Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
528 қаралым

«Менің отбасым» ата-аналарға арналған тренингі

0

Мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ерекшеліктерін зерттеп, тәрбиелеуде қолданатын әдіс-тәсілдерін, мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі бірлескен іс-әрекетінің ерекшеліктерін анықтап, 5-сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері туралы кеңес беру.
Міндеттері:
Тәрбие мақсатына жету үшін сәйкесті икемдерге ие болу.
Ал ата-ананың баласын қолдап, көңіл бөлуі оның қоршаған ортада дұрыс бейімделіп, әлеуметтенуіне жағдай жасау.
Қоршаған ортаның жаман және жақсы жақтарын да ата-анасы ашып, түсіндіру.
Ата-ананың психологиялық, педагогикалық білімдерінің бала тәрбиесіне деген маңыздылығын түсіндіру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгіме, сауалнама, тренингтік жаттығулар, кеңес беру.

Психологиялық тренинг бағдарламасы:

р/с Жұмыс кезеңдері Мазмұны
1 «Менің отбасым» Тренинг тақырыбымен таныстыру
2 Тренинг ережесі, мақсаты Таныстыру
3 1-жаттығу: «Таныстыру» Жаттығу
4 2-жаттығу: «Тыныштық сәті» Тыныштық сәті
5 3-жаттығу ”Біз қандай ата-анамыз?” Сауалнама
6 4-жаттығу: Жағдаятты шешу Психологиялық түзету
7 5-жаттығу: «Мүсін» Коррекция
8 Ата-аналардың міндетімен таныстыру  Кеңес беру
9 Кері байланыс «Шындықты айтсақ…» Тренингтен алған әсерлерімен ой бөлісу сәті

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен «Менің отбасым» атты тренинг өткелі отырмыз. Алғашқы қоңыраудың сылдыры біреулерге шаттық үніндей естілсе, енді біреулер үшін жаңа ортаға бейімделу қорқынышын шақыратын дабылдай болып естілетіні әбден мүмкін. Баланың психикасын сақтау үшін оның денсаулығына жастайынан үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Мектептегі оқу жүктемесінің мөлшерден тыс болуының өзі бала психикасына көп әсер етеді. Әрине, мұндай жағдайда баланың жас ерекшелігіне баса назар аударған орынды. Балада кіші мектеп жасынан орта мектеп жасына өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сыныпта оқушы тек бір ғана мұғалімге, бір кабинетке, тұрақты қалыпқа үйренген. Ал ол орта сыныпқа келген кезінде балаға бірнеше мұғалімдер сабақ береді, сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастармен, жаңа мұғалімдермен қарым-қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді.

Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады, бастауышпен салыстырғанда сабақ оқуы нашарлайды, сыныптастармен, мұғалімдермен қарым-қатынаста қиындық сезеді. Яғни баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін, оқушылардың білімге деген қызығушылығын ояту, оларға жаңа сыныптастармен, мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға көмектесу қажет.

Ол үшін төмендегі шарттарды ескеру қажет деп ойлаймын:
— 10-11 жастағы балалардың жеткіншектік даму кезеңіне түскенін;
— оқушылардың оқуға, танымдық дамуға, қарым-қатынастың дамуындағы психологиялық даму деңгейінің жоғарылауына көмек, қолдау көрсету.
Тренингтік топ ережесі:
Қарым-қатынастың сенімділік стилін қалыптастыру;
Ой-пікірлерді еркін айту;
Қарым-қатынаста шынайы болу;
Топта болып жатқан барлық оқиғалардың құпиялылығын сақтау;
Адамның тікелей бағалануына жол бермеу;
Болып жатқан оқиғаға белсенді қатысу;
Сөйлеп тұрған адамды сыйлау, сөзін бөлмеу;

2-жаттығу «Таныстыру»
Нұсқау: Өзіңіздің есіміңізді айта отырып, бір жақсы қасиетіңізді айтасыз. Мысалы: Менің атым – Надира, мен талапшылмын.

