Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
341 қаралым

Білім беру жүйесін қашықтықтан оқыту арқылы ұйымдастыру негіздері

0

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми – әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын өндірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.

Тәжірибе көрсеткендей, жоғары білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру маңызды болып табылады. Қазір көптеген ЖОО-да қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық жүйелер негізінде қашықтықтан оқытудың элементтері енгізілген.

Қашықтықтан оқыту технологиялары ҚР білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігімен табысты біріктірілуіне, білім беру нарығында ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Осы себептерге байланысты Қазақстанның көптеген ЖОО-лар қашықтықтан оқыту технологиясын таңдап, құрылымын жетілдіруде ұйымдастырушылық жұмыстарын жасауда.

Қашықтықтан оқыту технологиясын жүзеге асыруға педагогтардың дайындық деңгейін қалыптастыру, қайта дайындау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мазмұны, формасы мен әдістерінің ғылыми негізделген және тәжірибелік –педагогикалық зерттеуде тексерілуі студенттерді оқытудың халықаралық стандарт сапасына сәйкес келетін жоғары білім берудің қазақстандық жүйесін құру тәжірибесіне талап етіледі.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үздіксіз және тұрақты процес болып табылады. Оқыту технологяларының жетіліп дамып отыруды қашықтықтан оқыту қызметкерлеріне қойылатын талатардың жоғарлауы үздіксіз дайындық шартын сипаттайды.

Қашықтықтан оқыту кезінде оқу процесіндегі білім беру формасы шығармашылық түрде оқу процесінде келесі түрде беріледі: дәрістер, семинарлық және практикалық сабақтар, лабораториялық практикум, бақылау жүйесі, студенттің зерттеушілік және өзіндік жұмысы.

Ал қашықтықтан оқыту жүйесінде студенттердің өзіндік жұмыстары кеңейе түседі. Өзіндік жұмысы зерттеулік және оқу әдебиеттерімен, баспа ісінен шыққан қағаз тасымалдаушыларында көрсетілген уақыт өтті деп айтуға болады, қазір өзіндік жұмытың басты нысаны бағдарламалар, тестілік жүйелер және ақпараттық база мәліметтері. Қашықтықтан оқыту барысындағы студенттің өзіндік жұмысы оқу процесіне уақытты үнемдеу тәсілін әкелді. Қашықтықтан оқыту негізіне қарамастан өзіндік жұмыстың субьектілері болып оқытушы және студент болып есептеледі. Қазіргі білім беру саясатында және қашықтықтан оқыту кезінде студенттің оқуға деген танымдық қызметі оқытушымен бірдей деңгейде деп айтсақ қателеспеспіз. Сондықтан қашықтықтан оқыту технологиясының тиімділігі ол күндізгі бөлім студенттерін қашықтықтан оқытуда.

Білімді бақылау технологиялары. Педагогикалық бақылау негізінен оқу процесін ұйымдастыру, қадағалау формасы болып есептеледі, себебі студенттің оқу – танымдық қызметін қалыптастыра отыра, студентке педагогикалық шеберлікті бере тұра, біз бір нәтижені алуымыз қажет. Қазіргі жағдайда қарқынды түрде оқытудың барлығы педагогикалық бақылау болып есептеледі, бірақ бақылаудың формасы өзгермейді.
Оқу материалдарын ұсыну технологиясы. Оқу процесінде оқу материалдары әр түрлі рөлдерден (негізгі және қосымша), оны алу әдісі әр түрлі (локалды және желілік), ақпараты беру сипаты бойынша. Қашықтықтан оқыту барысында көптеген жұмыстар жеке оқытылады видеодәрістер, арнайы жасалған оқулықтар, компьютер көмегімен алынған күрделі, терең бағдарламалар, олармен кері байланыс жасау әдістері, міндетті түрде осылардың қайсысы ақпаратты оқыту формасын нәтижелі түрде беруіне болатынына көзімізді жеткізу керек. Қазіргі білім беру жүйесіне арналған педагогикалық мамандар біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау мәселесі кешенді теориялық және практикалық шешімді талап ететін ең өзекті мәселе.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:
1. Кейс – технология – оқытушы – тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиялық оқу – әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

2. Желілік технология – білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу – әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген.

Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары:
1. Білім алушыларды қашықтықтан оқытуға арналған оқу- әдістемелік материалдарымен қамтамасыз ету үшін қашықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша электрондық оқу- әдістемелік кешені болу керек.

2. Электрондық оқу- әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітіліген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады.

3. Әрбір пәннің электрондық оқу- әдістемелік кешені міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады:
Туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты орнату; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тыңдаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғары деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның құралдарымен жұмыс істей білуі керек.

Қашықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде бейіндік кәсіпорындардағы, мекемелердегі немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуі мүмкін.

Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады.

Манав Лашин
Педагог-психолог, №22 негізгі орта мектеп-интернаты КММ
Октябрь ауданы, Қарағанды қаласы

Share.

Leave A Reply