Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
237 қаралым

Кикiлжiңдi шешуге арналған бес тәсiл (К.Томас бойынша)

0

К.Томас қақтығыстан қашу арқылы келіспеуші екi жақ та жетiстiкке жете алмайды, деп есептейдi; бәсекелестiк және ымыраға келу тәрiздi әрекеттерде қатысушылардың бiреуi ұтады, екiншiсi ұтылады немесе екеуi де ұтылады, өйткенi ымыраға келуге жол бередi. Тек бiрлесу жағдайында ғана екi жақ та ұтымды шешiмге келедi.

Бұл әдiстеменi қолдану әртүрлi этностардың кикiлжiң жағдайға байланысты мiнез-құлықтарына бақылау жасап, талдауға мүмкiндiк бередi. Мысалы, жолаушылар көлiгiне бiр масаң адам кiрiп келсе, орыс тұрып орын берсе, қазақ ақыл-кеңес беруi, ағылшындар жақтырмай, жиiркенiшпен қарауы, ал грузин болса, бiрден төбелеске енiп кетуi мүмкiн. Яғни, кикiлжiңнiң қандай деңгейде шешiлуi, әр ұлтқа тән темпераментке де байланысты. Осы сауалнаманың қорытындысы негiзiнде К. Томас көрсеткен бес тәсiлдiң қайсысы қай ұлтта басымырақ танылатынын анықтап, салыстырмалы талдау жасауға болады.

К. Томас мiнез-құлықтың әдеттегi қалпын анықтайтын сауалнамасында, атап өтiлген бес варианттың әрқайсысын индивидтiң қақтығыстық жағдайдағы мiнез-құлқына байланысты 12 пайымдаулармен суреттейдi. Олар әртүрлi үйлесiммен 30 жұпқа топталған, олардың әрқайсысында респондентке мiнез-құлқының әдеттегi қалпын сипаттайтын пiкiрдi таңдау ұсынылады.

Толығырақ…

Әдістеменің толық нұсқасын жүктеп алу үшін +7 777 146 14 14 киви-әмиянына немесе сайттың төлем түрлері сілтемесі арқылы өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдап, 300 тг аударып, төлемақы түбіртегінің көшірмесін редакцияның info@artpsy.kz электрондық поштасына жіберуіңіз керек. Содан соң сіз көрсеткен электрондық поштаға әдістеменің толық нұсқасы жіберіледі.

Share.

Leave A Reply