Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
423 қаралым

Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары

0

Сұлтанова Д.Сұлтанова Динара 

Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің психологы

Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана «орташа» кәсіпкерге айналады.

Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік — экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар, мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау.
Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден — әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз.
«Дарындылық» — бұл «дарын» сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық» — бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. «Дарындылық» түсінігі «қабілет» түсінігіне өте жақын. «Қабілеттілік» сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. Д.Н.Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша :
— табиғи дарын
— бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі [1]
Біз «қабілеттілік» сын есімінің бірінші сөздік мағынасында (мысалы, «қабілетті оқушы», «қабілетті жас ғалым») қолданамыз. Осындай жағдайда бұл терминдер, яғни «дарындылық» және «қабілеттілік» өте тығыз байланысты, мәндес, оларды айыра алмай да қаласың. Бірақ жоғарыда келтірілген «қабілеттілік» сөзінің басқа да мағынасы бар. Ол -жинақталған тәжірибе нәтижесі және ол толығымен соған бағытталады (Н.С.Лейтес).
«Қабілеттілікке» философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай түсінік берілген: «Қабілеттілік — бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс -әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері». Қабілеттілік индивидте бар білім, дағды, үйренуге бағытталмайды. Ол кейбір іс-әрекеттерді орындауда басқалардың әдістері мен тәсілдерінен тереңдегі мен беріктігінен көрініс береді және оған жетуге мүмкіндік беретін ішкі психологиялық регулятор болып табылады.
Дарындылық — бұл бірдей өмір шартында, қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Дарындылық — бұл тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық — бұл әлеуметтік құбылыс. Өйткені, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр.
Әлеуметтік ортаның дарындылыққа байланысты жүргізілген әр түрлі зерттеулерінің нәтижесі (әлеуметтік-экономикалық қатынастар, қаржылық қамсыздандыру, әлеуметтік – күнделікті шарттар т.б.) әртүрлі. Осыған байланысты келесідей тұжырым жасауға болады: әлеуметтік -экономикалық шарттар дарындылықтың дамуына әсер етеді, өйткені, олар адамның өмір деңгейін анықтайды. Қоғам экономикалық дамыған сайын, ол адам дамуы үшін қолайлы болып келеді.
Дарындылықтың дамуындада жанұя өте маңызды жағдай болып келеді, соның ішінде:
• жанұя құрылымы мен оның эмоционалды климаты;
• бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері;
• ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы.
Жанұя құрылымы мәселесіне жүгіне отырып, балалардың көбі (87%), толық жанұяларда тәрбиеленген деп айтуымызға болады. Жиі, 70% жағдайында жанүяда балалармен және ата-аналармен қатар, туыстарының ішінен біреулер: әжелер, апалар және ағалар, жиендері тұрады. Зерттелген балалардың ешқайсысында кіші сіңілі — қарындастары немесе інілері болмады. Р.Зайонц зерттеулері көрсетуі бойынша интеллектуалды дарындылық, жанүядағы балалар санынан тәуелді. Р.Зайонц бойынша, жанұяда іні мен қарындас, сіңлілер көп болған сайын интеллектуалдылықтың коэффициенті орташа болып келеді [2].
Дарындылық түрлерінің дифференцияциясы сыныпификацияға негізінделген критерий бойынша анықталады. Дарындылықта сандық және сапалық аспектіні бөлуге болады.
Дарындылықтың сапалық мінездемесін талдау бойынша түрлерді адампың психикалық мүмкіндіктерінің спецификасына және оладың қандай да бір іс-әрекетте көрінуіне байланысты бөлуді ұсынады. Дарындылықтың сандық мінездемесін талдау адамның психикалық мүмкіндіктерінің деңнейін сипаттауға мүмкіндік береді.
Ғалымдар дарындылық мәселесін зерттей келе, оның жалпы және әдейі немесе арнайы түрін бөліп көрсетеді. Дарындылықтың 2 түрі де іс-әрекеттің әр түрлілігі мен формасында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Осылай, жалпы ақыл-ой дарындылығы іс-әрекеттің барлық түрімен қамтамасыз етілгенде ғана орындалады. Олардың табысты орындалуы үшін белгілі ақыл-ой сапасы, «ақыл-ой қүндылығы» қажет болады [3].
Арнайы дарындылық, өзі ерекше ашылып көрінетін белгілі іс-әрекет түрлерімен байланысты (математикалық, техникалық, музыкалық, сурет салу өнері, ақындық дарындылық және т.б.).
