Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
81 қаралым

Менің кәсіби таңдауым дұрыс па әлде бұрыс па?

0

Кенжеғалиева Жазира Әбдібайқызы,
Педагог-психолог, Сейдалы Оразалин ат. орта мектебі, Аралтоғай селосы, Әйтеке би ауданы, Ақтөбе облысы

Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту,мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған үлестірме, плакат, слайд көрсету.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
— Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Менің кәсіби таңдауым, дұрыс па әлде бұрыс па?» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыз және өздеріңіз білетіндей 10-сыныпта бағдарлы оқыту сыныбына көшесіз. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл — кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін. Оқу ісінің меңгерушісі: Гүлдана Талғатқызы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Сайра Сәрсенғалиқызы мен Гүлсезім Айтқалиқызы. Дене шынықтыру мұғалімі: Алмат Абылайұлы. Сонымен қатар мектебіміздің аға тәлімгері: Айдана Саматқызы.

1. «Танысу» жаттығуы.
Мақсаты: Сәлемдесу, танысу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру. Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығуды бастаған бірінші қатысушыесімін айтады және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен бастаса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу керек.

2. Ойланайық, пікірлесейік
1. Ата-аналардың сендер жақсы мамандық таңдау үшін, өздеріне қандай мақсат қоюы мүмкін?
2. Маман иесі дегенді қалай түсінесің?
3. Сен тұратын аймаққа қандай маман қажет деп ойлайсыңдар?

3. «Ең, ең, ең…» ойыны
— Қазір сендерге мамандықтың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемелерге сәйкес келетін мамандық таңдайсыңдар.
Ең жасыл – эколог, географ, бақташы
Ең тәтті – аспаз, кондитер
Ең қаржылы – банк қызметкері, экономист
Ең күлкілі – клоун
Ең жауапты – сот, ұшқыш
Ең салмақты – мұғалім, заңгер

4. «Эмоция» жаттығуы
Шаршадым «уһ» дедім,
Ренжідім «Туқ» дедеім
Қорықтым «Ой» дедім
Өкіндім « Аһ» дедеім
Шарасыз «Ех» дедім
Таңырқап «О» дедім
Кейідім «И» дедеім
Біліп ап «Е» дедім
Қуанып «Ха-ха-ха» дедім

5. «Мамандықты тап» ойыны
Қатысушылар үлестірмелерде жазылған мамандық таратады,ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Хатшы, мұғалім, дәрігер, құрылысшы, тіс дәрігері, ұшқыш т.б.

6. «Кім көп біледі?»

Шарты кез-келген оқушыға мамандық атап, допты лақтырып, қағып алған оқушы жаңағы айтылған мамандықты соңғы әрпінен басталатын кәсіпті айтады. Мысалы: мұғалім-механик.

7. Мектеп бітіруші 11-сыныпқа сұрақ. Әңгімелесу
1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Қандай мамандық таңдайсың?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?

8. «Әріпті мамандық» ойыны. Оқушыларға бір әріптен беріледі. Сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп айту керек. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын айту керек. Мыс: А,К,М,Х
Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды.
Сұрақтар:
1. Өз мамандығыңның шебері болу үшін, өзін қалай дайындау керек?
2. Қандай мамандық таңдауға кеңес бересіздер?
3. Таңдаған мамандығыңыздың қиыншылығы бар ма?
Қорытынды. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып, арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Келесі кездескенше, сау тұрыңыздар.

Share.

Leave A Reply