Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
224 қаралым

Махаббат, қызық мол жылдар

0

Утюгулова Назира Сагындыковна, Даулетова Інжу Мухитовна,
Ақтөбе медициналық колледжінің психология негіздері пәнінің оқытушылары

“Еліңнің жастарын көрсет, ертеңгі еліңнің болашағын айтамын”.
Әл Фараби
“Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар”.
Абай

Мақсаты: Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық, мол жылдар!» атты шығармасын талдай отыра, студенттердің ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу, болашақ маман иелерінің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ғашықтық сезім туралы ойларын білу;

Көрнекілігі: махаббат туралы ұлылар ойлары, баспасөз материалдары, слайдтар.
Түрі: дөңгелек үстел.

Дөңгелек үстелдің барысы:

I. Кіріспе сөз: Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары, жастар!
Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі. Адамзат баласына ғана Алла тағаладан берілген өлшеусіз сыйдың бірі махаббат.
Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау, құрғырлар,- дегендей, Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық, мол жылдар!» атты шығармасын талдау аясында өткізіліп отырған » Махаббат, қызық, мол жылдар!»» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!
Студенттік өмірлеріңіз баянды болсын дей келе ток шоуымызды мына бір тамаша әнмен бастасақ деймін. Баршаңызға тарту етеміз қабыл алыңыздар.
/Махаббат туралы ән орындалады/
Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы дөңгелек үстелдің арнайы қонақтарымен таныстырып өтейін:
II. Адамға ең бірінші өмір керек,
Содан соң көтеріңкі көңіл керек.
Анадан адам болып туылған соң,
Махаббат бір күн емес, мәңгі керек.
Өмірдің жарқын кезеңі
Жалындаған жастық шақ
Жас өмірдің өзегі аяулаған МАХАББАТ, дей келе дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын слайд-шоуға назар аударайық. Осы слайд бүгінгі дөңгелек үстеліміздің мақсаты мен міндетін айқындап береді деп ойлаймын.
Махаббат қызық мол жылдар – Әзілхан Нұршайықовтың 1970 жылы шығарған романы. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады.
Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа, арғы, алыс болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау. Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына өлшеп піше отырып, жұртқа жарасымды үлгі ұсыну еді. «Апамның айтқандары», «Өз ойларым», «Алтын діңгек» дейтін нақыл тараулар және т.б. осы пікірді нығайтуға қосымша түрінде енді.
Бұл шығарманың қысқаша мазмұнына тоқталсақ:
Соғыстан қайтқан әскер Ерболдың студенттік өмірі баяндалады
Ерболдың соғыстан қайтып студенттер қатарына қосылуы
Ербол мен Меңтайдың махаббаты
Отбасылық өмірі
Меңтайдың күтпеген жерден өмірден озуы
III. Дөңгелек үстелдің сұрақтарына көшу, талқылау.
Бүгінгі жас ұрпақ – мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы.
Махаббат қызық мол жылдар демекші «Бір көргеннен ғашық болу» дегенге қалай қарайсыңдар? Менің ойымша бір көргеннен ғашық болу мүмкін емес.  Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романы осы сөзіме дәлел десек те болады.

