Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
283 қаралым

Медициналық қызметкердің психологиялық портреті

0

Түйін сөздер: медициналық қызметкер, эмоциялық жүктеме, коммуникативтік ресурс, аффилиация, кәсіптік деформация, кәсіби әрекет

Медициналық қызметкердің көбісі, әрине, сөзсіз профессионалды мамандар, бірақ шаршағыштық, эмоциональды жүктеме, отбасылық қиындықтар, өзін нашар сезінуі секілді жағдайлар, медициналық қызметкерлердің сұхбатты өз деңгейінде жүргізуіне кері әсерін тигізеді.
Медициналық қызметкерлердің жеке бас қасиеттерінің ішінен сұхбатқа кері әсерінен тигізетін келесі факторларды атауға болады:
өте жас немесе егде жас шамасы;
медициналық қызметкер мен науқас түрлі жынысқа жатса;
сезім мүшелерінің бұзылыстары, мысалы, құлақтың естімеуі;
мүгедектік;
компетентсіздігі (білімсіз, тәжірибесі болмаса, науқасқа жаны ашымаса, әлеуметтік дезадаптация);
халық медицинасына, басқа да медициналық қызметкерге барған науқастарға деген кері қарым-қатынас;
жағымсыз тәрбиесі;
науқастан бөлек сенімі, әлеуметтік жағдайы, ұлты, саяси көзқарасы;
науқас және медициналық қызметкер туыс болғанда.
Эмоциялық шамадан тыс салмақ, жиі стрестер, уақыт дефициті, ақпарат жетіспеушілігі жағдайында, тез арада шешім қабылдау қажеттілігі, жиі және қарқынды тұлға аралық қатынастары, т.б.себептер, жалпы медициналық кәсіби тұлғаға ерекше талап қояды.
Кәсіби әрекетіне байланысты, медициналық қызметкерлердің қайғы-қасіретті, қатты ауыруды сезінуді, өліммен кездесуді жиі көреді. Медициналық қызметкерлердің жұмысы – бұл ерекше әрекет түрі. Ол келесі ерекшелікпен сипатталады: үнемі психологиялық даярлықта болу. Психологиялық көзқарас бойынша, аурудың басталуы күмәнді, дүдамал күйді қарастырады, себебі ақпарат дефициті және дерттің соңы нәтижесіз, болжамсыз болуы – өмірде өте күрделі психологиялық өзгерістер тудырады. Бұл жағдайда қорқыныш эмоциясы пайда болады. Ол сезім науқасты да, медициналық қызметкерді де бойлайды, бұл тұлғалық факторды толық бақылап, қадағалау да мүмкін болмайды. Мұндай жағдайлар кезінде әрекеттесу – маманнан ерекше жоғары эмоциялық төзімділікті, тұрақтылықты, психологиялық үмітті, стреске қарсы тұру қабілеттілігін, құрастырылған қарым-қатынас дағдыларын, дамыған психологиялық адаптация механизмдерін қажет етеді.
Медициналық қызметкердің кәсіби әрекетін құруда, келесі коммуникативтік ресурстары өте маңызды рөл атқарады:
эмпатия;
аффилиация;
шеттеуге сенситивтілік.
Бұл қасиеттер, тиісті әрекеттесуі негізінде ғана, медициналық қызметкер тұлғасына проблемалық және стресс жағдайларын нәтижелі шешуге мүмкіншілік береді. Медициналық қызметкердің эмпатиясы жоғары дәрежеде болса, онда оның қатты қоса уайымдары, пациенттің көңіл-күйіне қарауы, «басқа адамдарға қауіп келтіріп аламын»,- деп өзін-өзі кінәлауы, психологиялық нәзіктілігі сияқты қасиеттері тән болып, кәсіби рөлін атқаруға бөгет жасайды, яғни, бұл ситуацияда, медициналық қызметкердің табандылығы, қайсарлығы төмен болып, келешекке бағытталу қасиеттері жеткіліксіз болады.
