Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
187 қаралым

Жасөспірімдердің креативтілігін дамытуда сурет терапиясын қолдану

0

Uralbaeva G2Уралбаева Гүлсара Тулеповна

Елек орта мектебінің психологы, Ақтөбе қаласы

Мақсаты: Жасөспірімдердің креативтілігін дамытуда сурет терапиясын қолданудың негізін анықтап, тәжірибеде тексеру

Міндеттері: Жасөспірімдердің креативтілігін дамытуда сурет терапиясын қолдану бойынша теориялық материалдармен таныстыру, талдау.

1.1 Арт-терапияның зерттелуі
Арт-терапия сөзін қазақшаға тура аударғанда «өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан Хилл болды.
Арт-терапияны жүргізу барысында қатысушылар саны 15-20 адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол жұмысты жүргізушіге, яғни психотерапевке де оңайға соқпайды. Топтың мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталған соң жасалған жұмыстарға талдау, қорытынды шығару да қиынға соғады.
Арт-терапияны жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және ешқандай кедергілері жоқ, әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады, атап айтсақ: соус, түрлі түсті қарындаштар, әр түрлі мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра, түрлі-түсті қағаздар, қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп, болмаса арқан және т.б. Кейбір сабақтарда маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция жасау үшін табиғи жане басқа да химиялық заттарды да пайдалануға болады.
Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалармен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолданыс аясы едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психоаналитикалық негізінен алыстауда [6].

2.1 Сурет терапияны тренинг сабақтарына қолданудың және диагностикалық құрал ретінде пайдаланудың әдістемесі
Жасөспірімдердің креативтілігін дамытуда сурет-терапиясы маңызды рөл атқарады. Сурет-терапиясын тұлғаның креативтілігін дамыту мен қатар диагностикалық қызмет атқарады, ол төмендегідей:
1. Дайындық кезеңі, яғни шығармашылық жұмысқа дайындық. Бұл кезеңнің міндеті — топ мүшелерінің спонтандық көркем сурет іс-әрекетіне дайын болулары және топ мүшелерінін өзара тіл табысып, қарым-қатынасқа түсе алуы. Бұл жерде психологиялық ойындар, қимыл-қозғалыс, билейтін жаттығулар, бейнелеу өнері кіреді. Осы жаттығуларды орындаған кезде саналы түрде бақылау жойылады да реалаксация жүреді. Визуалды, аудиалды, кинестетикaлық сезімдерді дамыту.
14-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге зерттеу жүргіздім.
Тренинг бастамастан бұрын біз зерттелушілерге келесі сұрақтар қойдым:
Сурет терапиясы дегеніміз не?
Қандай сурет салуды ұнатасындар?
Қандай өнерлерін бар?
Қатысушылардың бәрі қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысты. Одан кейін тренингтік сабақтар жүргізілді. Тренингтердің уақыты әр түрлі болды. Жалпы 10 тренингтік сабақ өтілді. Тренинг кең және жабық кабинетте жүргізілді.
Бірінші сабақ: «Балалық шаққа саяхат» деп аталады. Сабақ кезінде қатысушылар: жасөспірімдік шақтың негізгі психологиялық ерекшеліктерін игереді, бұнда ерте кездегі еске түсірулердің суреттері автордың оны қоршаған ортамен өзара байланысының өзінше бір метафорасы ретінде қарастырылады. Балалық еске түсірулердің сөздерімен бейнелері субъектінің ішкі өмірімен байланысты сезімдерді шығармашылық тұрғыдан айқындауға үлкен түрткі болып табылады.
Мақсатқа байланысты нұсқау балалық еске түсірудің эмоциялық бояуын таңдауға еркіндік қалдырады. Дәлірек айтқанда:
— жазбайтын қолмен балалық шақтың ең жарқын еске тусіруін салу;
— жазбайтын қолмен балалық шақтың ең белгілі оқиғасын салу;

Басы. Жалғасы бар.

Share.

Leave A Reply