3-жаттығу: «Тыныштық сәті»
3-4 рет терең тыныстай, жайлап көздеріңізді жұмыңыз. Күн сәулесі Сіздің басыңыздан өтіп кеуде тұсыңызды шолды деп елестетіңіз. Кеудеңіздің орта тұсында гүл шоғы бар деп ойлаңыз. Нұр сәулелерінің көмегімен гүл шоғы жапырақтарын жая бастайды. Сіздің жүрегіңіздегі әр ойыңыз, сезіміңіз, эмоцияңыз және талап-тілегіңізбен ұласа, таза, жаңа ғажайып гүл гүлденуде.

Бойыңыздағы нұр біртіндеп бүкіл денеңізді жайлап бара жатқанын елестетіңіз. Ол қуаттырақ және айқынырақ болып барады. Ойша нұрды төмен қарай қолыңызға жіберіңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленуде. Нұр төмендеп аяғыңызға қарай жылжуда. Аяқтарыңыз да нұрға шомылуда. Аяқтарыңыз Сізді жақсы қадамдар жасап, ізгілікті істер жасайтын орындарға апарады. Олар нұр мен сүйіспеншілік құралдарына айналуда.

Содан соң нұр Сіздің аузыңыз бен тіліңізге көтерілді. Тіліңіз тек қана жылы сөздер мен шындықты айтатын болады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз. Құлақтарыңыз тек қана жақсы сөздер мен керемет дыбыстарды еститін болады. Нұр көздеріңізге жетеді. Олар жақсыға ғана қарап, бәр нәрсенің тек жақсылығын көретін болады. Басыңыз нұрға бөленуде, онда тек мейірімді, жарқын ойлар.

Нұр бұрынғыдан да жіті, айқынырақ болып, кеңейтілген шеңберлер арқылы тарай, Сіздің денеңіздің сыртына шыға бастайды. Нұрды өзіңіздің ата-аналарыңызға, жақындарыңызға, ұстаздарыңызға, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Уақытша дау-дамайлық күйде жүрген адамдарыңызға да жіберіңіз. Нұр олардың жүректеріне де өз сәулесін шашсын. Бұл нұр бүкіл әлемге жайылсын: барлық адамдарға, жан-жанураларға, өсімдіктерге, барлық тіршілік иелеріне, бәріне-бәріне… Нұрды Ғаламның бүкіл бұрыш-бұрыштарына жіберіңіз. Ойша: «Мен Нұрдамын… Нұр менің жан-дүниемде… Менің өзім Нұрмын» деңіз. Сіз кішкене Нұр, Сүйіспеншілік және Тыныштықта бола тұрыңыз…

Енді осы Нұрды қайтадан өзіңіздің жүрегіңізге салып қойыңыз. Нұрға бөленген бүкіл Ғалам Сіздің жүрегіңізде. Оны осы бір керемет, ғажайып күйінде сақтаңыз. 3-4 рет тыныстай, жайлап көзіңізді ашыңыз. Рахмет!

4-жаттығу «Біз қандай ата-анамыз?» сауалнамасы

Балалар тәрбиесi туралы газет-журанал беттерiнде жарияланған мақалаларды немесе радио, теледидар хабарларын жүйелi оқып, тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптағы кiтаптарды оқисыз ба?
Балаңыз бiр оғаш нәрсе iстеп қойды делiк. Сiз мұндай жағдайдан өз тәрбиеңiздiң нәтижесi екендiгi жөнiнде ойланып көрдiңiз бе?

Балалар тәбиесiнде қасыңыздағы қосағыңыздың пiкiрiмен үнемi ақылдасып отырасыз ба?
Егер балаңыз сiзге жәрдем берсе, сол кезде оның өз жұмысы бұдан кедергiге ұшырап немесе мүлде тоқтап қалса да қабылдар ма едiңiз?

Бұйыру немесе тыйым салу сияқты шараларды сiз тек қажет кезiнде ғана қолданасыз ба?
Жүйелiк, реттiлiк – педагогикалық маңызды принциптердiң бiрi деп санайсыз ба?
Спорт пен денешынықтыру баланың жан-жақты, үйлесiмдi дамуына маңызы зор екенiн ескерiп отырасыз ба?

Сiз баладан бiр нәсенi орындау жөнiнде талап тұрғысынан емес, өтiнiп сұрап көрдiңiз бе?
“Менiң уақытым жоқ”, немесе “Тоқтай тұр, әуелi жұмысымды бiтiрiп алайын” – деген тәрiздi сылтаулармен балаңыздан “құтылуға тырысу” сiзге ыңғайсыздық туғызбай ма?

