Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
195 қаралым

Мамандығым мақтанышым

0

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әл- Фараби

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Адамы мен заманы көптеген өзгерістерге тап болғани кезеңде психолог мамандығы өте қажет. Күйзеліске ұшыраған адамдарға дұрыс бағыт –бағдар беріп, өз ортасына жақсы ахуал туғызып, қиындықтан шығудың жолын көрсететін психолог мамандығын таңдағаныма қуанамын. Психолог ол адамның сырласы, адам жанының емшісі. Психотерапиялық жаттығулар, арттерапия, дамыту жұмыстары, музыка терапия, ертегі терапия, түрлі тренингтер арқылы псхологиялық көмекке зәру адамдарды ұрыс керістен тіпті, өлімнен де арашалап қала алады.

Әрбір психологтың бойында өз мамандығына сүйіспеншілікпен қарайтын, адамның жан дүниесін терең түсінетін, сезімтал, жанашыр өзгелермен тез тіл табысатын адамды тани біліп әсерлі сөзбен оның жүрегіне жол тауып, әрбір құпияны сақтай алады.

Оқушылармен жұмыс істеу барысында олармен тығыз байланыста болу арқылы олардың өзі қатарлас балалардай емес үлкендерге сырын ашып айта бермейтіндігін байқадым. Жемісті еңбегімнің арқасында нәтижесінде көрсете бастады.

Әр жанға көрсетер өнеге үлгісі, жарқын жүзі, сергек сезімі, жанашырлығы, ұжымның жекелей мінез-құлқын, сырт кейпін жұдырықтай жүрегімен сезінетін әсемдігі, әрбір адамға дұрыс бағыт- бағдар бере алатын қасиеті бар.

Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтар қатарында. Демек, оның қазіргі қоғамда алатын орны ерекше.

Мен психолог мамандығын таңдағаныма мақтанамын!

Психолог болу – қызықты да қиындығы мол мамандық деп өзіме де өзгелерге де ауыз толтырып айта аламын. Қазағымыздың болашағы жарқын, әр маман өз ісінің мақтанышына айналса, нұр үстіне нұр болар еді.

Әрбір адам – бір жұлдыз. Біздің міндетіміз әрбір адамның жарқырауына көмектесу!

Ұлжалғас Пралиева, 
педагог- психолог,
«№4 Абай ат. жалпы орта мектебі мектеп- гимназияcы» КММ,
Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, ОҚО

Share.

Leave A Reply