Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
367 қаралым

Маман иелерімен кездесу кеші

0

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Халық нақылы

Кештің мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Кештің бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз.
2. Қонақтарды таныстыру.
3. Бейнеролик.
4. Сұрақ – бізден, жауап – сізден.
5. Статистика бойынша бейнеролик.
6. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
7. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
8. Қонақтарға сый.
9. Қорытынды.

1. Кіріспе сөз. Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесуімізге қош келдіңіздер! Кездесуімізді бастамас бұрын мектебіміздің директоры Жалелов Абылай Армияұлына сөз береміз.
Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз. Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр. Сондықтан да, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге ұстаздарды, кешегі түлек – бүгінгі студенттерімізді, яғни болашақ маман иелерін және елге елеулі, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын бүгінгі кешімізге шақырып отырмыз. Қонақтарымызбен ой бөлісіп, пікір алыспас бұрын, таныстырып өтсек.

2. Қонақтармен таныстыру.
«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының менеджері — Ернарова Ақнұр Ернарқызы.
Мектеп инспекторы – Маканов Медет Капатаевич.
Инженер-энергетик, Қарағанды политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы – Акедилова Асель Куанышевна.
Қарағанды политехникалық колледжінің «Электр станция және тораптардың электр жабдықтары» мамандығының 3 курс студенті – Мухаммединов Темірлан Ержанұлы.
ТОО «Azia Oil» электрик – Тулепбергенов Тайыр Мирзабаевич.

3. Бейнеролик. Тақырыбымызға тұздық болсын, арнайы дайындалған сюжетке назар аударайық.
Өздеріңіз көріп отырғандай мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Олай болса көкейімізде жүрген маңызды сұрақтарымыздың жауабын арнайы келген қонақтарымыздан сұрап білейік. Келесі айдарымыз:

4. Сұрақ – бізден, жауап — сізден.
1. Бүгінгі жастар тек қана бір жапырақ қағаз үшін, яғни диплом үшін кез-келген оқуды таңдай салады, арзанырақ болса болды немесе ата-анасының қалауы бойынша, тек қана диплом алып шықсам болды деп оқи салады. Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп?

2. ЖОО-да таңдаған мамандығын бір-екі жыл оқып, артынша басқа мамандықтарға ауысып жатқандар көп пе?

3. Студенттерден сұрайықшы, мамандықтарға өкінетін, «Қап, осы мамандықты бекер таңдадым деген кездеріңіз болды ма?» Әлде өздеріңізге ұнайды ма?

4. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзіңнің мамандығыңа деген, жұмысыңызға деген махаббат болу керек. Бүгінде мамандықтарымен жұмыс істеп жатқан, өзінің мамандықтары туралы, жұмысы туралы, ұнайтын, ұнамайтыны, қалай түскенін сұрап білу үшін қонақтарымыздан сұрасақ.

5. Бүгінгі таңда агенттер мен менджерлер саласы өте үлкен сұранысқа ие, туризм болсын, жарнама агенттігі болсын, оған түсіп жатқан студенттеріміз де көп. Біздің елімізде шахта бар, металлургиялық заводтар бар. Өкінішке орай, ол жердің көбісінде біздің қазақтар жұмыс істемейді. Біз көбінесе туристік бағытқа барамыз, заңгер боламыз, басқа жұмыстар таңдаймыз. Өзімізге ең керек мамандықтардың орны ойсырап бос қалып жатады. Бұл біздің табиғатымызға жат қылық па?

6. «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты тарапынан мектеп түлектерінің мамандық таңдауына жол сілтейтін қандай шаралар атқарылуда. Біле отырайық.

7. Сыныптастарыңыздың көбісі қандай мамандықтар таңдады?

5. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
«Мамандықты тап». Бұл сайысқа команданың барлық мүшелері қатысады. Алдымен сіздерге жұмбақ жасырылады. Шешуін тапсаңыздар ортада тұрған шаршыларды дұрыс орналастыру арқылы, жасырылған мамандықтарды табу керек. Әр командаға 3 тапсырма беріледі.

«Көп сөйлеме». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына іс-қимылмен жасырылған белгілі мамандықтарды табулары керек.

«Суреттер сөйлейді». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына жасырылған белгілі мақалдарды тақтаға сурет салу арқылы түсіндіріп беруге тиісті. Әр командаға 2 мақалдан беріледі.

6. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
1. Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет деп ойлайсыз?
2. Елімізді өркендету үшін бүгінгі таңда қандай маман иелері керек деп ойлайсыздар?
3. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз? Өздерің қай уақыттан бастап дайындалдыңдар?
4. Бүгінгі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие?

7. Статистика бойынша бейнеролик.

8. Қорытынды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жинақтап бір –екі ауыз сөзбен қорытындылап жіберсек.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз деген екен. Олай болса «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кешімізге келіп маңызды ой-пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз!
9. Қонақтарға сый.

Муханбетжанова Н.Р. — психолог
Акедилова К.К. — психолог
Ә.Бөкейхан ат. №76 ЖББОМ, Қарағанды қаласы

Share.

Leave A Reply