Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
593 қаралым

Жасөспірімдердің мазасыздық деңгейін анықтайтын Кондаш тесті

1

Ибраева Балауса Алтайқызы

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Жолқұдық ауылы Қанаш Камзин атындағы орта мектептің психологы

Мақсаты: оқушылар бойындағы мазасыздық деңгейін анықтау.

Әдістемелікте жағдайлардың үш түрі қарастырылады:
1) мектеппен және мұғаліммен арақатынасқа байланысты жағдайлар
2) өзі туралы түсініктерді өзектеу жағдайлары
3) тұлға аралық қатынас жағдайлары

Нұсқау:
Тестің әрбір сөйлемін мұқият оқып жауабын 0,1,2,3,4 цифрларымен белгілейсіз.
0 – жағдай мүлдем жағымсыз көрінбейді (қобалжу жоқ)
1 – аздап қобалжытады
2 – жағымсыз, безетін жағдай
3 – күшті қобалжушылық, мазасыздық, үрей
4 – шеткі жағымсыз жағдай, өте күшті қобалжу, өте күшті үрей

Сұрақтар
1. Тақтаның алдында жауап бергенде
2. Бейтаныс адамның үйіне қонаққа барғанда
3. Жарысқа, сайысқа немесе олимпиадаға қатысқанда
4. Мектеп директорымен сөйлескенде
5. Өзіңнің келешегіңді ойлағанда
6. Мұғалім кімді сұраймын деп сынып журналына қарағанда
7. Сені сынап, сөккенде
8. Бір нәрсе істегенде саған қарап, сені бақылап тұрса
9. Бақылау жұмысын жазғанда
10. Мұғалім бақылау жұмысының бағаларын атағанда
11. Саған назар аудармағанда
12. Сенің қолыңнан келмей жұмысың орындалмағанда
13. Ата-аналарыңды жиналыстан тосқанда
14. Саған сәтсіздік төніп түр
15. Артыңнан біреудің күлгенін естігенде
16. Мектепте емтихан тапсырғанда
17. Белгісіз себептен саған ашуланғанда
18. Көп кісілердің алдында сөз сөйлегенде
19. Алдыңда маңызды ісің тұрғанда
20. Мұғалімнің сабақ түсіндіруін ұқпағанда
21. Сенімен келіспей дауласқанда
22. Өзіңді басқалармен салыстырғанда
23. Сенің қабілеттеріңді тексергенде
24. Саған кішкентай балаға сияқты қарағанда
25. Сабақта мұғалім күтпеген жерден сұрақ қойса
26. Сен жақындағанда басқалары үнсіз қалса
27. Сенің жұмысың бағаланғанда
28. Өз істерің жөнінде ойлағанда
29. Саған маңызды шешім қабылдау қажет болғанда
30. Үй тапсырмасын орындай алмағанда

Нәтиже 

Снимок4

Тесттің ұпайлар қосындысы мазасыздықтың жеке түрлері және жалпы тест бойынша есептелінеді. Нәтижесі келесі таблица арқылы жасалынады.

Снимок3

Ұсыныс. Қобалжулары өте жоғары оқушылармен психологқа коррекциялық сабақтар жүргізу, сонымен бірге жайсыз жағдайларды болдырмау үшін көптеген жұмыс жасау керек. Сынып жетекші, психологпен бірігіп әңгімелер, жеке әңгімелер, тренинг жаттығуларын жүргізуі қажет. Оқушылар таза ауада жиі демалу керек, дұрыс тамақтану, жақсы, лирикалық музыка тыңдау, қиын мақсаттар қоймау керек, қызықты, жеңіл кинолар көріп ұйқыны қандыру керек.

Әдебиеттер тізімі
Айтмамбетова Б.Р., Керимов Л.К. Оқыту әдістері. Алматы, 1992.
Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
Битянова М.Р. Практическая психология. М., М., 1997.
Венгер А.Л. Схема индивидуального обследования детей школьного возраста. М., 1999.
Крутецкий А.В. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1979.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1999.
Немов Р.С. Психология. В 3 томах. М., 1995.
Махмутов М.И. Развивающее обучение. М., 1976.
Мухина В.С. Изучение особенностей детской психологии. М., 1990.
Психологические тесты. М., 2002.
Психологические методы. Под ред. А.А.Бодалева. Ленинград, 1997.
Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995.

Share.

1 комментарий

  1. Салтанат on

    Нәтижесінде өзін өзі бағалаушылықта 2; 5; 12; 14 емес
    3 ; 5; 12….
    2 мен 3 орны ауысып кеткен ба?

Leave A Reply