Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
169 қаралым

Мен баламмен бақыттымын

0

Мақсаты: Ата-анаға бала тәрбиесіндегі қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруде ағартушылық жұмыстар жүргізу.
Міндеттері:
— Жаттығулар мен ойындар арқылы ата-аналарға балаларының ішкі жан дүниесіне үңілуге мүмкіндік беру, өз перзентін терең тануға тәрбиелеу;
— Тапсырмаларды орындату, видеоролик көрсету арқылы отбасындағы қарым-қатынастың маңыздылығына көз жеткізу, кемшіліктерді жоюға мотивацияландыру, отбасындағы түсініспеушіліктің алдын алу.

Құрметті ата-аналар мен оқушылар! «Мен баламмен бақыттымын» тақырыбындағы тренингке қош келдіңіздер!

Сәлемдесу.
Ата-аналар мен олардың балаларына қағазға жазылған түрлі жақсы қасиеттер ұсынылады. Солардың ішінен ата-аналар балаларына, балалар ата-аналарына есім таңдап, неліктен сол есімді таңдағанын түсіндіріп береді.

Аңыз әңгіме.
Бір күні пердеде кішкене шығатын орын пайда болды. Өтіп бара жатқан адам бірнеше сағат көбелектің пердеден шығуын бақылады.
Көп уақыт өтті, көбелектің пердеден шығатын күші біткен сияқты. Ол қанша тырысса да, басқаға күші қалмаған.
Адам көбелекке көмектескісі келді: ол қайшы алып пердені қиды. Көбелек сол сәтте далаға шықты. Бірақ оның қанаттары дамымаған, әрең қозғалады. Денесінде күш те жоқ. Адам оның қанаты қатайып ұшып кетеді деп ойлап, бақылап тұрды. Себебі, адам көбелекке көмектесейін деген еді. Көбелек кішкене тесікті өзі жарып шықса, оның денесіндегі сұйық қанатына беріліп, ұшып кетер еді.
Өмір көбелекті өз пердесін әрең тастап кетуге үйреткен, сонда ғана ол өзі өсіп, дами алады. Көбелек адамға риза болу керек сияқты еді, бірақ бұл солай ма еді?
Осы ертегіден қандай ой түйдіңіздер?
Түйін:
Біз, ата-аналар балаға өмірде өз күштері керек екенін түсінбейміз. Егер өмірде қиындықтарсыз өмір сүрсек, біздің қолымыздан ештеңе келмес еді. Біз қазіргідей күшті болмас едік. Біз ешқашан “ұша алмас” едік.

«Қытай» балеті. Бейнебаян көрсету
Міне, осы өнер туындысынан жарымжан адамдардың өмірдегі кемшіліктерінің орнын өзі ұнататын істерімен толықтырып, алға ұмтылып, асыл армандарға қол жеткізгенінен сабақ алсаңыздар деймін. Зейнолла Шүкіров деген ақын ағамыз кішкене күнінде түйеден құлап, өмір бойы жүре алмаса да, көп оқып, өмірге жақсы көзқараспен қарап, бар күшін қаламға арнап, үлкен ақын атанды. Ендеше, біз де алдағы өмірден тек жақсылық күтейік, денсаулық тілейік, осы күнге шүкіршілік ете білейік.

«Үміт еткен көзімнің нұры балам» жаттығуы
Ардақты ата-аналар!
Қазір «Үміт еткен көздеріңіздің нұры» санайтын балаларыңыздың көз жанары бейнесін көрсетемін. Әр ата-ана өздерінің балаларының көздерін табу.
(экранда балалардың тек қана көздері беріледі).

Ой қозғау
Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе?
Мектептен оралғанда көңіл-күйіне мән бересіз бе?
Аяқталмаған сөйлем
Егер баланы үнемі сынап отырса, …
(оның оқуға құлқы болмайды).
Егер балаға үнемі күлсе, …
(ол бұйығы болып кетеді)
Егер баланы үнемі мақтап отырса, …
(ол өз қадірі үшін оқиды)
Егер бала төзімділікте өссе, …
(ол басқаларды түсінуге тырысады)
Егер бала адалдықта өссе, …
(ол адал болып жетеді).
Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, …
(ол адамдарға сеніммен қарайды)
Егер бала кекшілдікте өссе, …
(ол қатыгез болып өседі)
Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, …
(ол әлемнен махаббат табуды үйренеді

Бейнебаян: «Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы аналары балаларын тауып алулары керек.
Талдау:
1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

«Өтінемін» ойыны. 
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады.
Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
Рахмет, өтінемін, т.б.
Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
Секіріңдер
Оң аяқтарыңды көтеріңдер
Өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
Өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.
Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
«Менің анамның үні» жаттығуы
Баланың көзі байланып, аналар кезекпен оның есімін атап шақыруы керек. Баласы анасын дауысы арқылы табу керек.

Қорытынды
Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік!

Төкеш Жаңагүл Әжігерейқызы
Атырау облысы Қызылқоға ауданы
Тасшағыл селосы Тасшағыл орта мектебінің психологы

Share.

Leave A Reply