Кәсіптік қабілеттерді зерттеумен танымал ғалым Ч.Спирмен ақыл-ой энергиясының жалпы факторы бар екенін көрсетті. Ол фактор түрлі іс-әрекеттің табысты шешілуін анықтайды.
Жалпы ақыл-ой дарындылығы ақыл-ой жетістігі талап етілетін жағдайдың бәрінде болады (жалпы сұрақ – әртүрлі жаттығуда индивидтің ақыл-ой қабілеті мүмкіндігінің бірдей болмауы). Мектептің жалпы білім беру шартындағы оқушылар арасындағы ақыл-ой қатынасы бойынша ерекшеліктер жоспарда бірінші орынға шығады.
Мектепте «орташа оқитын» оқушыны бағалау негізінде бағдарлау өткен уақыттарда қалды. Қазір біздің қоғамның жаңа дамуында қүрбыларын интеллект бел^ілерін көрсете отырып, озық еткен балаларға көңіл аудару — мектептің көкейтесті міндетінің бірі болып табылады.
Жалпы ақыл-ой қабілеттілігіне біршама психологтардың зерттеу жұмыстары арналған. «Ақыл-ой» мүмкіндігінің біртұтас сипаттамасын, жиі «интеллект» сөзімен белгілейді. Психологияда бұл термин аумағында дау-жанжал туылуда: интеллект құрылымының күрделілігі анықталуда, оның әр түрлі сапалы түрлері бөлінуде. Бірақ бұл терминнен бас тарту дұрыс емес секілді көрінеді. Ол таным және шығармашылық мүмкіндіктердің өзіндік деңгейін белгілеуге арналады (ақыл-ой сферасында), яғни көбіне «ақыл-ой дарындылығы» түсінігінің термині ретінде қолданылады.
Интеллект – өсіп жатқан адамның түрткі болулары мен ұмтылыстарымен біртұтас дамуы күмәнсіз. Ақыл-ой дарындылығы интеллектке сай келмейді. Дарындылық – бұл жеке тұлғаның ерекше құрылымы.
Ақыл-ой дарындылығының арнайы түрлері, яғни философиялық-теориялық жаттығуларға, қоғамдық іс-әрекетке, қандай да бір ғылым аумағында, техникаға немесе ұйымдастырушылық -практикалық іс-әрекет түрлеріне дарындылық – мәселенің маңызды бөлігі болып табылады [4].
Ақыл-ой дарындылығы – бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес келуі. Психологиядағы бар материалдар, мұғалімдер мен тәрбиешілерді ақыл-ойға байланысты дарынды балалардың 3 категориясына назар аударуға көмектеседі. Бірінші категорияда – өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар. Олар жиі мектепке дейінгі және төменгі сынып жасындағы балалардың арасында кездеседі. Екінші категорияда – арнайы, мысалы: математика немесе басқа ғылымның қандай да бір аумағында ақыл-ой қабілеттілігінің белгілері бар балалар. Мұндай оқушылар жасөспірім жаста байқалуы мүмкін. Үшінші категорияда – оқуда табысты болып үлгермеген, бірақ психикасының айрықшалығымен, танымдық белсенділігімен, сирек кездесетін ақыл-ой қорымен қамтамасыз етілген балалар енгізілген. Бұл жерде потенциалды немесе «жасырынды» дарындылық туралы сөз болып отыр. Мұндай ақыл-ой мүмкіндігі бар оқушылар жоғары сыныпқа дейінгі жаста жиі көрінеді.
Дарындылықты анықтауға төмендегідей әдістемелерді қолдануға болады.
Әдістеме атауы: Е.Е. Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі шығармашылық ойлауды зерттеу әдістемесі.
Мақсаты: Шығармашылық ойлаудың түрлі көрсеткіштерін — сөздік-шығармашылық ойлау, көрнекі-бейнелік ойлауды бағалау, дарындылықтың негізін анықтау.
Шығармашылық ойлау бағасының көрсеткіштері:
ой жүйріктігі (жеңілдігі, өнімділігі) – бұл шығармашылық ойлаудың жүйріктігін сипаттайды.
ой икемділігі – тез ойлауға көшуге сипаттайды.
ой ерекшелігі – ойдың даралығын білдіреді.
ойдың нақтылығы – шығармашылық ойлаудың логикалылығын, бірдейлігін, дұрыс шешімге келуді білдіреді.
Алынған нәтижелер сандық және сапалы талдауға, математикалық-статистикалық өңдеуге дайындалды.
Әдістемелік зерттеу нәтижелері.
Зерттеу зорлық-зомбылықсыз, ішкі қалау ниеті жағдайында өтті. Көптеген балалар өте үлкен ниетпен жауап берді.
1-ші субтест. Газетті қолдану. (вербалды сала).
Бұл тест бойынша кейбір балалар қиналды. Жиі кездесетін жауатар мынандай болды: «шапка, ұшақ жасау, газетті жамылу, астыға төсеу, оған бірнәрсе орау тағы басқа ерекше болған жауаптар: «палатка етіп, ойынға қолдану және газет коллекциялау пакеттерді жапсыруда қолдану».
Өте көп ұпайлар санын Марат (35), Гүлнәр (33) жинады.
2-ші субтест. Қорытынды.
Бұл тестке де көп балалар қиналды орташа алғанда 3 минут ішінде 3 жауап берілді. 0-ден 5 жауапқа дейін берді. 75 жауап берілді.
Жиі кездесетін жауаптар: «адамдар мен аңдар бір-бірін түсініп, әңгімелесетін болады. Бір-біріне қонаққа барып, көмектесетін болады».
Ал ерекше деп танылған жауаптар: «Аңдар олимпиадаларға қатысатын болады, ғылымды алға жылжытатын болады, теледидар құрайды, адамдармен бірге оқып — өмір сүретін болады».
Жоғары нәтижені 2 оқушы көрсетті.

