Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:

+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

225 қаралым

Достық және сыйластық

0

Исакова З.Т., психолог, Дәрібаева Б.Қ., әлеуметтік педагог,
«№2 мектеп- гимназия» ММ, Шалқар қаласы Ақтөбе облысы

Жұмыс түрі: ерекше назардағы оқушылармен жүргізілген дөңгелек үстел.
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейту, өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту, инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, интерактивті тақта, слайд, компьютер, үнтаспа, А3 қағазы, маркерлер, үлестірме қағаздар.

Сабақ барысы
Қызығушылықты ояту:
1,5 мин. Оқушыларды 5 саусақты қолғап арқылы «Достық» және «Сыйластық» деген екі топқа бөлу. «Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылып бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік.
Оқушылар екі түсті 5 саусақты қолғап арқылы «Достық» және «Сыйластық» деген екі топқа бөлінеді.
Әр топ оқушылары бір-бірінің қолынан ұстап, айналып тұрып, «Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» деп айтады.

1-тапсырма. Қандай дос болады?

2-тапсырма. Оқушылар тірек сызбамен жұмыс жасайды.
Дос деген кім?
• Сыр бөлісетін адам
• Мені өте жақсы түсінетін адам
• Көмекке әрдайым дайын адам
• Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам
• Сенімді адам

3-тапсырма. Бейне материал көрсету.
Интербелсенді тақтадан оқушылар бейне материал көреді, көзқарасын білдіреді.

4-тапсырма. «Сөйлемді аяқта» тренингі. Оқушыларға сөйлемдер беремін. Әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.
А) Әрбір адамға ДОС керек. Өйткені …
Ә) Сыйластық бар жерде …
А) Әрбір адамға ДОС керек. Өйткені …
Ә) Сыйластық бар жерде …

5-тапсырма. Жағдаяттан шығу.
1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

6- тапсырма «Жан досым» әнін орындау.
Қорытынды:
Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Не жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.
Қиналады сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң – ұйықтамайды олдағы.

«Сыр сандық». Тілек тілеу. Оқушылар бір-біріне жүрек жарды тілектерін айтады.

Share.

Leave A Reply