Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
43 қаралым

Білім беруді нейромифтерден арылтыңыздар

0

Нейробиологияның жетістіктері көптеген аңыздарды тудырып үлгерді, олар күмәнді әлеуметтік-мәдени тұжырымдамалармен бірге білім беру саласына тереңдеп еніп те кетті.
Нейробиологиялық жаңалықтар практикалық іс-әрекеттің түрлі салаларында, оның ішінде білім саласында молынан қолданылуда. Шынымен де, мидың жұмысы туралы мәліметтерді оқу бағдарламалары мен әдістемелер мен т.б. қолданбағанда қайда қолданасыз? «Ми», «МРТ» деген сөздер кездесетін ғылыми-танымдық, және терең ғылыми мақалалардың көпшілігі алынған мәліметті «білім беру тиімділігін арттыру үшін қолдануға болады» деп аяқталады.
Әрине нейробиологиялық мәліметтер аутизм, дислексия және т.б. психоневрологиялық бұзылыстары бар балаларды оқытуда немесе шетел тілін оқытудың тиімді технологиясын құруда көмектесе алады, тиіс те. Алайда, кез-келген ғылымдағы тәрізді, нейробиологияның да, әсіресе адам миы жөніндегі өз мифтері бар, және бұл сала қазір ерекше қарқын алуда. Сонымен бұл аңыздар психология мен педагогикаға еш алаңсыз сіңуде.

Адам әлемді тануы үшін, сезімдердің біреуін ғана таңдауы міндетті емес (Rainer Holz фотосы)
Танымал британдық педагог Том Беннет New Scientist журналында жарияланған мақаласында осы аңыздардың бірқатарын атап көрсетеді. Көптеген нейробиологиялық аңыздар, тексерілмей тұрып, «халыққа» тарап кетті, — деп жазады. Тіпті тексеру бастапқы нәтижелерді жоққа шығарса да, психологтар, әлеуметтанушылар, педагогтар және басқа «халықтар» нейробиологиялық ойыншықтан айрылғылары келмейді.
Ең танымал мысалдардың бірі – оң және сол жартышарлы адамдар туралы. Мұның барлығы 1961 ж. эпилепсияға (атап айтамыз: эпилепсияға шалдыққан науқастар) шалдыққан науқастардың ми жартышарлары арасындағы байланыстың үзілуі кейбір когнитивтік міндеттерді орындауды қиындататыны жайлы Роберт Сперридің мақаласынан бастау алды. Осы мәліметтердің негізінде ми екі жартышары – әрқайсының өз жадысы, өз түйсіктері және өзіндік психикалық үдерістер ерекшеліктерінен тұратын екі түрлі ми деген идея туды. Бұрындары мұндайды тек маймылдардан ғана байқауға болатын еді. Сәйкесінше, мидың қайсыбір жартышарының ерекшеліктерін араларындағы байланысы бұзылмаған, нормадағы кезінде де байқауға болады, сол арқылы қайсысы басым екендігін көруге болады деген ой туды.
Бастапқыда бұл болжам біршама дәлелдер тауып, ол Дюссельдорф университетінен (Германия) Гереон Финк пен Оксфорд (Ұлыбритания) Джон Маршалл миды сканерлеу арқылы «жартышарлық басымдықты» байқағаннан соң, шарықтау шегіне жетті. Сол сәттен бастап, адамдарды оң жартышарлы шығармашыл адамдар мен сол жартышарлы логикалық адамдарға бөлу тұжырымдамасы жалпы қолданысқа еніп кетті десек болады. Студенттерді әлі күнге дейін қай «жартышарға» жататынын анықтауға арналған психологиялық тесттерді өтуге мәжбүрлеу бар.
Ең күлкілісі, бір жыл өткен соң Финк пен Маршалл өз эксперименттерін қайталап өткізгенде – қарама-қарсы нәтиже алады. Енді ешқандай «жартышарлық басымдық» байқалмады. Бірақ енді бәрі кеш еді – нейробиологтар әлі күнге дейін осы әдемі әрі қарапайым тұжырымдаманы жоққа шығаруға мәжбүр. Қазір тұлғаның ми жартышарларына байланысты жалпы поляризациясы жоқ, ми жартышарлары үнемі өте күрделі түрде өзара әрекеттестікте деп саналады, бірақ бұл «деп саналады» көпшілік бұқараға, оның ішінде психологиялық-педагогикалық бұқараға әлі жеткен жоқ. Үлгермеуде!

2011 ж. мысалы «жалпы оң жартышарлы болу» қозғалысы ұйымдастырылды. Оның басында нью-эйдж-гуру Дипак Чопра тұрды, ол түсінікті де, және – сюрприз! – білім беру мәселелері жөніндегі британдық кеңесші Кен Робинсон тұрды. Тағы да мысал: «Болашақ оң жартышарда» атты Дэниел Пинктың 2005 ж. шыққан кітабы әлемнің 20 тіліне аударылды, және әлі күнге дейін New York Times газетінің бестселлерлер тізімінде тұр.

