Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
118 қаралым

Мен және менің мамандығым

0

Молжігітова Әсел Дүйсенбіқызы 
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы М.Ломоносов атындағы орта мектебінің психологы

 

«Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген
сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай
қызмет ететін, ой- өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты
да салауатты азаматтар қажет»
Н.Ә.Назарбаев

Еліміздің жарқын болашағының кепілі- бүгінгі мектеп табалдырығын аттаған өскелең ұрпақ. Сол ұрпақты саналы, зерделі, білімді, дарынды, зияткер, бойында адами мінез-құлқы қалыптасқан көшбасшы ретінде қалыптастырып, дамытып, жетілдіретін ата-анадан кейінгі үлкен жауапкершілік педагог қызметкерлерге жүктеледі. Қазақтың дара, дана ақыны, Абай Құнанбаев: «Адамның адамшылдығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы әке, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»- деген екен. Соның ішінде мен білім беру мекемелеріндегі мектеп психологтарының оқу- тәрбие жұмысына қосатын үлесі жөнінде тоқталғанды жөн көрдім.
Мен- адаммын жақсылықтан жаралған
Жанымдағы жұртым қарап нәр алған.
Жақсы сөзбен, жақсы тілек тілегін.
Жақсы сөз де жарым ырыс, тірегің.
Жақсы сөзбен жылы – жылы сөйле сен.
Жақсы ойға толсын жаның, жүрегің.
Теріс басқан қадамды егер жөндесе.
Жақсы сөзің шығар әр кез боп басым
Күзеткенің данышпандық қақпасын!
Не көрсе де көппен көрген ұлы той.
Жеке көрген қайғы шерден сақтасын!
Жақсы адам – елдің болар ырысы,
Жақындырдың арқа сүйер тынысы.
Адам болып бұл өмірде туғанмен,
Адам болып қалу одан көп қиын.
Жақсылықпен бақытты жан атаулы,
Қамқорлықтан, адамдықтан жаралған,
Қасиетін даналықтың бойға алған,
Мен- адаммын жақсылықтан жаралған- деген өлең жолдарымен әрбір балаға берілген мейірім мен білім нәрін себетін, бағыт-бағдар беретін, қашанда ата-анадан кейінгі зор сенім ұстаздарға артылатынын айтқым келеді.
Тәнімізге қуат берер жан болар,
Ал жанда әртүрлі құбылыс бар
Адам жанын тереңінен меңгеріп,
Зерттейтін ғылым психология болар…
Адами болмыстың барлық қасиеттері осы сөзден бастау алып тұрғандай! Олай болса, баланың бойына біліммен бірге өрілетін жалпы адами қасиеттерді қалыптастыруға психологтың қосатын үлесі ұшан-теңіз, үздіксіз болуы керек. Қазіргі заман талабына сай біз, психологтар- білімді, заманауи, бойында рухани адамгершілік құндылықтары қалыптасқан, өз міндетін айқын сезіне алатын , бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін,жаңалыққа жаны құмар, әдепті, қайырымды, өз ісімізбен, сөйлеген сөзімізбен, жүріс –тұрысымызбен, өнерімізбен оқушыларды баурап алатындай дәрежеде болуымыз керек. Мектеп психологы терең ойлы, кәсіби шебер, сөзге шешен, байқампаз- көреген, үздіксіз- тынымсыз ізденімпаз, өнегелі, үлгілі және адамгершілікпен ұлтын сүйетін патриот жаршысы болуы тиіс.
Біз- мектебіміздің бетке ұстар айнасы болсақ, бізден тәлім алған жас шыбықтай өсіп келе жатқан жеткіншектердің тәрбиелі болуына «теңізге құйылған тамшыдай» үлес қосқанымыз! Бізге қарап жастар еліктейтін болса: арман-тілектердің, мақсат- міндеттердің орындалғаны емес пе?
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» демекші, өзімнің еңбек жолыма біраз тоқтала кеткенді жөн көрдім. Жоғарғы оқу орынды ойдағыдай тәмамдағаннан кейін, алғашқы еңбек жолым Шоқан Уалиханов атындағы орта мектептен басталды. Бұл кез сонау 2006 жылдың қаңтар айы еді. «Жас ұстаз», «Жас маман» атанып, жұмысқа ерекше жігермен, таудай талаппен кірісіп, білім беру теңізіне сүңгідім де кеттім.Мектепте оқып жүрген шақтарымда қандай болмасын іс- шараны ұйымдастыруда аса жауапкершілікпен, қызыға кірісетінмін. Үлгілі, озат оқушылар қатарында болдым. Бұл- маған ұстаздарымның берген мінездемесі еді. Бала кезімде қалыптасқан мінез, жігер, жоспар құру, мақсатқа жетуге аянбай еңбек ету қасиеттері маған есейген шағымда көп нәрселерді үйретті. Әрине, барлық жақсылық оңайшылықпен келмейді. Ол үшін аянбай еңбек етіп, жылдар бойы тер төгуің керек екен. Үлкен жауапкершілікті, белсенділікті талап ететін психологтық қызметім жылжып өтіп жатыр.
Жалпы мен балаларды өте жақсы көремін. Ең алдымен баланы мейірімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, елжандылыққа жетелеймін. Күнделікті жұмысқа: «Әрбір шәкірттің жан дүниесіне еніп, оларды түсініп, олқы жерлерін жөндеп, ақылымды айтып, септігімді тигізсем екен» деген мақсатпен келемін десем, артық айтпаған болар едім.
Барлық балалардың «жан досына, арқа сүйер сүйенішіне» айналуды басты қағидам деп есептеймін.
Жұмыстағы ұстанымым: «Абыройлы боламын десең, өз жұмысыңның ұстасы бол!». Өз жұмысыңның қыр-сырын жетік меңгеріп, тынбай еңбектенсең ғана көздеген мақсатыңа дөп түсіп, абыройыңның асқақтары хақ.
Мен тәрбиелеп отырған шәкірттерім болашақта білімді, жаңашыл, мейірімді, рухани- адамгершілігі мол, тәрбиелі, келешегі кемел Қазақстанға зор үлестерін қосатындарына мен сенемін! Жүрегіммен сеземін!
Елбасымыздың кезекті «Мәңгілік Ел» жолдауының орындалуына әркім титтей де болса, өз үлесімізді қосатын болсақ, нұр үстіне нұр болады емес пе!? Байлығымыз да, бақытымыз да- болашақ балалар. Ой –толғауымды келесі өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Баланың жазылып тұр көздеріңде,
Сұлу ғой жандары оның өздері де.
Сүйсінем өзіме-өзім мақтанышпен
Баланы әр қуантқан кездерімде.

Share.

Leave A Reply