Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
152 қаралым

Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиясы

0

Батырбекова Гүлімшат Барлыковна

Астана қаласы әкімдігінің «БПМӘМ» КММ тәрбиешісі

Жалпы білім беретін мектептегі балалардың үлгермеушілік мәселесі көптен бері педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және социологтардың көңілін алаңдатуда. Олар дамуы артта қалған балаларға жатпайтын, бірақ білім деңгейі шектелген балалар категориясын ашып тапты және оларды «Психикалық дамуы кешеуілдеген (ПДК)» деп атады.
М.С. Певзнер және Т.А. Власова (1968, 1973) ПДК баланың жеке бас қалыптасуындағы эмоциялық даму рөліне көңіл аударды. Баланың ПДК – ананың жүктілігінің алғашқы айларында түрлі патогендік факторлар арқылы орталық нерв жүйесіне әсер етілген қолайсыз жағдайлар арқылы пайда болатындығын анықтайды. Сонымен қатар, ПДК психологиялық-педагогикалық түзетумен қатар, емдеу шараларын да жүргізілу керектігі айқын болды.
Ендігі арнайы мектептегі тәрбие мәселесіне тоқталсақ, революциядан кейін арнайы мектептер ашыла бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзге жуық арнайы мектептер бар. Бұл мектептерде орыс және қазақ тілдерінде білім беріледі. Республикамыздағы арнайы мектептер балаларға білім беруде және тәрбиелеуде көптеген жетістіктерге жетті. Арнайы мектептің педагогикалық ұжымы білім беруде және тәрбие дәрежесін көтеруге өз үлестерін қосты.
Арнайы мектеп, жалпы мектептің тәрбиелік міндеттері бірдей. Арнайы мектептің тәрбиелік проблемаларына оқушының жеке ерекшеліктері, кемістіктері күрделеніп, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік жағынан жанұя, кемістіктің құрамы, жас ерекшеліктері, тәрбиешілердің арнайы білімдерінің жоқтығы жатады.
Сондықтан тәрбие процесі мұғалім мен тәрбиешінің жұмысына байланысты. сондықтан біз, яғни келешек ұрпақтың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі бала – болашақта қандай адам болатыны педагог пен тәрбиешінің жұмысына байланысты.
Ол үшін оқушыларға дәйекті білім беру мен мамандарды еңбек білімін, іскерліктерін және дағдыларын жариялау ғана емес, қалыпты адамға сай, адамгершіліктік сапаларын тәрбиелеу керек, яғни, еңбек сүйгіштік ұжымда жұмыс істей алу, кіші-үлкендерді сыйлау, жауапкершілік, адамгершілік. Тұлғаны қалыптастыруда және арнайы мектеп баласының ақауын түзетуде келесідегідей жағымды жағдайларды қалыптастыру керек:
Күн тәртібін орындау;
Жекелеген қатынас;
Әр түрлі үйірмелерге қатысу;
Жүйелі қадағалау.
Ұжым тұлғаның мінезіне толығымен әсерін тигізеді. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша «Ең бастысы – адам ұжымда қалыптасады, сол себептен бала ұжымын тәрбиелеу басты міндет болып табылады». Тәрбие процесін жүргізу үстінде тұлғаның жағымды жақтарын айқындау қажет және де есту мүшелері зақымданған балалардың қалыпты қызметке сүйене отырып, түзету жұмыстарын жүргізу керек.
Мектеп ұжымының іс-әрекеті баланың арасындағы қарым-қатынасты ұлғайтады. Балалардың қарым-қатынасын сабақта және сабақтан тыс уақыттарда да ұйымдастырады.
Қазіргі уақытта арнайы мектепте, жалпы мектептегідей сынып жетекшісі оқытады және тәрбиелейді. Сынып жетекшісі – өзінің сыныбына тәрбие жұмысын қалыптастыру болып табылады. Арнайы мектеп оқушылары қозғыш болып келеді. Мұғалімдерді тыңдамай, жан-жағына алаңдап, қасындағы жолдасына жұмыс жасауына мүмкіндік бермей, кедергі келтіреді. Осы себептен арнайы мектепте тәрбие мазмұнының рөлі аса зор. Мұғалім оқушыға тек бір жақты қарамай, оның мінез-құлқына, кемістігіне, дәрежесіне, денсаулығына аса зор мән беруі қажет. Кейбір есту қабілеті зақымданған балалар қарапайым нәрсені орындаудан бас тартады. Мұндай кезде мұғалімнің талап қойғыштығы болуы керек. Балаға бас салып ұрыспай, оған түсіндіру, дұрыс жолға бағыт беруі тиіс.
