Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
304 қаралым

Мен және менің мамандығым (эссе)

0

Бескекилова Динара Мырзаханқызы 

Алматы қ. Әуезов ауданы, №104 жалпы білім беретін мектептің психологы

«Армансыз адам- қанатсыз құспен тең»- дегендей, әр баланың алдына қойған мақсаты, арманы болады. Сол арман оқушы таңдаған мамандық, оқу орны. Мамандығын дұрыс таңдай білген адам, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білуі керек. Мамандық – жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып, еңбектің рахатын көре білуі керек. Міне, сондай кезеңде қол ұшын берер ата- анадан кейін екінші адам психолог.

Қазіргі ХХІ ғасыр өркендеген заманда қым – қуыт тіршілік пен техникасы дамыған елде өзгерістер көп. Ал, осындай заманда қай кезеңге де психолог мамандығы қажет.
Жаңа ғасырда көпшіліктің назарын адаммен бірге түрлі ғылым салалары да қызықтыруда. Осындайда адамның ішкі психикалық әлемі және рухани дамуы жайлы ғылым – психологияның ерекше рөл атқаратыны белгілі. Міне, сондықтан да керек қажетті, «Психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтар қатарының бестігіне кірді.
Ата – баба дәстүрінен бастау алған жан жарастығы мен жайсаңдығын әрі қарай жалғастыру, жас ұрпақ санасына қалыптастыру үшін ар ғылымы мен ішкі жан сыры іліміне ерекше көңіл бөлінуі керек. Мектеп ұжымдарының зор табыстарға жетіп, береке бірліктерінің мықты болуына, оқушыларының сапалы білім алып, саналы тәрбиеде болуына психологтардың ықпалы өте зор.
Мен бұл мамандықты неге таңдадым? Менің басты бағытым — өмірге еш өшпенділіксіз, қорқынышсыз қарауды балалардың санасына жеткізу. Балаларды алға ұмтылдыруға, болашақта ғажайып нәрселердің бар екендігін, жақсы өмірдің кілтін аша алатындарына сендіру! Оларға бірінші шыдам, ал ең бастысы үміт керек екенін түсіндіру. Сөйтіп мен көптеген адамдарға, біздің балаларымызға тек қана физиологиялық емес, сол сияқты психологиялық көмектің қажет екенін түсіне бастадым.
Мен оқушылардың, балалардың күнделікті өмірден бір сәтке болса да тысқары сезініп, өздерін жаңа қырынан танып, жақсы жағынан көрсете алуларын айтып, өмірдің әр сәтін тек жақсылыққа, артынан өкінбейтін жақсы істер жасауына, жастық шақтарын босқа өткізбей, өмірден дұрыс жол таңдап, тек қана алға ұмтылуларын қалаймын. Бала көңіл – күйіндегі ретсіздік, сәйкессіздікке тек қана өзін немесе өзінің жанындағы адамды кінәламай керісінше айналасындағы адамдармен көңіл- күйін, ішкі сезімін, жан – дүниесімен бөлісіп, сол адамдардан қолдау тапқанына көмек бергім келеді. Мен психолог мамандығын адам жанына дем беретін, қысылғанда демеу болатын жақсы көмекші деп білемін.
Бұл мамандық қазір қоғамда ерекше сұранысқа ие. Өйткені әртүрлі адамдардың әр түрлі іс – әрекеттері, қиыншылықтары оларды тығырыққа тіреп жатыр. Ал солардың тұңғиыққа түсіп кетпей, керісінше өмірге қайта көзқарасын өзгертіп, болашағына жол салып, жақсы жолға бейімделуіне барынша көмек көрсету менің, психологтың басты міндеті.

Share.

Leave A Reply