Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
142 қаралым

Жақсы көңіл-күй жан қуанышы

0

Баймбетова Мира Қуатжанқызы,
Педагог-психолог, Саға мектеп-бала бақшасы, Ойыл ауданы, Ақтөбе облысы

Мақсаты: Оқушылардың бойларындағы жағымды эмоцияларды сезіндіру, өздерін сергек сезінуге жағдай жасау.
Көрнекілігі: Әріптер, музыка, қалам.
Түрі: Лагерь балаларымен жүргізілген тренингтер.

Барысы:
1. «Қанеки, амандасайық»
Қатысушылар психологтың дабылы бойынша бөлмеде шашырап жүреді. Жүрген кезде бір-бірімен амандасады. Психолог бір рет шапалақ ұрса бастарын изейді, екі рет – қолды ұстап, үш рет – иықтарымен, төрт рет – арқаларымен.

2. «Кім жылдам?»
Әр топқа әріптер таратылады. Сол әріптерге байланысты сұрақтарға жауап беру қажет.
І-топқа
1. Ертегі оқисың ба?
2. Сөмкеңде не бар?
3. Бөлме қандай?
4. Досың кім?
5. Анаңа еркелейсің бе?
6. Сабағың жақсы ма?
7. Аспанда не бар?
ІІ-топқа
1. Жасың нешеде?
2. Алма берсе жейсің бе?
3. Нені жақсы көресің?
4. Түнде түс көрдің бе?
5. Кімге сәлем жолдайсың?
6. Күн түнде бола ма?
7. Әріп пен дыбыс бір ме?

3.«Сиқырлы аяқ-киім»
Ортаға «Сиқырлы аяқ-киім» әкелінеді. Қатысушылар ретімен ортаға шығып, аяқ-киімді киіп өз арман-мақсаттарын ортаға салады.

Қорытынды:
Бүгінгі жұмысымызға өте жақсы қатысып өздеріңнің белсенділіктеріңді танытқандарың үшін көп рақмет! Алдарыңыздан әрқашан күн күлімдеп тұрсын!

Share.

Leave A Reply