Церебралды органикалық негізде пайда болған ПДК балалардың таным әрекеттері бұзылған, ойлау, зейін т.б. жеткіліксіз деңгейде, баяу қимылдайды, бір істен екінші іске ауысуы да жай, төмен. Тіпті оңға-солға бағдарлану, жазу, қағаз бетінде бағдарлану да қиынға соғады.
Аномалды балалар үшін оқу жоспары мен оқу бағдарламалары, оқыту мен еңбек дайындықтары, ортақ жүйелі арнайы оқу-тәрбие мекемелері құрылған. Олардың негізінде жалпы қоғамдық қол жеткізу және міндеттелген білім беру принциптері жатады. Аномалды балаларға білім және тәрбие беру дайындықтарын мемлекеттің педагогикалық жоғарғы оқу орындарының дефектологиялық факультеттерін тамамдаған квалификациялы мамандар мен ұстаз дефектологтар қамтамасыз етеді.
Ақыл-ой дамуы бұзылған балалардың орталық жүйке жүйесінің органикалық (табиғи) зақымдануы (ЦНС) баланың таным процестерінің өте төмендеуіне және ақыл-ой дамуының іркілуіне әкеліп соғады. Олигофренопедагогика – осындай балаларды оқыту, тәрбиелеу және зерттеу мәселелерімен айналысатын арнайы сала. Термин «олигофрения» (грек. olygos – аз және phren – ақыл) неміс психиатры Э.Крепелиннен басталған. Арнайы әдебиеттерде 60 жылдарға дейін «ақыл-ес дамуы артта қалған» терминімен бірге, «кем ақыл, ақымақтық» термині де қолданылады (кейде қазірде қолданылады). Ақыл-есі дамымай қалған балалардың көбісін олигофрендер құрайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды арнайы оқытудың және тәрбиелеудің негізгі міндеті ақыл-есі кем балаларды мектепке дайындау барысында олардың дене, ақыл-ой және адамгершілік даму мүмкіндігін барынша қамтамасыз ету. Біздің елімізде арнайы м.д. мекемелерінің жүйеленген жүйесі құрылған.
Арнайы балабақша және балалар үйіне, қосымша-мектепинтернаттарға төрттен сегіз жасқа дейінгі балалар қабылданады. Білім беру жүйесінде арнайы яслилер, психоневрологиялық санаторийлер бар. Бөбектер тобына екі жастан қабылданады. Ақыл-есі кем балалардың дамуы өмірдің бірінші күнінен бастап дені сау балалардан әжептеуір бөлектеніп тұрады. Оларда бастарын дұрыс ұстау, отыру, тұру, жүру сияқты қимылдар кеш басталады. Мектеп жасына жеткенге дейін оларда көрнекі-бейнелік міндеттерді шешу қабілеті қалыптаспайды. Тіпті ойын процесінің өзі оларда заттың әрекет барысында белгілі бір деңгейде пайда болуы мүмкін. Арнайы оқытусыз ақыл-есі кем балаларда негізгі әрекет ойын емес – зат қана болып табылады. Ал, еңбек іс-әрекетінің элементтері (өзіне-өзі қ. ету) мұндай балаларда қоршаған орта талабының ықпалымен қалыптасады (отбасында осыған көңіл аудару қажет). Тіл дамуы да ерекше артта қалады, алғашқы сөздер оларда үш жастан кейін, фразалар мектеп алдында ғана пайда болады. Ақыл-есі кем балаларда жеке бас дамуының шарттары да қалыптаспайды, әдеттен балалар үш жастан бастап өзіндік «Мен» деген ойға ие болса, ақыл-есі кем балаларда тек алты-жеті жас кезінде өзін-өзі сезінудің алғашқы белгілері пайда бола бастайды, олардың мінез-құлқы ырықсыз сипатта болады. Бұл балалардың ересектермен, жолдастарымен қарым-қатынасы да басқаша қалыптасады (отверженные – аластатылу, шеттетілу).
Гидроцефалиядан асқынған олигофрения – гидроцефалия тұрақты секреция бездерінің және оларды сіңіру шарттарының балансы бұзылуының нәтижесінде пайда болады. Бұл бетпішініндегі бас ми аймағы ұлғаюымен сипатталады – құрылысы және субарах пайдалды аймақ.
Гидроцефалия – дамушы және өтеуші болып бөлінеді. Кейбір жағдайда дамушы гидроцефалияның әсерінен ішкі (черепное давление) нормаға келеді, сөйтіп бұзылыс өтелуші сырқатқа айналады. Өтелуші сырқат кезіндегі ми құрылысы кеңейген күйі қалады.
Осы уақытқа дейін гидроцефалия жайлы нақты мәлімет жоқ. Ақыл-есі кем балалар гидроцефалия кезінде 0,4-2,0% қана байқалады. Гидроцефалия жұмысқа қабілетінің төмен болуымен сипатталады (зейін аударудың бұзылуы). Мінез-құлықтың өзіндік өзгеруі (жанындағылармен өзін салыстыру төмендейді, жағдаймен санаспайды).

Share.

Leave A Reply