Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:

+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

302 қаралым

«Білу және түсіну» өсиет әңгіме

0

Үкі бәрін, тіпті одан да көп білетін. Оны ешнәрсемен таң қалдыруға болмайтын. Кез-келген жаңалықты ол құлықсыз тыңдап, үнемі былай дейтін:
— Мұның бәрін мен осыдан жиырма жыл бұрын білгем.
— Сен білесің бе?.. деп біреулер сұрайтын.
— Баяғыдан білемін, басқа жаңа бір нәрсе айтпайсың ба, — деп жауап қатушы еді.
Тіпті керемет оқымыстылардың өзі, Үкі оларға сұрақ қойғанда өздерін ақымақ сезінетін.
— Сен білесің бе, -деп сұрайтын олардан үкі.
— Нені?
— Ештеңені де білмейсің, біле де алмайсың, тіпті сенімен сөйлесудің қажеті де жоқ, — деп жауап беретін-ді.
Содан бір күні Үкі орманда ештеңе білмейтін тышқанның баласы өмір сүретінін естіпті.
— Мынау не деген жаңалық – деп Үкі алғаш рет таң қалыпты. – Мұны тіпті мен де білмедім.
Үкі сол ерекше тышқанды көрмекші болады. Оны ұзақ іздейді. Көптеген тышқанның балаларын аулап жүріп, әрең дегенде өз інінің жанынан дым білмес тышқанды кездестіреді. Ол тышқанның баласын ұстап алмақшы болады, бірақ ол зып беріп ініне кіріп кетеді.
— Бұл әлемде не бар не жоғынан хабарсыз дым білмес сенбісің? – деп сұрайды Үкі.
— Білмеймін! – деп жауап береді тышқанның баласы.
— Бірақ сен Үкілердің тышқандарды жейтінін білесің ғой?
— Білген жоқпын! – дейді тышқанның баласы.
— Онда менен неге жасырындың?
— Сен мені жеп қоймас үшін, — дейді тышқан баласы.
— Яғни, сен бірдеңе болса да, білесің! – дейді көңілі қалған Үкі. – Алдама мені.
— Мен тек бірнәрсені түсінемін! – дейді тышқан баласы.
— Олай болуы мүмкін бе?! – деп таң қалды Үкі.
— Бәрін білуің, бірақ ештеңе түсінбеуің мүмкін! – деп жауап қатады Тышқан баласы. Солай дейді де, ініне кіріп кетеді.
— Мен бәрібір сені ұстаймын! – деді Үкі. – Сен маған бәрін түсіндіресің, көкми.
Содан бері Үкі ағаштың қуысына отырып алып күн ұзағына ойға шоматын көрінеді. Әрі ойланады, бері ойланады, бірақ Тышқан баласының сөздерін түсіне алмайды. Сәл қараңғы түссе болды, Үкі тышқанды аулауға шығады, ал ол болса, жет қат жердің астына кіріп кеткендей жоғалады.
Осылайша оның аулаған тышқандарына сан жептейді, бірақ одан еш пайда болмады. Олардың шиқылынан басқа ештеңе ести алмады. Содан бері Үкі қараңғы түссе болды, «Ух-ух-ух!» деп терең күрсінетін көрінеді.

Share.

Leave A Reply