Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
222 қаралым

«Мен — табысты адаммын» тұлғалық өсу тренингі

0

Мақсаты: Жас мамандарда педагогтың табысты ішкі позициясын қалыптастыру.
Міндеттер:
1. Педагогтардың жеке сенімділік аймағын кеңейту.
2. Айналасындағыларға өзара тиімді ықпал ететін өзінің жеке басының күшті тараптарын қабылдау.

Сабақ барысы:
І. Топтың ережесі
Сәлеметсіздер ме, менің атым…
Бүгінгі Сіздермен істеген жұмысымыз кейбір ережелерді болжайды:
Қарым-қатынаста сеніміділік орнату;
Тренингке белсенді қатысу;
Бір-біріңізді тындау;
Басқа қатысушыларға құрмет көрсете білу.

ІІ. Сәлемдесу
Құрал-жабдықтар: Есімхаттар, фломастерлер
Есімхаттарды рәсімдеу, есімхаттардың ішінде адамның бір ғана жеке қасиеті жазылған. Үстіндегі бос сызыққа өзіңіздің тренингтік атын жазу керек. Тренингке қатысушылар есіміңізді естерінде сақтағандай, өзіңіздің атынызды ерекше айтып кетуіңіз керек. Яғни өзіңізді қызықты тансыстырып кетесіз.
Бұл тренинг болғандықтан өздеріңізді емін-еркін ұстап, және де осы бөлмеде емін-еркін қозғалуларыңызға (жүрулеріңізге) болады.
Сұрақтар:
Тренинг қатысушылары туралы не білдіңіз;
Естеріңізде не қалды;
Өзіңізді қазір қалай сезінесіз.

ІІІ. «Қуанышпен бөлісу» жаттығуы
Мен Сіздердің табыстарыңыз туралы сөйлескім келеді. Өмір — үлкен қызығы мен шыжығы толы алаң. Бұл алаңда небір жанрдағы ойыншылар, түрлі кедергілер бар. Өмір кейде қызық, кейде қиын. Біреуге бақыт, біреуге реніш пен өкініш. Өмір спектакль тәрізді, кейде бір сәтсіздіктер басыңнан өтпей қоймайтын арна секілді.
Өмір сондай әр түрлі болғанмен өмірде Сіздерде табысты кезеңдер болған және де алда әлі болады мен сенімдімін. Сіздер үшін маңызды соңғы уақытта болған қол жеткізген жетістіктеріңізді естеріне түсіріңіздерші. Ол үлкен немесе кішкен болса маңызды емес. 1-2 минут ойлап алыңыздар.
Ал қазір Сіздер осында отырған адамдарға жақындап өзіңідің жетістіктеріңіз туралы хабарлау қажет. Неғұрлым көп адамға айтсаңыз жақсы. Сіз қаншалықты қуанғаныңызды тырысып көрсетіңіз. Сіздің табыстарыңызды естіген адам: «Сен үшін қуаныштымын» деп жауап беру керек.
Сұрақтар:
Өзіңіздің табыстарыңыз туралы айту оңай болды ма;
Біреу туралы жаңа бір нәрсе білдіңіз бе;
Өзіңіздің жетістіктеріңіз туралы айтқанда қандай сезімде болдыңыз.

ІV. Слайд
Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, буклеттер, қаламсаптар.

V. «Жалған қарапайымдылықсыз» жаттығу
Құрал – жабдықтар: А4 қағаз, фломастерлер.
Біз өзіміз туралы жақсы айтсақ бұл әдіс тамаша табысқа қол жеткізуге көмектеседі. Қиын жағдайларды өткеруге және қиын жұмыстарды соңына дейін жеткізуге көмектеседі. Қазір үйренгіңіз келетін немесе әзірше қолыңыздан келмейтін үш нәрсені ойлап көріңіздер. Осы үш нәрсені Сіз жасай алатыңызды елестетіп көріңіз. Мысалы: «Мен өте жақсы жүземін», «Мен сабақты қызықты өткіземін», «Мен қызықты мақалаларды жазамын» және т.б. Содан кейін осы сөз тіркестерін қағазға үлкен әріптермен жазып, қағаздың шеттеріне рамка салып қойыңыз. Бұл палакаттарды өзіңізбен бірге алып кетесіздер. Оны көрінетін жерге іліп немесе салып қойыңыз. Бұл сөздер шындыққа ұласады және жетістіктерге оңай қол жеткізесіз.

VІ. Релаксация
Құрал-жабдықтар: әуен
«Күн шуақты алаңқай …» (баяу музыка үнімен)
Көздеріңізді жұмып, 3 рет терең демалыңыздар. Сіздер Күн шуақты алаңқайда жүрсіңдер. Күннің шуағы сіздердің өн бойларыңызды жылытып, жүректеріңізді мейірімге, қуанышқа толтыруда. Айналаңыз жайқалып өскен сан алуан гүлдерге толы. Олардың жұпарын кеудеңізді кере дем алып, бойыңызға сіңіріңіз. Айналаңызда құстардың әсем сайраған дауыстары естіледі, гүлден гүлге қонған көбелектерді көруге болады. Көбелектер сіздердің, қуанышқа толы көңіл — күйлеріңізді гүлден гүлге хабарлап жүргендей. Сіздердің қуаныштарыңызды, өмірге деген талпыныстарыңызды сезген гүлдер, одан әрі жайқалып, сіздермен өз жұпарларын бөлісуде. Алаңқайдағы сан алуан гүлден әркім өзіне ұнаған, ең әдемі гүлдеріңізді таңдаңыздар. Ол гүлдің түрін, жұпар иісін (есте сақтап), жүрегіңіздің жанында сақтаңыздар. Ал енді тізеден тобыққа дейін баяу созылып, көздеріңізді ашыңыздар.
— Осы жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезінесіңдер? Көңіл — күйлеріңіз қалай?
Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріңіздер.

VІІ. Рефлексия:
Сіздерге бүгінгі өткізген тренингтен не ұнады?
Сіздерге қандай жаттығуды жасауға қиын болды?
Қазір қандай сезімдесіз?

VІІІ. Қоштасу
Ал енді қоштасамыз. Барлығымыз шеңбер құрып, қолдарыңызбен құшақтасып тұрыңыздаршы.
Бүгін өзіңізде жаңадан ашқан бір қадір – қасиет таңданыз. Назар аударыңыз, осы қадір-қасиет біздің бойымызда қалай сезіледі, осы жай-күйді сезініңіз. Осы әсем сезімді есте сақтаңыз. Бір-бірлеріңізге қараңыздаршы сіз өз ішкі күшіңізді сезесіз және қажет болған кезде осы жай-күйді сезінесіз. Тренингке қатысқандарыңызға рахмет. Осымен тренингім аяқталды.

Динара Токтамысовна Каримова,
педагог-психолог,
«Ақсу қаласының №2 бөбектер бақшасы» МКҚК
Ақсу қаласы, Павлодар облысы

Share.

Leave A Reply