Егер тіпті сіз көркем-креативті дүниелерге икемділігіңізді сезінсеңіз, ол сіздің миыңыздың сол жартышары оңмен салыстырғанда екінші орында дегенді білдірмейді.

Бірақ жартышарлар – ол әлі жартысы ғана. Том Беннетт білім беруге одан да бетер зиян келтіруші теория туралы әңгімелейді. Бұл жерде адамдар әлемді қабілдауы бойынша әрқилы деген түсінікке негізделген оқыту стилі туралы сөз болуда. Біреулер көргенді, екіншілері тыңдағанды ұнатады, тағы біреулері оқушы-жазушылар мен кинестеттер дегенді білдіреді-мыс. Сәйкесінше, балаларды мектепте олардың типіне қарай оқытқан абзал: біреулеріне суреттер көрсетіп, екіншілеріне оқуға кітап беру және т.с.с.
Мысалы осы идеяны Ұлыбританияның білім министрілігі іліп әкетіп, педагогтарға осыны негізге алуды ұсынды. Оқыту стилдері өсе бастады, қазіргі күні олардың саны 71-ге жетті. Алайда, біріншіден, мұндай типизацияның пайдалылығына кепіл беретін анық нейробиологиялық дәлелдер жоқ. Екіншіден, оқыту типтерінің көбеюі әр балаға жеке тұрғыдан келуді білдіреді: ой жалпы жөнді, бірақ, ол қазіргі кезде ұмытылып кетті.
Тағы бір мысалға прогрессивті, бірақ негізсіз теорияның біріне Говард Гарднердің көптік интеллект теориясынан шыққан эмоциялық интеллект болжамы теориясын жатқызуға болады. Оның мазмұнын қысқаша айтсақ, эмоцияларды басқару арқылы өзіміздің ойлауымызды «дамытуға» болады дегенге саяды. Яғни, өз эмоцияларыңызбен айналысу арқылы, сіз көрнекті академиялық жетістіктерге жетесіз. Бастапқыда эмоциялық интеллект кәдімгі интеллектпен байланысты деген кейбір нейробиологиялық дәлелдер болды, алайда ізінше, жан-жақты талдаудан соң бұл мәліметтер жоққа шығарылды. Қазірде нейробиологтар ми Гарднердің көптік интеллект теориясындағыдай жұмыс істемейтіндігіне көз жеткізуде. Гарднердің өзі де теориясының шынайы өмірде дәлелі табылмағанын мойындауға мәжбүр болды.
Егер эмоциялық интеллектке оралсақ, онда тағы бір мәселе шығады: бұл теорияда кім қалай түсінгісі келсе, солай түсінетін ұғымдар бар. Бір қарағанда, эмоциялық интеллектінің тиімділігін объективті көрсеткіштер көмегімен — осы интеллектіні құрастырушылардың академиялық үлгерімдеріне қарап-ақ, тексеруге болатын тәрізді. Алайда, 2005 жылы америкалық психолог Фрэнк Лэнди эмоциялық интеллект пен академиялық үлгерім арасында ешқандай байланыс жоқтығын, тіпті статистикалық корреляция туралы сөз қозғаудың өзі артық деп хабарлады.

Тағы бір миф зеректікке көмектесетін «ақылды дәрілер» немесе ноотроп препараттар туралы аңыздармен байланысты. Бұл жерде аталмыш препараттар миды күрделі жағдайларда, ауырғанда және т.б. жағдайларда қолдап, қосымша көмектеседі деп түсіну керек. Мұндағы ақыл қосып, ойлауды жылдамдатады дегенге, былайша айтқанда сену қиын; мұндай дәрілерддің жоғарғы когнитивтік қызметтерге (олардың қауіпсіздігіне де) ықпал ететіні жөніндегі мәліметтер өте-мөте аз. Осы тұста бірқатар америкалық ЖОО-да студенттердің төрттен бірі, мысалы, зейін нашар болғанда қолданылатын атомоксетинді бұл дәрі ойлауға көмектеседі деп саналғандықтан ғана қолдана алады.
Түрлі психологиялық теориялар аз емес, көп. Алайда, қазір, магнитті резонансты сканерлеуге арналған аппараттың жаңалықтары ашық, әуесқой БАҚ-та голливуд жұлдыздары туралы өсек-аяңмен және басқа да ақпараттармен бірге шығатындықтан, адам баласы нейробиологтар кез-келген әлеуметтік-инновациялық далбасаларды негіздей алады деп шешті. Осының барлығын қарап отырып, мысалы, ақуыздың биосинтезін зерттейтін мамандар – бұқараның қолы жетпейтін рибосома деген объектіні зерттеуге мүмкіндік бергені үшін аспанды ұлықтауларына болады.
NewScientist материалдары бойынша дайындалған. Материалдағы фото Shutterstock-ке тиесілі.
http://compulenta.computerra.ru/

Share.

Leave A Reply