Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
67 қаралым

Дос болайық бәріміз

0

Баймбетова Мира Қуатжанқызы,
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-бала бақшасының педагог-психологы

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету

Көрнекілігі: Күн шуақтары, үй макеті, үлестірмелі қағаздар, қалам, музыка.

Барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар! Сабағымызды бастамастан бұрын тренинг ережелерімен танысайық.
Тренинг ережелері:
1. Бір-бірін сыйлау
2. Көңілді болу
3. Ұзақ уақыт сөйлемеу
4. Бір-біріне қамқоршы болу
Осы ережелермен келісесіздер ме?

1. Қызығушылықтарын ояту
Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер? (дәмсіз, тұзсыз)
Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады. Доссыз адамның өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.
«Доссыз адам – тұзсыз тағам!» — деп, бекерге айтылмаған. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар? (дос, достық )
Дұрыс балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дос болайық бәріміз»

2. Ассоциация қабылдау сезімі
Жаңа біз сіздермен «Доссыз адам – тұзсыз тағам» дедік.
Ендеше, «ДОС» сөзіне дәм кіргізейікші, дос қандай болу керек? Дос ол кім?
Балалар, алдымызда күннің көзі, күннің көзіне не жетіспейді? (сәулелер)
Ал, енді бұл күннің көзін достық шуақтарымен толтырайық.
(тақтада берілген күн «ДОС» сөзіне шуақтарын жазу )
ДОС: Көмектеседі, мейірімді, қайырымды, шыншыл, жанашыр, қамқоршы, ұқыпты, білімді, адал

3. Шаттық шеңбері
Ендеше, бір-бірімізбен қол алыса отырып, өз ұранымызды айтайықшы.
Дос болайық бәріміз,
Жарассын достық әніміз.
Иықтасып жүрейік,
Қиындықта бәріміз. (қимылмен көрсету)

4. «Достық. Бірлік» үйін салу
Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік. Үйді салуға бізге мақал-мәтелдер көмектеседі.
Мақал-мәтелдер
1. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
2. Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
4. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
5. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
6. Дос – жылатып айтады, дұшпан – күлдіріп айтады.
7. Күлме досқа — келер басқа.

5. Ән: «Дос болайық бәріміз»
Рефлексия:
Балалар бүгінгі тренингтен алған әсерлерің қандай?
Бір-бірімізбен дос боламыз ба?
Ендеше, балалар бір- бірімізбен дос болайық. Әр уақытта дендерің сау болып, тәртіпті, тәрбиелі балалар болып өсейік.

Share.

Leave A Reply