Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
455 қаралым

Мамандық – жетістік мерейі

0

Уайсова Камшат Қабдолқызы

Ғ.Қараш атындағы орта жалпы білім беретін мектеп психологы, Жәнібек ауданы, БҚО

Сабақтың мақсаты: мамандық құндылығы туралы түсініктерді кеңейту, мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру; мамандық таңдауына көмектесу, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.

Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, психологиялық тренингтер.

Қажетті құралдар: слайд, бояу, ақ бет қағаз, жапсырма.

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру: (Оқушылар сыныпта дөңгелене отырады, музыка ойнап тұрады).

— Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Мен бүгін сіздермен сабақ өткізетініме өте қуаныштымын. Сіздерге сәттілік тілеймін. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мамандық – жетістік мерейі» деп аталады. Сіздер үшін бұл сабақ қызықты ма? … Ендеше бастайық.

І. Шаттық шеңбері:

«Есіміңді ерекше ата» деп аталады.

Адамның есімі – оның бетке ұстар құралы. Біздің есімдеріміз өмір бойы бірге, олар біздің мінезімізге, сезімдеріміз бен ойымызға өз ізін қалдырады. Ендеше есімімізді ерекшелендіріп атайық.

Мыс: Айдана – ақылды, мен іс тігуге олақпын, есесіне суретті жақсы саламын.

Гүлзар – гүлдей,

Эльмира – энергиялы,

Гүлсезім – ғибратты,

Аяулым – асыл,

«Тілек айту» тренингі

Мақсаты: «Оқушылардың бір-біріне деген жылы сезімдерін ояту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орната білу».

Нұсқау: «Дөңгеленіп тұрып, қолдарыңызды ұстап, бір-біріңізге жылы, мамандықпен байланысқан, әдемі тілектеріңізді білдіресіздер».

«Мамандық» сен үшін…

Мамандық дегеніміз не?

Оқушылардың пікірлері сұралады.

Мысалы:

• адамды болашаққа апаратын жолы;

• адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;

• мамандық бойынша адам жұмыс істейді;

• оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;

• ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;

• мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;

• келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе.

• адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

«Әріпті мамандық» ойыны

Оқушыларға әріптер жиынтығы беріледі. Таңдаған әріптерін алады. Сол әріптер бойынша мамандықтар тізбегін атап өтеді.

М – мұғалім,

Ж – журналист,

Д – дизайнер,

Б – балықшы,

И – инженер,

П – психолог,

Т – теңізші,

А – аспазшы,

Психологиялық шолу ретінде анкеталық сұрақтар:

1. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалу керек деп ойлайсыз?

2. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

3. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін кере алады?

4. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

5. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

6. Болашақ таңдар мамандығыңның еңбек нарығында қажеттілігі.

Жаңа ақпарат

Ой толықтыру: (оқушылардың ойын толықтыру)

Әлемде 50 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтаны өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Психологтар кез келген адам өзінің мамандығына риза болуы керек, егер риза болмаса эмоционалдық тұрғыда күйреуге ұшырайды дейді. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.

«Өзіңді қалай бағалайсың » тесті

«Ағаш» әдістемесі

Алдарыңыздағы суреттегі теректен, өзіңіздің ашуланған күйіңізге ұқсас адамды қызылмен бояңыз. Енді жасыл түспен сізді ашуландырған адамды бояңыз. Және достасқыңыз келетін адамның орнын көкпен бояңыз.

«Ашудың хаты»

Өзіңізді ашуландырған немесе жек көретін адам туралы ойлаңыз.

Енді сол адамға хат жазыңыз. Хатыңызда ол адамды көргенде, оның ескерту сөздерін естігенде, не айтқыңыз келетінін соны жазуға болады.

Хатты жазып болған соң, жыртып тастауға, жұмырлап тастауға болады.

Психологиялық сәт: «Психогеометрия» өзін-өзі тану

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез-келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіңнің кәсіптік мамандығыңды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай — ақ шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар. Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

Стресті түсіру жолдары… жаттығуы

Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Әрқайсысына шар беріледі. Әр оқушы шарды үре отырып, өзінің бойындағы жағымсыз сезіздерін, ашу-ызасын айту керек.

Қорытындылау: үрілген шарды жару немесе далаға ұшырып жіберу керек.

Кестені толтыру

Оқушыларға мамандық атауы беріледі (1) кестедегі, сол мамандыққа адамның қасиетін толтыру қажет (2) кестеге.

 Мамандық (1)  Адамның қасиеті (2)
 Әлеуметтік жұмысшы  Коммуникативтік
 Психолог  Эмпатия (Өзге адамның эмоциясын сезіну)
 Медбике  Жанашырлық
 Альпинист  Ерік
 Менеджер  Еңбекке қабілеттілік
 Инженер – құрастырушы  Еңбекқор
 Теңізші  Дербестілік
 Бизнесмен  Пысықтық
 Машина зерттеуші  Тапқырлық

Қорытынды бөлім:

Оқушыларға парақшалар таратылады. Қолдан қайық жасап, тілектерін айтып суға салу.

Бүгінгі сабағымды мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:

Еңбек етсем, ертеңгі – бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер – уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен – өнеріме сенемін.

Арым — таза, ақ көңіл – адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенемін!

Share.

Leave A Reply