Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
1 614 қаралым

Мектеп мұғалімдеріне арналған психологиялық тренинг

0

Мамешова Зульфия Жапашовна,

Педагог-психолог, № 63 негізгі орта мектебі, Шымкент қаласы

Жақсы көңіл-күй -жан азығы

Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен  қарау, стрестен арылту, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Ұйымдастыру:

Психолог: Құрметті ұстаздар! Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезітмал жүрекпен адал еңбек ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат – айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның даму көзқарасын анықтау.

«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті- бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың бойына  білім мен ізгілік нұрын себуші- ұстаздардың қолында. Тек жоғарғы сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»- деп Елбасы атап көрсеткен болатын. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап еңбек етіп жүрген мамандарға, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға, стрестен арылуға арналған «Жақсы көңіл- күй – жан азығы» психологиялық тренингке сіздерді ұйымшылдықпен қатысуға шақырамыз. Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

Қажетті құрал-жабдықтар: Музыкалық аппаратты баяу әуенді диск, табиғат көріністерін бейнелейтін сурет, қағаз бен қалам, үлестірмелі тапсырмалар және слайд.

1. Амандасу «Ерке есім» жаттығуы

Мақсаты: Мұғалімдер өз есімдерін бір-біріне еркелетіп таныстырады.

2. Психогеометриялық тест

Мақсаты: Жеке тұлғаны анықтауға арналған ең ыңғайлы жүйенің бірі. Мұғалімдерге 5-түрлі фигуралар ұсынылып, біреуін таңдатады. Ол арқылы әр адамның жеке мінезін, қабілетін, ерекшелігін анықтауға болады.

3. «Жақсы қасиеттерін тап»

Мақсаты: Мұғалімдер бір-бірінің жақсы қасиеттерін жазып, табу.

Барысы: Мұғалімдердің есімдері жазылған парақшалар мұғалімдерге таратып беріледі. Кімге қай мұғалімнің аты түссе  сол параққа сол мұғалімдердің жақсы қасиеттерін жазып айтады. Ал басқалар кімді айтқанан табу керек.

4. Сергіту сәті

Барысы: Мұғалімдерге көңілді би қимылдары әуені қойылады

5. Психологиялық жаттығулар

1) «Дос-досымен» жаттығуы

Мақсаты: Мұғалімдердің бір-бірімен қарым-қатынастарын нығайту.

Уақыты-15минут

Барысы: Топ ішіндегілер бір-бірімен араласып жүреді. Жүргізуші:

«Дос-досымен» дегенде ойыншылар досын ұстап екеу болып тұрады. Жүргізуші тағыда «шаш-шашымен» дегенде шаштарын тигізеді; арқа-арқамен дегенде арқаларын тақайды; т.с.с. бет-бетімен; қол-қолымен; саусақ-саусақпен; табан-табанмен; бас-басымен; тізе-тіземен; иық-иықпен; деген сияқты бірнеше сөздер айтылса, соларды орындау керек. Жүргізуші арасында бірнеше рет «дос-досымен» дегенде қатысушылар басқа досты таңдап достасады. Достасып қойған достар қайтадан достасып қалса, ойыннан шығады.

2) «Ха» дем шығару жаттығуы

Мақсаты: Мұғалімдердің эмоциялық күйін, жұмысқа деген қабілеті және дем шығаруын  жақсартады.

Барысы: Денеңізді бос ұстап тұрыңыз. Екі аяғыңыз екі егіздің деңгейіне сәйкес келуі керек. Қолыңыз денеңізді бойлап, төмен тұрады, деміңізді жайлап ішке қарай тарта бастайсыз. Деміңізді тартқан сайын көтере беріңіз. Төбеңізге қолыңыз жеткен кезде,деміңізді бір сәт ұстайсыз да алға қарай денеңізбен еңкейіп, қолыңызды салбырата отырып, «Ха» деп дем шығарасыз. Бұл жаттығу 2-3 рет қайталанады. «Ха-Ха-Ха» деп

3) «Сілку» жаттығуы

Мақсаты:Адам бойындағы жағымсыз ойлардан жеңіл жолмен қалпына келтіреді.

Барысы: Бұл жаттығу сізді қарапайым және жеңіл жолмен қалпыңызға келтіреді және бойыңыздағы жағымсыз ойлардан арылтады. Айналаңызда кеңістік қалатындай етіп еркін тұрыңыз. Екі қолыңыздан бастап, сілки

бастаңыз, енді шынтағыңызды екі иығыңызды сілкіңіз. Енді еңкейіп, екі аяғыңыздан бастап екі қолыңызды сілкіңіз. Суда жүзіп жүрген қаздың үстінен түскен судай сіздің бойыңыздағы жағымсыз энергиялар түсіп қалады. Бетіңіздіде сілкіңіз жақсы болады. Енді міне менің бойымдағы ауыртпалықтардың барлығы бойымнан шығып кетті деп елестетіңіз.

4) «Сеніп құлау»

Мақсаты: Сенімділікті және топтың тұтастығын арттырады.

Барысы: Жаттығу топ ішінде жасалынады. Бір адам құлайды,қалғандары тосып қалады.Құлаған адам өзін еркін ұстай отырып, екі көзін жұмып, артқа шалқая құлайды, қалғандары оны ұстап тосып қалады. Жаттығу ары қарай қүрделене береді. Енді қалғандары орындықтан үстелден құлайды. Жаттығу аяқталғаннан кейін, алған әсерлеріңізді бөлісіңіздер.

5) «Ну ормандағы жаңбыр»

Мақсаты: Мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау. Иық, мойын омыртқаларындағы бұлшықет түйсінуінен арылту, босаңсыту.

Психолог: Қанекей бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын.Міне, кішкене жел тұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталады, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз) Міне нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз) Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Сезінеміз.

Талдау: Сіздер қандай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Жағымды болды ма? Әлде тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма? Өз сезім-күйлеріңізбен бөлісіңіздер.

6. «Еңбек ағашы»

Барысы: Мұғалімдерге 3-түрлі қағаз қиындылары таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларын жазып, әр қайсысын өз орнына іледі.

1. Бұталарға- Мұғалім қандай болу керек?

2. Жапырақтарға- Мұғалімнің түпкі мақсат, мұраты

3. Гүлдерге- Мұғалімнің еңбегінің нәтижесі

4. Жемістеріне- Шәкірт қандай болу керек? деген мақсатпен ілінуі керек. Мұғалімдер «Еңбек ағашын» құрастырып шықты. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі осы деп назарларын тақтаға аудардық. Қатысушыларға алғыс сөз айтылады.

7. Кері байланыс.

Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Талдау:

Күннің суреті – тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.

Бұлттың суреті – алған әсері төмен.

Жаңбырдың суреті – ешқандай әсер алмаған.

Жасыл шөптер – көңілді, жақсы әсер алғаны.

Share.

Leave A Reply