Жауабы:
Әрбiр мақұлдау жауаптарыңыз – 2 ұпай
Ал кейде орындалатын болса – 1 ұпай
Қарсы болсаңыз – 0 ұпай
6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесi туралы түсiнiгiңiз кемiскi екендiгiн дәлелдейдi. “Ештен кеш жақсы” деген ғой. Сiз бұл мақалға көп иек етiп отыра бермей, жеткiншектер тәрбиесi төңiрегiнде өз бiлiмiңiздi жетiлдiре түсуге асыққаныңыз абзал.
7-14 ұпайға дейiн жинасаңыз, сiз бала тәрбиесiнде әрине үлкен қателiк жасап жүрген жоқсыз, әйтпесе де осы бағыттағы iс-әрекетiңiз жөнiнде тереңiрек ойланып көрiңiз. Ал тiптi былай iстеуге де болады, алдағы жексенбiнiң бiрiн балаңызбен көңiлдi демалуға арнаңыз. Бұл күн балаңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартуда алғы қадамы болмақ және балаңыз бұған шексiз риза болатынына күмән жоқ.
15 ұпайдан жоғары жинасаңыз сiз өзiңiздiң ата-аналық мiндетiңiздi орынды атқарып келесiз. Бала тәрбиелеуде сiз басқа да ата-аналармен, өз тәжiрибеңiзбен бөлiсiп ақыл-кеңес бере аласыз.

5-жаттығу: «Жағдаятты шешу» психологиялық түзету
Қазiр сiздердiң алдарыңызңа бiрнеше жағдаяттар үлестiлiдедi. Бұл жағдаяттарға сiздер жұптаса отырып, жауап бересiздер. Мәселен, үш-үштен отыруға болады. Дайындықа 3 мин уақыт берiледi.

Жағдаяттар:
Қызы көптен берi алғысы келiп жүрген аяқ киiмдi шешесiмен сатып алуға дүкенге бару керек. Бiрақ қызы үйге белгiленген уақытта оралуды ұмытты.
Кiлтi: Маған өте ыңғайсыз. Мен сенiмен дүкенге барып аяқ-киiм сатып алу үшiн жұмыстан ертерек сұранып, асықтым. Ал сен келген де жоқсың.
Қонақтар келгенге дейiн дастархан жаю үшiн қызы оны үтiктеп қоямын деп уәде бердi. Ол күнi бойы түк бiтiрмедi. Ал қонақтардың келуiне бiр сағат уақыт қалды. Қызы болса жұмысты бастайын деп те ойламайды.
Кiлтi: Мен шаршадым. Күнi бойы қонақтар келгенге дейiн барлығын үлгерейiн деп, жұмыс iстедiм. Ал сен болсаң дастарханды үтiктеудiң керек /айқайламай жайлап айту керек/.
Бала теледидар көрiп, оны бар дауысын қояды. Теледидардың дауысы сонша, көршi бөлмеде әңгiмелесiп отырған ата-анасына бөгет жасады.
Кiлтi: Мен өз-өзiмдi жайсыз сезiнiп тұрмын. Маған сенiң әкеңмен сөйлесу керек. Ал бұл шу бiздi есiмiзден айырғалы тұр.
Әкесi газет оқығысы келдi, бiрақ баласы оның тiзесiне мiнiп бөгет жасады. Әкесi шамырқануда. /ызалануда/
Кiлтi: Мен бiр уақытта газет оқып, бiр уақытта ойнай алмаймын. Мен жұмыстан келе, бiраз оңашаланып газет оқып алайын. Осы кезде сен де бiр жаңалық оқып ал. Сонан соң екеуiмiз ойнаймыз. Келiстiк пе?
Бала дастархан басына бетi-қолын жумай кiр-қожалақ қалпында жетiп келдi.
Кiлтi: Сен әлi күнге дейiн есеймегенсiң бе? Бұлай тек қана кiшкентай балалар ғана жасайды.
Бала күнi бойы көңiл-күйi болмай, мұңайып, ренжiп жүр.
Кiлтi: Берi кел, ренжуiңді қой! Сен бүгiн тым бiр түрлiсiң …
/жағдаяттар талқыланып болған соң/
Рахмет! Сiздерге берiлген жағдаяттарды дұрыс шештiңiздер. Қорытындылай келегенде, балаға ұрыспай, дұрыс түсiндiру керек. Қандай жағдаят болса да қойылған сұраққа жауап бiлмесеңiзер, бейнетаспадағы жағдаят секiлдi ұялмай шынын айту керек.