Махаббат өзенге емес, көлге емес, тек қана теңізге теңестіруге болады. Теңіз сияқты бетінде тулаған толқындар жүреді, түбінде ғажайып сырлы тереңдік жатады. Адамның жыныстық соқыр сезімінен туған сусыма жүрек тілек толқынға ұқсас, шын санадан шыққан жан тебіренттер жақсы мұрат, асыл арман тізбегі махаббатын тереңдігін танытады. «Бір көргеннен ғашық болу» деген сөз сол толқын іспеттес, ол тән құмарлығынан туған, жалт етпе сезим ғана. Алғашқы лап еткен сәтте оның көрінуіде ықтимал. Бірақ бұған қарап таңдануға болмайды. Тән құмарлығы алдамшы, өткінші, тұрақсыз сезім. Онда шынайы махаббатқа лайық тереңдік жоқ. «Бір көргеннен ғашық болдым» дегеннің өзі ақ сол сезімнің таяздығын танытады, көре сала соны құшуға құмартқан жүгенсіз, ұшқыр тілекті көрсетеді. Теңізді бірінші рет көрген адам оның суының ащы немесе тұщы екенін, астында не барын білмейді. мұны теңізге түсіп көріп, түбіне талай сүнгіген адам ғана айта алады. Сол сияқты бір көргеннен адамның бойындағы барлық адамгершілік қасиетін аңғаруға болмайды.
Осы шығармадағы «Апамның айтқандары», «Өз ойларым», «Алтын діңгек» дейтін нақыл тарауларға тоқталу. Қонақтардың пікірін тыңдау. Бұл шығарманың жастарға берер тәрбиелік маңызы қандай?
Сол заманда ғашықтардың келбеті қандай? Қазіргі жастардың мәдениеті жөнінде не айтамыз?
IY. Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады
Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан,
әлем соған сенеді
Құлай сүю- ерлікпен тең себебі!
Иә, қандай керемет өлең жолдары. Бұл Мұхтар Шахановтың поэзиясынан алынды. Осынау ұлы сезімді жырламаған ақын жоқ шығар?! Ендеше келесі кезекті «Ақындар» клубының мүшелерінің ақындардың махаббат туралы шығармаларын тыңдап көрелік.
Махаббат тақырыбы әдебиетте сонау көне заманнан бері жырланып келеді. Қанша мол жазылып, көп шиырланғанымен махаббаттың сырлы шежіресін ешкім де жазып тауысқан емес. Кешегі өткен тарихқа бір сәт ой жіберсек, халқымыздың інжу-маржан сөз қазынасына ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Еңлік пен Кебек, Ләйлі мен Мәжнүн, Естай мен Қорлан бейнелері адамгершілік парасаттылығымен, сүйген жарға деген адалдығымен шоқтығы биіктеп дараланып көрінер еді.
Y. Студенттерден алған сұхбатты (видеосұхбат) көрсету.
Сұрақ: Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық, мол жылдар» шығармасын оқыдыңызба? Бұл шығарма сізге несімен ұнады, қызықтырды?
YI. Осы шығарманы талдай келе тағы да мынандай сұрақ туады? «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар…»- дейді Абай. «Шошимын кейінгі жас балалардан…»- дейді тағы Абай. Ежелден-ақ адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген. Соның әсері болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалануын тілеп, түрлі күндерді ойлап тапқан. Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті. Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келе жатса да, күшіне енді ғана еніп, жастарды қызықтырып, бір ойдың, бір идеяның астында жинап отыр. Олай болса, бұл мереке ғашықтардың тағатсыздана күтетін мерекесіне айналып, 15 сәуір – Ғашықтар күні болып аталып кетті. Осы мерекені жалпыхалықтық сипатта болу үшін не істеу керек? Қандай шаралар ұйымдастыру керек? Жастарға осындай атаулы күн керек пе? Әулие валентин күнін жою үшін не істеу керек?
Әр сұрақтан кейін аудиториядағы студенттердің де, қонақтардың жауаптары, пікірлері тыңдалады.
Жауаптарыңызға рахмет! Адам атаулының туған жерге, ата-анаға, досқа, мектеп, ұстазға ғашық жандардың таза, мөлдір, мәңгілік махаббатына еш қылау түспесін! Сезімдеріңіз баянды болсын!
YII. Қорытынды. Психологиялық тест.
Студенттер арасында 15 сәуір – ғашықтар күні мейрамын тойлауға көзқарастары қандай екенің білу мақсатында 9 сұрақтан тұратын сауалнама жүргізілді. Соның нәтижесі бойынша біздің колледж студенттерінің 90% А-жауабына, яғни адамға махаббат қаншалықты қажет деген сұраққа – өмір бойы, махаббат бұл – ұлы сезім деп, алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесіз деген сұраққа – адал достық деп жауап берген.
50% Ә-жауабына, яғни сыйластық, қыздың батылдығына байланысты, өткінші, алдамшы сезім деп ойларын анық білдірмеген.
77% Б-жауабына, яғни ондай жағдай сирек кездеседі, адамның бағалауына қарай, ешқашан, араға уақыт өте келе деп жауап берілген. Сауалнама қорытындысы бойынша Махаббат деген – қыз бен жігіт арасындағы сезім,достық екендігі анықталды.
Сөзімнің соңында, сіздер мен біздерге қызықты болу үшін алдын-ала таратылған гүлдің түрлері бойынша, 2016 жыл сіз үшін қандай болатының біліп көрейік. (әртүрлі гүлдің түрлері таратылады , жауабы айтылады).
«МАХАББАТ- дүниедегі барлық күштің, барлық қуаттың бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ»
YIII. Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да биік.
Өзің сүйген адамын
Өр көкірек болмасын
Шын дос болған адамың
Екі сөзді болмасын.
Сөз соңында тілерім
Таза болсын жүрегін
Лаулай берсін жас жүрек.
Осы біздің тілегіміз! Махабаттарыңыз мәңгі де мәнді болсын дей келе кешімізді аяқтайық. Қош сау боп тұрыңыздар!!! Келесі кездескенше күн жақсы! Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Ән. «Алғашқы махаббат»

Share.

Leave A Reply