Аффилиация – адамның көпшілікке ынталануы, әрекеттестік қабілеті, ұжымдағы кәсіби жігерленуіне себептес болады. Науқастың көзқарасы бойынша, медициналық қызметкердің сенімділігі, эмпатияға қабілетті болуы – ең маңызды қасиеттер. Төтенше және үмітсіз ситуацияларда медициналық қызметкердің сенімділік көрсетуі, науқасқа медициналық қызметкердің білгірлігі толық деген көзқарас тудыруға әсер етеді, яғни ол бұл жағдайды бақылауға, ақиқатты болжам жасауға қабілеті жеткілікті деп, сәтті аяқталуына науқаста үміт және сенім тудырады.
Сонымен қатар, медициналық қызметкер маңайындағы әріптестеріне, басқа медициналық қызметкерлеріне эмоциялық қолдау көрсетіп, олардың өз әрекеттерін орындауға қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан, медициналық қызметкердің психотерапевтік потенциалы, күмәнсіз, маңызды болады.
Медициналық қызметкердің психотерапевтік жәрдем көрсетуінің келесі негізгі төрт аспекті белгіленген:
басқа адамның ішкі жағдайына байланысты эмоциялық қоса уайымдауға даярлығы;
өз әрекетінің салдары қоршағандарға әсер жасауын ескеру қабілеті;
дамыған моральды-этикалық нормалары негізінде, өзінің альтруистік қылықтарын бағалауға эталон жасауы;
альтруистік қылық жасауына немесе жасамауына жауапкершілікті өз мойнына алып, басқаларға немесе жағдайға сілтемеуі.
Кәсіптік деформация дегеніміз – медициналық қызметкердің психологиялық болмысына мамандығының жасайтын әсері. Көп жылдар бойы бір беткей жұмыс түрін қайталап атқарудың салдарынан қажу, шаршау, өз мамандығының ішіндегі басқа жұмыс түрлерін орындамаудың нәтижесінде оларды ұмыту, медициналық қызметкердің тұлға ретінде дамуына, еңбек қабілеттілігіне кері әсерін тигізеді. Кәсіптік деформация адам мен адам қарым-қатынас жасайтын қызметтерге тән.
Адам адаммен қарым-қатынасқа түсетін мамандықтарда, олар өзара психологиялық әрекетке ұшырайды. Бұндай ситуация, маманның билігін бақылау мен шектеу мүмкін емес немесе қиынға түсетін жағдайларда байқалады. Әрине, медициналық қызметкер науқасқа билік жасайды, себебі оның денсаулығы медициналық қызметкерге байланысты болады. Кәсіптік деформация, кәсіби адаптацияға байланысты, яғни медициналық қызметкер аурудың қиналғанына үйреніп, бейімделуі негізінде пайда болады. Әрине, медициналық қызметкерге эмоциялық қарсы тұру қабілеті де керек, бірақ та ол мамандықтың оңды қасиеттерін, этика нормалары негіздерін мұқият сақтауы қажет.

Әдебиеттер тізімі
1. Асимов М.А., Нұрмағамбетова С.А., Игнатьев Ю.В. Коммуникативтік дағдылар. Оқулық, А.: «Эверо» баспасы, 2009.
2. Оразбекова Г., Сексенали А. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары. – «Өнер», 2009.

Түйіндеме

Мақалада медициналық қызметкердің психологиялық тұрғыдағы кәсіптік деформациясы мен кәсіби бейімделуі зерттелген.

Резюме
Статья рассматривает психологическую профессиональную деформацию, профессиональную адаптацию медицинского работника.

Кудабаева Назгул Шарипкызы

Психология негіздері, коммуникация негіздері пәндерінің оқытушысы,
Ақтөбе медициналық колледжі МКҚК

Жүктеп алу

 

Share.

Leave A Reply