Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:

+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

826 қаралым

Мен таңдаған мамандық. Эссе

0

«Өзіңді өзің танысаң – істің басы»- деген ақынымыз Шәкәрім Құдайбердіұлының ой-тұжырымы менің де көкейіме қонады. Мұны тегінен- тегін тілге тиек етіп отырған жоқпын. Иә, ең әуелі адам өзін танып білсе, сонда ғана немен айналысатынын, кім болатынын анықтай бастайды. Ал мен болсам жан-жақты болғым келді, бәрін білгім келді және ол армандарым да уақыт еншісімен орындалды.

Мен- есепші, тәрбиеші, психолог мамандықтарын, жоғары білімді де игердім және жұмыс та жасап үлгердім. Бұл мамандықтардың бәрін оқып, жұмыс та жасағаным үшін еш өкінбеймін. Барлық мамандықтарымды өзінше ұнатамын.
Мен өз мамандығымның қайсысына тоқталғаным жайлы айтпастан бұрын, халқымыздан қалған ауызекі әңгіме жайлы есіме түсірдім.
— Бір жігіт әр жұмыстың басын шалып істеп, аяқсыз қалдыра беріпті.
— Сонда жолдан жолыққан қария: – Сен балам, жұмыстың оңайын тауып істесең қайтеді,- деп кеңес береді.
Біраз уақыт өткен соң қария әлгі жігіттің қандай оңай жұмыс тапқанын көрейін деп іздеп барады.
— Ал,балам қандай оңай жұмыс таптың?- деп сұрайды қария.
— Иә, Ата, ең оңай жұмыс таптым, онымен еңбектеніп жатқаныма да біраз болды,- деп зәулім биік үйлерді көрсетіпті. Сонда қария жан-жағындағы биік үйлерге қарап, неге балам мынау ең қиын жұмыс қой деп таңданыпты.
Жігіт: Жоқ, Ата бұл ең оңай жұмыс болды,- депті.
— Е, балам сенің оңай жұмыс деп тұрғанын екінің бірінің қолынан келмейтін істі айтып тұрсың, сонда бұдан менің түйгенім, кім нені өз көңіл қалауымен жасаса сол кәсіп оңай екен ғой- деп ойланып тұрып қалады. Қария өзінің қанша жасқа келсе де бұны өз ойына түймегенін ескеріп, «өмірден көргеннен -түйгенің көп болсын» деп жігітке бата беріпті.
Осы қария мен жігіттің әңгімесін қорыта алғанда: «Ең оңай кәсіп – өзің қалауыңмен жасаған іс екеніне тоқтам жасадым. Сол сияқты менің жоғарыда айтылған мамандықтарымның ішінен қазіргі таңда жаныма жақыны – психолог мамандығы еді, сол бойынша қызмет етудемін және қайда екенін білгілеріңіз келе ме? Ол Балқаш қаласында орналасқан «Ақбота» балабақшасында еді.

Мен педагог-психологпын, әрине кеше ғана бастадым, тәжірибем де жоқ, бірақ заман талабына сай ұрпақтарымызды ұлтшыл жан қылып, рухани және адамгершілігі мол, «сегіз қырлы – бір сырлы», сыр мінезді, білімді, тәрбиелі етіп тәрбиелеуге тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. Мен болашақта өзім таңдаған мамандықтың шебері боламын деп сенемін.

Абильдина М.М.
Педагог-психолог, «Ақбота» мектеп жасына дейінгі мекеме КМҚК,
Балқаш қаласы, Қарағанды облысы

Share.

Leave A Reply