Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
5 қаралым

«Жан жылуы» қамқоршылар күніне арналған тренингі

0

Еркелетпе ұлыңды, бұзып жүрер жиынды.
Еркелетпе қызыңды, барған жерде қиын-ды.
(Халық мақалы)

Мақсаты: Ата-аналардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту.
Міндеттері:
— Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
— Қайырымдылық қарым-қатынас жасау, іскерліктерін дамыту;
— Мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Жауқазын гүлдері, әдемі жүрекше, видеосюжет, проектор, слайд, бейдждер, баяу музыка.
Нақыл сөздер: Еркелетпе ұлыңды, бұзып жүрер жиынды. Еркелетпе қызыңды, барған жерде қиын-ды. (Халық мақалы)
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.
Жоспары:
Әлеуметтік педагогтың алғы сөзі
Қамқоршыларға сөз
Психологиялық тренингтер
Рефлексия

Әлеуметтік педагогтың алғы сөзі:
Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жандар жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы ошақтың оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Адам баласының ой-санасы өсіп ақыл ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі ерекше дәстүр. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс тіршілік әкеледі.

Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады. Отбасы берекелі тату болуы үшін, сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру ата-ананың ең маңызды міндеті.

«Сәлемдесу» жаттығуы
Ойынның мақсаты: қатысушылардың бір-бірімен сәлемдесу.
Барысы:
Күлім қағып көзімді, 1-2-3 деп соғайық
Қарсы тұрған көршіме қолымды мен бұлғайын
Жылы-жылы сөзбенен, басыннан мен сыйпайын
Жылы-жылы сөзбенен, жүрегімді сыйлайын
Ыстық алақаныммен, өолынды мен қысайын
Қарсы тұрған көршімді, құшақтап мен алайын.

Психологиялық ойындар мен жаттығулар
“Кім екенін тап” ойыны
Әрбір ата-ана өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды – ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жүргізуші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.

“Көпір” ойыны
Еденге бормен “көпір” (түзу) сызылады. Екі топ бір-біріне қарсы шыққан ойыншылар “көпірден” құлап қалмай өтуі керек. Ойыншылар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.Ойыншылар ойынға белсенділікпен қатысулары сұралады.

“Көңіл-күйімізді жаттықтыру”ойыны
Бүгін мен сіздерді актер болуға үйретемін. Мен сіздерге нені көрсетіңіздер десем, соны бет-әлпеттеріңізбен (мимикамен) бейнелейсіздер.
Қабағы түйілген, ашулы адамның кейпі;
Қасқырдан қорыққан қоянның, ұядан түсіп қалған балапанның, мысықтан қорыққан тышқанның, иттен қорыққан баланың бет-әлпеті;
Жылап тұрған адамды көрсету;
Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету;
Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу

“Құпия сөз” жаттығуы
Жетекші ата-аналарға арнап сұрақ даярлайды. Ата-аналарға аяқталмаған сөйлем әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Әрбір ата-ана ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтау керек.
Баланы үнемі сыңай берсе, ол (жек көруді)
Бала ызақорлықта өмір сүрсе, ол ( агрессивті болуға)
Баланы кемсіте берсе, ол ( кінәлі сезіммен өмір сүру)
Баланы шыдамды болуға өсірсе, ол ( басқаларды түсінуге)
Бала түсіністік пен достық та өмір сүрсе, ол ( бұл әлемнен сүйіспеншілікті табуға)
Түйін. Тез ойлап, шешім шығара білуге, шын көңілден жауап беру.

«Мадақтау және жазалау» тренинг
Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына сөгіс жариялау кезінде қолданылатын жазалау сөздерді жазыңыз.
Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, «Мадақтау және жазалау» деген тақырыпта сұрақ-жауап жүргізіледі.
Баланы жазалауға бола ма?
Қашан және қай уақытта?
Баланы мақтаумен бұзып алуға бола ма?
Баланы не үшін мақтауымыз керек?

Қорытынды:
Рефлексия. Құрметті ата-ана!
Сіздің өміріңіздің мәні – бала, сәні — бала. Салтанаты, махаббаты, мәртебесі — бала! Өйткені баланың өсуі отбасының көрмесі сияқты. «Жақсы әке — балаға өмірлік азық. Жақсы ұл – әулетке өмірлік азық» — деген бар. Сондықтан тәрбие мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Біз маман педагог ретінде, сіз баланың ең басты тәрбиешісі ретінде әрі айнадай өнегесі ретінде бір-бірімізге кеңес берейік, сөйлесейік, бірігейік. Біздің мәпелеген өсірген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат.

Оразалина Г.С.
Педагог-психолог,

«Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ

Share.

Leave A Reply