6-жаттығу «Мүсін»
Нұсқау: Ақ парақтан балаңыздың мүсінін қырқып жасай отырып, балаңызды қалай еркелететініңізді еске түсіріңіз. Сол сөздерді айта отырып, мүсінді жасаңыз.
— Енді балаңызға ренжіген кезде айтатын сөздерді еске түсіріңіз. Сол сөздерді айта отырып мүсініңіздің бір мүшесін жыртыңыз. Жырталасыз ба?
Қорытынды: Балаңызға айтылған әр реніш сөздеріңіз балаңыздың бір мүшесін жұлып алғанмен тең. Егер балаңызға шектен тыс көп ұрсып, ауыр сөз айтсаңыз балаңыз өзіне сенімсіз, жалтақ болады.

7. Ата-ананың мiндетi:
Бала тағдырына жауаптылықпен қарап, оның дамуына жағдай жасау.
Отбасы психологы, педагогы және дәрiгерi бола бiлу. Ол үшiн мектептегi сабақтарға қатысып, қажеттi әдебиеттердi оқу. Отбасында ең бастысы — бұл бiр-бiрiне сыйластықпен қарап, ортақ қызығушылықтары мен iстерiнiң болуы, шыдамдылық пен әрқайсысының қорғалған және оның жеке басының құндылығының болуы.
Тәрбиемен кездейсоқ жағдайда ғана емес, үнемi айналысу.
Баланы тәрбиелеудi өзiңнен бастау. Тәрбие – жеке өнеге оқыту емес, бұл- отбасының бар тыныс — тiршiлiк әрекетi.
Баланы сүю және оған деген сүйiспеншiлiктердi жылы сөзбен, ыстық мейiрiммен жеткiзу.
Баламен қатарлас бiр деңгейде сөйлесу. Балалар өз- өзiне ешқашан кiшкентай болып көрiнбейдi, олар өзiн үнемi үлкен ретiнде сезiнедi. Балаларда өзiндiк әрекеттi тәрбиелеу.
Егер де өз принциптерi мен ұғымдары болмаса, балаға жақындамау керек. Бағыттау, кеңес беру, бiрақ бала пiкiрiмен санасу.

8-жаттығу. «Шындықты айтсақ …»
Әрбір сабақтың соңғы процедураларының бірі сауалнама болып табылады. Сізге сауалнамада берілген сөйлемдерді аяқтау және сол арқылы өз қатынасыңызды көрсету қажет. Барынша ашық болыңыз, себебі, сіздің пікіріңіз жүргізушінің жұмысқа жақсырақ дайындалуына, оқып-үйренуді сіз үшін және жалпы алғанда топ үшін пайдалырақ етуге көмектеседі.
Шындықты айтсақ…
Сабақтың мерзімі ____________
Менің тренингтік атым _______________
Сабақ уақытында менің түсінігенім ………………………………………………………………………………………………………………
Мен үшін ең пайдалы болғаны ………………………………………… …………………………………………………………………………
Мен, егер …………………………………………………………………………………………………………..әлдеқайда ашық болар едім.
Сабақтағы өзімнің негізгі қателерім деп мен …………………………………………………………………………………санаймын.
Маған ………………………………………………………. ………………………………………………………………………………….. ұнамады.
Маған …………………………………………………………………………………………… жұмыс істегені бәрінен де көбірек ұнады.
Келесі сабақта мен ……………………………………………………………………………………………………………………… қалар едім.
Жүргізушінің орнында болсам, мен ……………………………………………………………………………………………………………..

Даутова Надира Ержанқызы
№10 Күреңбел орта мектебінің ІІ-санатты психологы
Жуалы ауданы Жамбыл облысы

Share.

Leave A Reply