Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
126 қаралым

Мен және менің мамандығым / Эссе

0

Шадманова Гүлжайна Оңғарбайқызы,

Педагог-психолог, Кенбай орта мектебі, Сағыз ауылы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысы


Мамандық таңдау- әр адамның жүрегіндегі мазасыз ойлардың соңғы түйіні деп есептеймін. Мектепті бітірер шақта менің де алдымда үлкен таңдау тұрды. Мектепті ойдағыдай аяқтадым. Музыканы жаным сүйіп, ата-анадан дарыған қабілет арқылы домбыра сыныбын да аяқтадым. Жүрегімнің түкпіріндегі мейірімділік, адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауға, үлкенді сыйлауға үйреткен асыл әжемнің тәрбиесінің арқасы.

Адам жанын тез ұғатын, жаны менің үстімдегі әжемнің тұңғыш немересі едім. Сырмақ сырған, кесте тіккен шебер жан еді. Менде асыл әжемдей болғым келді. Осындай игілікті берген тәрбиесінің арқасында 2008 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтына барып, «Педагогика және Психология» мамандығын таңдап, оқуға қабылдандым. Әрине, адам жанын түсіну оңай, жеңіл нәрсе емес екендігін түсіндім. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деген халық сөзіне сүйене отырып, әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой-өрісі бар, компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын.

Психолог мамандығын таңдау арқылы бала бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыта отырып, рухани өсіп жетілуіне ықпал жасау қажеттігін ұғындым. Психолог әр баланың ата-анасы, жанашыры, досы, ақылшысы, рухани жетекшісі екендігіне жасаған жұмыстарым арқылы көзім жетті. Әр баланың ішкі әлеміне үңілген сайын, ғажайып сырларына бойлайсың, ашылмаған әлеміне жол тауып, қуанасың, таңырқайсың.  Психологтың сөзі адам жанын қанаттандырып, өмірге қызығушылықтарын арттырып, сенімділігін оятып, өзінің бұл өмірде қажет екенін ұғынғанда жаның марқаяды. Осындай жетістік бақыт пен қуанышқа жетелейді. Адамзат игілігі үшін, таңдаған мамандығымның маңыздылығының жоғары екендігіне көзімді жеткіздім. Сондықтан да осындай мінез-құлық, жүрек, ақылдың арқасында өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе, өмірден орнын таба білсе, менде осындай асыл қасиеттер арқылы шабыттанам. Таңдаған мамандығым арқылы қолымыздан көмек сұрайтын адамның тағдырымен оның жан дүниесі тұрғанын жүрегіммен сезініп келемін.

Мәртебелі мамандық түсінгенге,

Ақ тілекпен ұсынасың жүректерге.

Ақылменен жетелейміз сенімдерге,

Іздеген үміттерге нұр себуге

-дей келе таңдаған мамандығым мақтанышым! Өйткені бұл мамандық-жеке тұлғаның өмірге құштарлығының артуына, көкірегі ояу, көзі ашық, білімді де білікті болып қалыптасуына үлкен көмегі бар, жақсы өмір сүрулеріне, сүйіспеншілікпен рухани азық беретін, жылағанды жұбататын, рухани биіктік мамандығы. Осындай мәртебелі мамандық иесі екендігіме ізгі ниетіммен қуаныштымын және мақтанамын.

Share.

Leave A Reply