Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
238 қаралым

Медициналық ұжымдағы қақтығыстар және оларды шешу жолдары

0

Утюгулова Назира Сагындыковна
Ақтөбе медициналық колледжінің психология негіздері пәнінің оқытушысы

Емдеу мекемесінде даулар, жанжалдар кездесіп тұрады. Олардың (барлық даулар сияқты) объективті және субъективті болуы мүмкін. Объективті даулардың емдеу мекемесіндегі реалды (анық) қанағаттанарлықсыз жағдайларға байланысты болып келіп, көп не аз жеңілдікпен жойылуы ықтимал. Эмоционалды кернеуді алып тастаумен сабақтас субъективті даулар қиынырақ шешіледі. Олардың шешімін кейінге қалдырып, үшінші тұлғаны мәмілеге тартқан немесе жанжалдасушы тұсты проблеманың түкке тұрғысыздығына иландыру қажет. Бойларында тұлғалық сәйкессіздік дамитын науқастарды палатаға дұрыс орналастырмаған кезде даулардың болуы мүмкін. Сондай-ақ жанжал науқастардың немесе олардың туыстарының «дауға жақын тұлғалар” деп аталатын-истериялық қасиеттері, асоциалды агрессивті мінез-құлқы бар адамдармен қатынаста орын алады. Даулар топ мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қатынаста туындауы мүмкін шешімі қиын жағдай.
Әрбір дәрігер, мейірбике немесе басқа бір медицина қызметкері жұмыс орнындағы өз борыштарын біле отыра, тек науқастармен ғана емес, өзара жақсы қарым-қатынаста болуы, бір-бірлерін құрмет етіп, сыйлауы керек. Әсіресе бір медициналық орталықта жұмыс істейтін дәрігерлер, мейірбикелер өзара одақтас болуы қажет. Егер медицина қызметкерлері бір-бірлерін құрметтемесе, түсінуге тырыспаса олардың арасында өзара келіспеушіліктердің шығуы мүмкін.
Медициналық ұжым арасында дәрігер мен дәрігер, дәрігер мен мейірбике, мейірбике мен мейірбикелер арасында қақтығыстардың болуы ықтимал. Бұл қақтығыстардың себептеріне тоқталатын болсақ, олар көбінесе жастық ерекшелігінен өздерінен кіші болып, бірақ лауазымы, білімі жағынан өздерінен жоғары болатындардың бір-бірлеріне онша бағынғысы келмейтіндіктен, немесе өздерінікін дұрыс санап, жасынан үлкен немесе білімі жоғары болғанның сөзіне құлақ асқысы келмегендіктен, өзіне деген сенімділігі артық болғаннан болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда, мейірбикелердің сауатсыздығынан, білім дәрежесі төмен болуынан, олардың өз жұмыстарына жауапкершілігінің төмен болып, таза жұмыс істемегендіктерінен олардың дәрігермен араларында қақтығысулар шығады. Қақтығысуларды шешу жолдары.
Медициналық ұжымда көптеген қақтығысулар кездеседі. Бұл қақтығысулар өзінен өзі ең алдымен науқастарға кері әсер көрсетіп, зиян келтіруі және де сонымен бірге олардың жұмыс орындарына зиян келтіруі мүмкін. Бұл ең алдымен адамгершіліктің болмағаны. Мейірбике де, дәрігерде өзінің дәрігерлік борышын орындауы керек. Егер олардың арасында өзара қақтығыстар, келіспеушіліктер болса, оларға келген науқастардың бұл жағдайдан қорқып кетуі, екінші рет бұл дәрігерге, тіпті бұл ауруханаға да келмеуі ықтимал.
Сондықтан әрқашан мұндай жағдайлардың алдын алу керек. Бұл ең алдымен медицина қызметкерлерінен адамгершілікті, ұқыпты, мәдениетті болуды, өзін, өзінен басқаларды да құрметтей білуді талап етеді. Біздің ойымызша, медицина орталықтарында медициналық ұжым арасында өзара кеңестер өткізіліп тұруы қажет.
Әрбір дәрігер өз қол астында жұмыс істейтін мейірбикелерге өз сөзін өткізе білуі, өзін құрмет етуді талап ете білуі керек, әрине шекарадан аспаған түрде.
Медицина қызметкерлерінің арасында орын алатын қақтығыстардың тағы бір себебі олардың ойларының, пікірлерінің бір жерден шықпауы, үйлесімді және одақтас болмағауы. Өзара одақтастығы, өзара ынтымақтастығы науқастың да тез жазылып кетуіне себеп болады.

Әдебиеттер тізімі
1. Асимов М.А., Нұрмағамбетова С.А., Игнатьев Ю.В. Коммуникативтік дағдылар. Оқулық, А.: «Эверо» баспасы, 2009.
2. Оразбекова Г., Сексенали А. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары. – «Өнер», 2009.

Жүктеп алу

Share.

Leave A Reply