Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
154 қаралым

«Жақсы  қасиет — жан азығы» тренингі

0

Мақсаты: мектеп ұжымының өзара жағымды қарым-қатынас жасауына, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, ішкі қатаюдан арылту және жағымды сезімдерін дұрыс қалыптастыруға жағдай жасау.

Қажетті материалдар: кеспе қағаздар, түрлі-түсті маркерлер, А4 қағаздары, музыка, ватман.

Психолог: қатысушыларды жайландырып, ыңғайлы етіп отырғызып, көңіл көтерерлік жылы сөздер айтып шығады.

1-жаттығу «Мен кіммін?»

Нұсқау: қатысушыларға ақ парақтар таратылады, оларды  шеңбер құрып,  ыңғайланып отырады.

«Мен кіммін?» деген сұраққа  он рет жауап беріңіз. Бұл тапсырманы жылдам орындау қажет. Жауаптарыңызды  ойларыңызға қандай болып келсе сол  қалпында параққа жазыңыз. Жаттығу орындалып бітісімен жазылған жауаптарды біртіндеп, рет-ретімен оқып шығу қажет.

Талдау: жаттығу барысында қандай сезімдер болды?

2-Жаттығу« Менің мінезім»

Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі. Әр бөлікке  жақсы көретін жануар, аң, құс аттарын жазып шығады. Енді 1-ші бөлікке үйде, 2-ші жұмыста, 3-ші жолдастарымның арасында, 4-ші өзіндік баға.

Тапсырма орындалып болған соң психолог жеке-жеке  түсінік беріп шығады.

Түйе – шыдамды, ат – жылқы тектілік, сиыр – өкпелегіш, қой – жайдарлылық, ешкі – ұйымдастырушлық, ит – адалдық, мысық – би өрісі басым адамдар, тауық – шығармашылықпен айналысады, үйрек, қаз – ұқыптылық пен тазлық, үкі, байғұз – сақтық, қарлығаш – бауырмал, ақ көгершін, аққу – сезімді жоғары бағалайтындар, жыртқыш аңдар – қайратты, жігерлі адам- түлкі – бейімделгіш, жыртқыш құстар – сұсты адам, балық – еркіндікті қалайды, сайрайтын құстар – әнді жақсы көретіндер, елік, киік, тауешкі – талғамы жоғары адамдар, маймыл – әртістік қабілеті, жылан – салқынқандылықты, тасбақа – мейірімді, тиін, қоян – елгезектік, қырғауыл – күйгелек, наурызек – сергек,

3-жаттығу. «Сағат»

Тапсырма: Ақ параққа сағаттың суретін салып, оны белгілейміз.

Қатысушылар жылдам қимылмен  осы әр сағатқа кездесетін өздеріне жұп тауып жазады. Әр жұпқа сұрақ: 1-ші сағат 9: 00 егер сіз білім министрі болсаңыз қандай жаңалықтар ашасыз? 2-ші сағат 12:00 егер миллион тауып алсаңыз неге жұмсар едіңіз? 3-ші сағат 3:00 сізге екі жолдама берілді, қай елді таңдар едіңіз? 4-ші сағат 6:00 еркін тақырыпқа әңгіме.

12

9                3

6
Талдау: Басқа адамның сезімін құрметтеу дегеніміз не?

Таңдаған жұбыңыз сіздің ойыңыздан шықты ма?

5-жаттығу: «Базар»

Психолог: Әрбір адамның бойынан жағымды және жағымсыз қасиеттер кездеседі, осы қажеті жоқ жағымсыз қасиеттерден арылу үшін «Базар» жаттығуы өте пайдалы.

Шарты: қатысушылар өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін жарнамалап сатып, оның орнына әріптестерінен өзіне қажетті алады. Ойын соңында кімнен қанша қасиет сатып алғанын немесе қанша қасиет сатқанын айтып шығады.

Талдау: Қазір өзіңізді қалай сезінудесіз?

Бір нәрсені өзгерткенді қалар ма едіңіз?

Ерназарова Асыл Ахжановна

Ақадыр кенті, А.Ермеков атындағы ЖОББМ

базасындағы тірек мектебініңі (РО) психологы

 

Share.

Leave A Reply