3-ші субтест. Бейнелеу. (бейнелік сала).
Балалар түрлі өз қалауы бойынша суреттерді салуы тиіс болады. Көптеген балалар адам, клоуы, үй суреттерін салды.
Ал ерекше суреттер еркін тақырыпта болды. Олар: түнгі теңіз, шаршаған өзге планеталық адам, бассейндегі қайық, жемістері бар тәрелке.
4-ші субтест. Жасырылған форма.
Мұнда балаларға заттар жасырылып сипатталады. Олар сол зат сипатына орай жауап беруге тырысады. Жиі берілген жауаптар: шелек, адам, күн, тышқан.
Ерекше сирек жауаптар: тиын (ақша), көйлек, стақандағы шыбын, молекула, су перісі, шанышқы.
Алынған зерттеу нәтижелері арқылы балалардың шығармашылық ойлау табиғатын зерттеуге, әрі педагог-психологтар өз қызметтерінде қолдануға, ерекше дарынды, талантты адамдарды іріктеуде кеңінен пайдалануға болады.
Екі аса ерекше дарынды балалардың интеллект құрылымын зерттеу үшін Р. Амтхауердің тестісі қолданылды. Бұл тест кәдімгі топтық интеллектуалды тест болып табылады. Тест тапсырмалары вербалды және сандық материал әрі бейнелерден тұрады.
Әдістеме атауы: Р. Амтхауердің интеллект құрылымын зерттеу тестісі.
Әдістеме мақсаты: оқушылардың жалпы ақыл-ой деңгейін анықтауға мүмкнідік береді және жекелеген субтестілерді орындаудағы нәтижелілік — оқушылардың интеллектісінің жекелеген құрылымын бағалауға мүмкіндік туғызады.
Сынауға алынған балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктрі жайлы толық білу үшін, психогеометриялық тест қолдануды ұйғардық.
Психогеометриялық тест.
Әдістеме мақсаты: бес фигураны қалау бойынша жеке психологиялық мінездеме беру.
Әдістеменің жабдықталуы: 5 фигура (квадрат, шеңбер, ирек сызық) бейнелері салынған үлестірмелі бланк.
Әдістеме барысы:
Әдістеме келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі.
«Балалар алдарыңдағы, фигураларды ұнату ретімен алдарыңызға тізіп қойыңыздар».
Балалардың психогеометриялық типтерінің мінездемесі.
Балалардың көпшілігі ирек сызықты қалаған. Бұл фигура креативтілікті, шығармашылықты, интуитивтілікті, интегративтілікті, мозайкалылықты, бейнелілікті білдіреді. Ойлаудағы үстемдік еткен синтетикалық стиль болып табылады. Иректі ұнатқандарға түрлі идеяларды тудыру және соның негізінде ерекше бір жаңа нәрсені құру тән болады. Мұндай ойлау түрі иректі ұнатқандарға тұтас, үйлесімді бейнелер мен тұжырымдар құрастыруға мүмкіндік береді.
Иректі ұнатқандар – креативтілік символы шеңбер топты тұрақты етіп біріктіреді. Бұл балалар өте жақсы коммуникаторлар, өте жоғары сезімталдықпен, жетілген эмпатиямен ерекшеленіп, дараланады. Шеңбер де ирек сызық сияқты «оң жақ жарты шар» ойшылдары. «Оң жақ жартышар» ойлауы — өте бейнелі, интуитивті, эмоционалды боялған, талдағыштан гөрі интегративті болып табылады.
Линейлі формаларды (төртбұрыш, үшбұрыш, тік төртбұрыш) аз балалар таңдаған. Бұл психогеометриялық типтер талдағыштық «сол жақ жарты шарлы» ойлаумен және ситуацияны терең әрі тез талдауға қабілеттілігімен сипатталады.
