Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
170 қаралым

Күйзеліске қарсы тұру мен әлеуметтік бейімделуді анықтауға арналған әдістеме (Холмс пен Раге бойынша)

0

Соңғы жылда өз басыңыздан өткен оқиғалар мен түрлі жағдайларды есіңізге түсіруге тырысыңыз және «жинаған» ұпайыңыздың жалпы санын есептеңіз.

Дәрігерлер Холмс пен Раге (АҚШ) өздерінің бес мыңнан аса емделушілерінің күйзеліске әкеліп соғатын түрлі өмірлік жағдайларының ауруға қатынасын (оның ішінде жұқпалы аурулар мен жарақаттар да бар) зерттеген. Олар психикалық және ағза аурулары адам өміріндегі белгілі бір жағдайлардың әсерінен болады деген қорытындыға келген. Зерттеулердің нәтижесінде олар өмірдің әрбір оқиғасына арналған шкала құрастырды, күйзеліске әкеліп соғу деңгейіне сәйкес әрбір жағдайға ұпай саны берілген.

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, 150 ұпай ауруға шалдығу қаупінің 50% -ын, ал 300 ұпай 90%-ын  құрайтындығын анықтаған.

Күйзеліске ұшыратуы мүмкін түрлі жағдайлар мен оқиғалар берілген тізімді мұқият оқып шығыңыз. Содан соң берілген ұпай санына мән беріп, әрбір бөлікті қайта қарап шығыңыз.  Әрі қарай соңғы екі жылда өміріңізде болған оқиғалардың орташа санын (1 жылдың – ұпайларының орташа санын есептеңіз) шығарыңыз. Егер бір оқиға бірнеше рет қайталанған болса, шыққан нәтижені сол санға көбейту қажет.

Толығырақ…

Әдістеменің толық нұсқасын жүктеп алу үшін +7 777 146 14 14 киви-әмиянына немесе сайттың төлем түрлері сілтемесі арқылы өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдап, 300 тг аударып, төлемақы түбіртегінің көшірмесін редакцияның info@artpsy.kz электрондық поштасына жіберуіңіз керек. Содан соң сіз көрсеткен электрондық поштаға әдістеменің толық нұсқасы жіберіледі.

Share.

Leave A Reply