптасқан ересек адамнан күту, ол аңқаулық болар. Артығы керісінше- оның кемшіліктерін таразылап өзің үшін бір шешімге кел, сен оны осы күйінде қабылдауға дайынсың ба?
7. Жеке кеңістігіңізді ол үшін тым ашпаңыз.
Сіздердің қарым-қатынастарыңыз қаншалықты жақсы болса да, жігітіңізді шыңның басына көтерудің қажеті жоқ. Ол сіздің әлеміңізде толық емес белгілі ғана орында болуы қажет.

 

Share.

Leave A Reply