Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:

+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

588 қаралым

Зиянды әдеттерден сақтандыру шаралары

0

Әндір Айдана Бозжігітқызы,

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің педагог-психологы

Мақсаты:

а) білімділігі: оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды, әртүрлі жөтел, асқазан, тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру.

ә) тәрбиелілігі: оқушыларды мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.

б) дамытушылығы: қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы мен өмірiн уландыратын ауыр кеселдің бірі- маскүнемдік, шылым шегушiлiк пен нашақорлық екенін түсіндіру.

Көрнекілігі: сөзжұмбақ, плакаттар, бейнероликтер, слайд, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысы түсіндіріледі.

ІІ. Кіріспе сөз

Қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген салғырт көзқарастың кесірінен темекі шегу,ішімдікке салыну, нашақорлық сияқты зиянды әдеттер көбеюде. Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің,адам өміріне зиянды екені белгілі. Аталған зиянды әдеттерге тоқталатын болсақ.

Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан ішімдік алуды 5-6 ғасырда Араб елінің химиктері ойлап тапты. Алкоголь – миға әсер етеді, мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрайды. Ол қолайсыз сезімдер тудырып, адам неше түрлі ойға батады. Адам әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды, өз іс-әрекетіне жауап бере алмайды.

Жылына темекі тартушылықтың салдарынан болатын түрлі аурулардан жер шарында 5 миллион адам қайтыс болады екен.Олардың 600 мыңы жасқспірімдер мен балаллар. Кейінгі жылдары темекі тартушылардың қатары қыз-келіншектермен толыға түсіпті. Ең алғаш темекіні Еуропаға Колумб және оның достары әкелген болатын. Ал Африкамен Америка елдері оның дәмін бірнеше ғасыр бойы татқан болатын. Темекінің Еуропада таралуына француз ғалымы Жан Никода себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекіні өсіріп өзінің атымен аталған «Барлық ауруларға қарсы ем»,- деп никотинді тапты.

Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «Narke» сөзі ағылшын тілінде «Narkotik» деген сөзге айналған. Құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сеогітетін заттар бар. Адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзады. Есірткінің түрлері өте көп.

ІІІ. Ситуациялық жағдайдан шыға білу

· Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді. Ал сенің темекі шеккің келмейді, сол үшін олар сені шеттете бастайды. Сен олардан бөлініп кете алмайсың. Не істер едің?

· Сені өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп арақтың иісі шығатынын 1-2 рет байқадың. Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ. Ата-анасына айтайын десең досыңның көңілін қимайсың. Сен досыңды қалай құтқарар едің?

· Саған 11 класс оқушысы «Маған күніне бір қорап темекі алып бер. Екеуміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуміз ғана білетін болайық. Әйтпесе …» деп жұдырығын көрсетіп шарт қойды. Өзіңді қандай жолмен құтқарасың?

ІV. Бейнероликтер көрсету

Оқушыларға интерактивті тақта арқылы шылым шегу, арақ ішу, нашақорлықпен айналысқанда адам организміне зиянын бейнероликтер арқылы көрсету.

V. Сөзжұмбақ «Темекi».

Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін пысықтау мақсатында сөзжұмбақ сұрақтарына жауап береді.

VI. Плакат (көрнекiлiк) қорғау

Бұл кезде мұғалім тақырыпқа сәйкес көрнекілік ретінде тақтаға ілінген плакаттарды түсіндіреді.

VII. Тренинг «Қолшатыр»

— Біз бүгін зиянды әдеттер туралы көптеген мәлімет алдық. «Зиянды әдеттерден қорғану үшін не істеуіміз керек?»

Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.

VIII. Тренинг «Денің сау болсын десең…»

Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.

Қорытынды:

Болашақ еліміздің намысын қорғайтын жастарымызды осындай шылым шегу, арақ ішу, нашақорлық сияқты зиянды әдеттерден бойын аулақ салуы үшін қосымша мәліметтермен хабардар етіп, келешегімізді қолға алайық!

 Қанатты сөздер

«Организмде пайда болатын бүкіл кеселді өзгерістер спирт ішімдіктерін пайдалану әсерінен». М.Гусс

«Денсаулық өзгерістерін болжай білуде – салауатты өмір салтының маңызы зор». Х.Қ.Сәтпаев

«Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жеткен». (Халық даналығы)

«Жағымсыз әдеттерден арылу бүгін оңай, ертең қиын». Конфуций

«Өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер». (Құран «Ниса» сүресі 29-аят)

«Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық». И.М.Догель

«Адамды ессіз түрде баурап, небір сарақы әрекеттерге жетелейтін ең қарапайым азғырғыштың түрі «бәрі де солай істейді ғой» деген ақталу». Л.Толстой

«Шылымқорлық – алдын алуға болатын, әлемдегі барлық аурулардың басты себептері болып отыр». Х.Малер

Share.

Leave A Reply