Әдістеме атауы: Ньюттеннің мазасыздануды және қажеттіліктерді зерттеу әдістемесі.
Әдістеме мақсаты: Оқушылардың мазасыздануы мен қажеттіліктерін зерттеу және тұлға аралық және оқу іс-әрекетіндегі мазасыздануды анықтау.
Әдістеме атауы: Дарынды балалардың танымдық белсенділіктеріне зерттеу әдістемесі.
Әдістеме мақсаты: Дарынды балалар, олардың ата-аналарымен спонтанды әңгімелесу арқылы оның танымдық белсенділіктерін анықтау.
Әдістеме барысы:
Әдістеме негізінде мына идея жатыр: бала іс-әрекетінің басым бөлігінде танымдық қызығулар үлесі неғұрлым басым болса, соғұрлым ол шығармашылық тұрғыдан дарынды, әңгіме дарынды (2 бала) балалармен жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері.
Бір баламен ( 11 жастағы) әңгімелесу барысында оның бір апта бойына орындаған іс-әрекеттері жайлы жалпы, спонтанды мәліметтерге ие болдық. Ол мәліметтер төмендегілер:
Жуков және тағы басқа ұлы басшылардың тактикасы мен стратегиясын оқып-зерттедім;
Құмырсқалар мінез-құлықтарын бақыладым, және құмырсқа илеуінің санын санадым, бұзылған илеудегі құмырсқаларды басқа өмір сүру орталарына көшіріп ауыстырдым;
География, тарих және тіл тану бойынша кроссворд құрастырдым;
Мерекелік дастархан мәзірін даярладым;
Ине, қорғасында бал аштым;
Ақ және қара магияны, астрологияны оқыдым;
Садақ пен жебе жасадым;
Қыдырдым;
Ағылшын тілін үйрендім;
Шахмат ойнадым;
Генеалогиялық ағашым бойынша зерттеулерімді жүргіздім;
Өмірдің мәні жайлы өлең шығардым;
Қытай басшыларының династиясы жайлы оқыдым;
1856-шы жылғы ескі кітаптарды оқып бастадым [5].
Осы аталған тізімде достармен қарым-қатынастың жоқтығы осы баланың шынайы өмірін толық бейнелейді. Дәл осындай анасының баласының іс-әрекеті жайлы спонтанды әңгімесі де шамамен жоғарыдағыдай нәтижелер береді.
Дарынды баланың дамуындағы кедергілер анықталды.
Дарындылық мәселесі әрі қарай зерттеуді қажет етеді. Бұл көпжақты, көп құрылымды, көп сипатты мазмұнды да, мәнді де, құрылымы мен даму бағыт-бағдары әлі де көптеген ізденістерді қажет ететін, шеті табылмаған жұмбақты құбылыс пен процестің бірі болып табылады.
Әдебиеттерге шолу жүргізу, бізге дарындылық мәселесін әр түрлі көзқараста жүргізуге көмектесті. Берілген жұмыста дарындылықтың оқушыларда қалыптасуы мен дамуына көңіл бөлінді. Бұл зерттеу жұмысы дарындылық проблемасы бойынша көптеген сәйкес жұмыстарды толықтырады.

Әдебиеттер
1. Концепция выявления, поддержки и развития одаренных детей в Республике Казахстан. Дарын. Информационно-методический сборник. №3, 1999, с. 24.
2. Закон Республики Казахстан «Об обраовании» — Учитель Казахстана. №21-24, 1999.
3. Матюшкин А.М. Загадки одаренности. — Москва, 1993, 220с.
4. Чудновский В.Э. Одаренность: дар или … — Москва, Знание, 1990, с. 15-28.
5. Учителю об одаренных детях (пособие для учителя) под ред. В.П. Лебедевой. В.И. Панова – Москва, Молодая гвардия, 1997, с. 18-26.

Фото: psy-verum.nethouse.ru

Share.

Leave A Reply