Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

Бітірушілерге психологиялық көмек көрсетуге арналған жаттығулар

0

Саденова Ақмарал Умбетовна,
Педагог-психолог,  «№ 19 орта мектебі» КММ, Рудный қаласы

Бітіруші сынып оқушыларына ҰБТ-ны сәтті тапсыру мақсатында, мектептерде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Күнделікті сабақтан соң оқушылардың білімдерін шыңдау мақсатында қосымша сабақтар өткізілу мен қатар оларға психологиялық тараптан көңіл-күйді көтеру, қорқу, қобалжу, үрейді жеңу, бос уақытында немен айналысу, көз талғанда, зейін тұрақтылығы, есте сақтауды дамыту жаттығулары жүргізілуде. Мысалы:

«Сағат тілі» жаттығуы.
Нұсқау: қатысушыларға сағаттың суреті бинеленген қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді: Мысалы:
13-14 аралығы – амандасу
15-16 аралығы – күлімдеу
17-18 аралығы — комплимент айту
аралығы – басынан сипау
аралығы – қол алып амандасу
23-00 аралығы – мимика арқылы сыйлық сыйлау

«Қолдағы хат».
Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін келесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.

Мақаланың толық нұсқасын журналдың 2017 ж. №2 санынан оқыңыздар. 

Журналға жазылу

Share.

Leave A Reply