Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

108 қаралым

Бірге қадам жасау көңілді!

0

Оразбаева Аксаулеш Оразбаевна,

Педагог-психолог,

Петропавл қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі


Мақсаты: Топтың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау, топта өзара бірлесе жұмыс істеу және бір-бірлерін тыңдай алу қабілеттерін дамыту, шығармашылық потенциалдарын ашу.

Стимулдық материалдар: қағаз өлшемі 1х2м, түрлі-түсті қарындаштар, журналдар, желім, қайшы, әріптер жазылған үлестірмелер.

Тренинг жоспары:

1. Кіріспе сөз.

2. Сергіту сәті «Бинго!».

3. «Эрудит» жаттығуы.

4. Ми шабылуы.

5. «Топтың профилі» жаттығуы.

6. Рефлексия

1. Кіріспе сөз. Сәлеметсіздер ме, достар! Тренинг кезіндегі орындайтын жаттығулар арқылы сіздер бүгін бір-бірлеріңізді жақсы білетін боласыздар, өзара қолдау көрсету, бір-бірлеріңізге сенім білдіре алуға мүмкіндік болады. Топтық ойындар арқылы өз белсенділіктеріңізді көрсете алу арқылы өзіңіз жайлы, өзгелер жайлы, команда туралы ақпарат біле аласыздар.

2. Сергіту сәті «Бинго!». Қатысушыларға «Бинго» — формуляр беріледі. Әр қатысушы жазылған пікірге сәйкес қатысушыны тауып, сол торға қол қоюын сұрайды. Кім ең бірінші бес түрлі қолтаңбаны тігінен, ұзыннан және көлденең жинайды «Бинго» деп дауыстап айтуы тиіс. Ол қатысушылардан  жинаған қолтаңбалардың иелерінің есімдерін айтуы қажет.

Қатысушылар ұсынылған формулярға және оның торына өз қолтаңбаларын бір-ақ рет қоя алады. Кестеде пікірлердің әрбіреуі қатысушылардың біреуіне сәйкес келуі керек.

«Бинго»-формуляр

Есімінде «М» әрпі бар Тасбақа ұстайды Отбасында жалғыз бала Бірнеше тілде сөйлейді
Биге қатысады Есепті жақсы шығарады Туған күні жаз мезгілінде Театрға жиі барады
Домбыра тартады Коньки тебе біледі Үнемі сабаққа кешігіп келеді Ән айтады
Суретті жақсы салады Демалыс күні көркем фильм көрді Анекдотты жақсы айтады Өлең шығарады

 

3. «Эрудит» жаттығуы. Бұл ойын қатысушылардың бір-бірлерін жақсы тани алуға мүмкіндік береді және  бірге шығармашыл жұмыс барысындағы дайындыққа көмектеседі.

Әр қатысушыға алфавиттің әріптері жазылған үлестірмелер беріледі (Ё, Ю,Ъ, Ь әріптерін алмауға болады). Төрт үлестірмеге * белгісі салынады. Жұлдызшасы бар үлестірме – бұл джокер, оны кез-келген әріп ретінде қолдануға болады. Егер топ үлкен болса, дауысты дыбыстардан тұратын және жиі қолданылатын әріптерді қосымша беруге болады (мысалы, А, Е, О, И, П, М).

Ойын ережесі:

«Басталды!» деген сөзді естігенде әр бір қатысушы бір минуттың ішінде сөз құрауға болатын әріптері бар үш адамды табуға тырысады (өзінің әрпін қосқан кезде). Джокердің ойын барысындағы міндетін айту. Бұл картаның иесі тез арада өзіне серіктес табады. Төрт ойыншы сөз құраса, жоғары көтеріп тосады. «Тоқта!» деген белгі берілген кезде ойын тоқтатылып, әр кім өз орнында қозғалмай тұрады да құрастырылған сөздерді қатысушылар дауыстап оқиды. (Топтарға сәтті орындалған жұмыс үшін алғыс білдіруге болады). Келесі «Басталды!» деген белгі берілген уақытта алғашқы «квартеттар» таратылады да қатысушылар жаңа сөз құрауға басқа қатысушыларды іздей бастайды.  Бұл ойынға әр бір қатысушы қатыса алатындай 5-8 рет өткізуге болады.

4. Ми шабыулы. Тренингке қатысқан әр қатысушы өзінің «команда» түсінігін айқындайды. Бұл қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ ұжымның көзқарастары сіздер үшін қызықты және күтпеген жауаптар болуы мүмкін.

а) егер команда құрылыс болатын болса, ол …

б) егер команда түс болатын болса, ол қандай түс …

в) егер команда музыка болатын болса, ол …

г) егер команда геометриялық фигура болатын болса, ол …

д) егер команда фильмнің аты болса, ол …

е) егер команда көңіл-күй болса, ол…

— Қандай жауап сіз үшін қызықты болды? Қандай жауап сізді таң қалдырды?

5. «Топтың профилі» жаттығуы. Қағазға адамның дене бітімін салу (бір қатысушы қағаз бетіне жатады, келесі адам пішінді бастырады). Топ шағын үш-төрт адамдардан тұратын топтарға бөлінеді. Салынған адамның дене бітіміне әрбір команда берілген сұрақтар бойынша жауап беріп, көрсетілген дене мүшелеріне сипаттама жазу керек.

Сұрақтар:

Бастың маңы: топтық жұмысты орындау барысында біз не туралы ойлаймыз?

Көздің маңы: біз нені шын ниетпен қабылдаймыз?

Құлақтың маңы: біз нені шын көңілмен тыңдаймыз?

Еріннің маңы: біз жиі не туралы айтамыз?

Қарынның маңы: біз қандай тағамды тамсана жейміз?

Жүректің маңы: біздің жүрегімізге не жақын?

Иық: бізге қандай мәселені шешу қажет?

Оң қол: қандай жұмыстан біз рахат табамыз ?

Сол қол: бос уақытта немен қуана айналысамыз?

Оң аяқ: біз болатын мәдени орталықтар?

Сол аяқ: біз қуана – қуана барғымыз келетін орындар?

Оң жамбас/сан: біз неден қорқамыз?

Сол жамбас жамбас/сан: біз өзімізге нені тілейміз?

Әр топтан істелген жұмыс бойынша айтып шығады.

6. Рефлексия.

— Топтық жұмыстан мен қандай күш алдым?

— Топтық жұмыс барысында мен қалай қолдау көрсеттім?

— Топта менің тарапынан қандай келеңсіздік немесе қолайсыз жағдай орын алды?

 

Пайдаланылған әдебиет

1. Фопель К. Групповая сплоченность. Психологические игры и упражнения. Пер. с нем. –М.: Генезис, 2010.-336 с.

2. Практикум по психологическим играм с детьми и подростками / под общей ред. М.Р.Битяновой. – СПб.: Питер, 2008.-304 с.

Share.

Leave A Reply