Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
362 қаралым

Мен психологпын (эссе)

0

Ғалымдарымыздың зерттеуі бойынша «Психолог» мамандығы ең танымал мамандықтар қатарының бестігіне кіреді. Мен психологпын. Демек, мамандығымды мақтаныш ете аламын.

Мен- психология ғылымының құдіретіне, адамзаттың жан дүниесіне үңіліп, түсінуге, тығырыққа тіреліп, өмір жолында адасып жүргендерге көмек көрсете алатындығына басымды иемін, болашақтың кілті екендігіне сенемін.
Мектеп психологының еңбегінің өзге еңбектен айырмашылығы, ол еңбектің нәтижесі- адам. Психологке отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің болашағын табыс етеді. Сондықтан ол ұшқыр ойлы, мейірімі мол, шындық пен әділдіктің жақтаушысы, көреген болуға тиісті.
Ақын С.Торайғыров өзінің психологиялық пікірінде адамның әр түрлі қабілеті мен таланты, мінезі іштен тумайтынын, олар іс-әрекет үстінде қалыптасатыны жайлы айтады. Ол : «Балаларының жайын түсіндіріп реттеймін деуге көне қоятын қазақ па? Біреуінің баласы жүйрік, бірінікі жорға, бірінікі шабан».
Психолог- адамның сырласы, баланың қабілет, дарынын көруге, ашуға ынтызар адам. Бала көңілі сезгіш. Өмір жолын таңдауға әр баланың құқығы бар.
«Алдымда толған мақсат, толған таңдау,
Алайын мынасын ба, анасын ба?» деп дүниеге зор сеніммен қарайтын жас адамның талабы мен қиялын шарықтатып, болашағына, мамандық таңдауына жол сілтейді.
«Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек. Себебі бала көргеніне еліктегіш келеді» деген екен жазушы педагог Ж.Аймауытов.
Психолог баламен бірлесе отырып, өзін тануына, жан дүниесін басқара алуына, бала құқығына қол сұқпай тәрбиесіне басшылық жасаса нәтижеге жетері сөзсіз. ҰБТ-ға дайындауда мектеп психологтарына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Психологтар дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлқының қалыптасуына, өзіне сенімділігін арттыруына көмектесу керек.
Мұғалімнің өтініші бойынша үлгерімі төмен, мінезі қыңыр оқушымен жұмыс жүргіздім. Жұмысты бірнеше күн әңгімелесуден бастадық. Бойындағы стресті шығару мақсатында әр түрлі әдістер қолдандым. Мұғалім оқушының ашылып, сабаққа ынтасының жақсарғанын айтты. Кейіннен бұл оқушы жыр сайысына қатысты. ҰБТ- дан ойдағыдай ұпай жинады. Жұмысым сәтті аяқталды.
Мектеп психологының ата-анамен атқаратын қызметінің мақсаты- отбасындағы бала тәрбиесі жөнінде көмек беру, әр отбасында жақсы қатынас болуына ықпал ету. Осы орайда Астана қаласындағы «Отбасылық Тәрбиелеу Институтынан» алған білімімді пайдаланып , тәжірибемен ұштастырып отырамын. Институттың ұйымдастыруымен өтілетін түрлі акцияларға қатысамын.
Ақын М.Жұмабаев айтқандай: «Балалық шақта кісі жағымды әсер алмаса, өмір бойы шат көңілді болмайды». Осы сөздермен келісе отырып ең бастысы психолог мейірімді болуы керек, өйткені мейірімді істер жүрек жылытады. Олардың жағымды көңіл-күй алуына себепші болуымыз керек. Психолог балаға өмірдің қымбаттылығын жеткізетін, бақытты алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасайтын адам.
Психологтың әр жанға көрсетер өнеге үлгісі, жарқын жүзі, сергек сезімі, адамға беретін дұрыс бағыт бағдары бар. Адамның өмірге деген құштарлығын арттыратын, жан жарастығы мен жайсаңдығын жалғастыратын ісі бар. Ұжымның береке бірлігінің мықты болуына, ортаға жақсы ахуал туғызуға септігі зор.
Менің мамандығым – ерекше қайталанбас қиын да, қызық мамандық.

Қолданылған әдебиеттер
Жарықбаев Қ.Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) психологиялық пікірлері. Алматы.
Евдокимова С.Л, Цветкова Н.А. Отбасылық тәрбие. Сынып жетекшілеріне, мектеп психологтарына және мектептің басқа да мамандарына арналған әдістемелік құрал. 1,2-ші кітап. Астана, 2012.

Рыскалиев Ерлан Мамбетжанович, 
Әйтеке би ауданы, Милы орта мектебінің педагог-психологы

Share.

Leave A Reply