Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

Жеке тұлғаны тренинг арқылы жан-жақты дамыту

0

Орақбай Бақыткүл,
Педагог-психолог, №104 орта мектеп, Өркенді ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы

Қазақстан Респубубликасының қазіргі білім жүйесіндегі стратегиялық мақсаты – жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол, шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қазіргі мектептерде балалар белгілі бір білім ғана алып, біліктілікке үйреніп қана қоймай, өз-өзіне сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға болып қалыптасады. Әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда оның өзіндік ерекшеліктеріне мән беріп, топтағы өзара қарым-қатыныстарының ықпалын арттырудың жолдарын нақты көрсетіп бағыт берудің маңызы зор. Осы жауапты қызметте оқушы үшін тиімді әрі оңтайлы әдіс-тәсілдердің шеберлікпен ұйымдастырылуы оң әсерін тигізеді. Осыған байланысты белсенді әдістердің ішінде психологиялық тренингті өткізу тәрбиенің маңызды тәсілі. Ю.Н. Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді. Л.А. Петровская психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», «қарым-қатынаста жеткілікті дамыту құралы», «психологиялық әсер ету құралы» ретінде қарастырады.

Б.Д. Парыгин топтық кеңес беру тәсілі жөнінде, оларды өмірде және жалпы қоғамдағы қатынас дағдыларына белсенді түрде топтық оқыту ретінде яғни, кәсіби пайдалы дағдылардан Мен -тұжырымдамасы мен өзін-өзі бағалауға сәйкес жаңа әлеуметтік рөлге бейімделуге дейін оқыту деп бейнелей айтады. Тренинг көмегімен, басқалардың көзімен қарағанда мен қандаймын, қандай болғысы келетінін анықтауға болады. Сонымен бірге өзімен және адамдармен өз қатынасын қалай құру керектігін, қоршаған әлеммен қалай өзара әрекет жасайтынын үйренеді және өзіне деген сенімділік, сонымен қатар тұлға аралық қатынас мәдениеті дамытылады. Тренинг баланың өзін-өзі тануына, өзінің жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін танып білуге жағдай жасайды.
Тренинг – жаттығу деген ұғымды білдіреді. Психологиялық тренингтің мақсаты- әрбір жеке тұлғаны өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне алуға үйрету, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуда жаңа мүмкіндіктер табу. Психологиялық тренингтің негізгі мәселелерінің бірі – оқушыларды ұйымдастыру болып саналады. Тренинг қатысу барысында оқушылар бір-бірінің пікірін құрметтеуге, жолдасына сеніммен қарауға бойындағы қорқыныш, өз-өзіне сенбеушілік сезімдерін жоюға үйренеді. Тренинг өткізуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне мән беріліп отырады, оларды сатылап яғни бастауыш сынып, орта буын және жоғары сынып оқушыларына арналған тренинг түрлерін өткіземіз. Әр тренинг қалаыптасқан жүйеде, белгілі тәртіп пен элементтерді қамтамассыз ете отырып жүргізіледі. Психолог тренингті өткізе отырып оқушылардың қадір-қасиетін сақтап, олардың жеке басына тиісті мәліметтерін жарияламауы керек.

1 сынып оқушыларына «Бәрін білгім келеді» тақырыбында өткізілген тренингте оқушының бір бірімен қатынасын жақсарту, сөйлеу, есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетін дамыту.
“Еңбектің еткеннің қазаны ортаймайды” тренинг 7 сынып оқушыларымен өткізілді.
Еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру,еңбексүйгіштік қасиетін дамыту.
Балаларға еңбектің маңызы туралы түсінік беріліп, аңыз – әңгіме оқып бердім.
Балалар әңгіме кейіпкерлері туралы өз ойларын ашық айтты.
“Адам көркі – еңбек ” тақырыбында балалардың шығармашыл қабілетін дамыту үшін өлең, әңгімелер жазып өздерінің қабілеттерін еңбекке деген көзқарастарын білдірді.
“Бақыт деген не ?” ұстаздарымыз не дейді ұстаздар пікірін оқыдым.

Оқушылар “Ең бақытты күнім” әдісін пайдалану арқылы өздерінің бақытты күні туралы ойларын білдірді. Сабақ соңында балалар Бақыт ата-ана, жақсы білім, дініміз, тіліміз, денсаулық, қуанышты күн деп өз ойларын ашық білдірді.
Балалардың өзін, қоршаған ортадағы өмірді, адамдарды танып, оларды түсінуде және рухани дамып жетілу жолында қазақ ғұламаларының шығармаларын, соның ішінде Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні зор.
9 сынып оқушыларымен оқушының жан-дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу мақсатында “Абайдың қара сөздері” тақырыбында тренинг өткіздім.

Осы жұмыстың нәтижесінде:
Болашаққа деген сенімділігі
Өзіндік «мені»
Еңбексүйгіштік қабілеті
Көтеріңкі көңіл-күйі
Достарымен қарым-қатынасы
Қиялы, шығармашылық қабілеті
Сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеті дамыды.

Сурет ғаламтор беттерінен алынды. 

Share.

Leave A Reply