Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

Болашаққа көзқарасын анықтау (психология апталығындағы 9-сынып оқушыларына арналған ашық сабақ)

0

Зейнелбай Розагүл, 
психолог, Қосарал негізгі мектебі Байғанин ауданы Ақтөбе қаласы

Мақсаты: оқушының алдына қойған мақсатын, міндетін анықтау, болашаққа көзқарасын анықтау, талдау, қалыптастыруға бет бұрыс жасау.

Әдістері: Ертегі терапиясы, психодиагностика, автопортрет, музыка терапиясы.
Құрал жабдықтар: Ақ парақтар мен түрлі-түсті қарындаштар.
Көрнекілігі: Ағаш суреті, музыка, құм сағаты.

Өмір ағашы.

Сіздерге ақ парақ пен қарындаштар ұсынамын, өзіңіз қалаған өмір ағашын бейнелейсіз. Музыка аяқталғанша салып бітіруді ұсынамын.
Интерпретация:
1. Тамыр – сіздің өміріңіздің мақсаты мен өмір сүру тәсіліңіз.
2. Діңі – өзіңіз жайлы ойыңыз.
3. Бұтақ – болашақта сен қалайтын тілегің мен арманың.
4. Жеміс – сапа. Армандаған тілегің мен мақсатыңның жүзеге асқаны.

Мюнстерберг әдісі
Тез оқи отырып «Зейініңді зерттеп зерделе» Уақыты: 30-секунд.
Аржалмрррлдәптеритонркабинетлдорпмамұғаліморнпитльбюүлгіліирпасвыоқушыролдджжлпболамынкаддоопааакөңіллоорриакүйімрппннглллтамашаддлорпааабелсендіоррпаыыфаоқуғадлорппаааатырысамынждлравыапратаанамныңапролджждлорпүмітінждлорпавыақтаймынждлорпавывапрол.
Жауаптары: дәптер, кабинет, мұғалім, үлгілі, боламын, көңіл-күйім белсенді, оқуға тырысамын.
10 сөз – өте жоғары
8-9 сөз – жоғары
7-6 сөз – орташа
5-1 сөз – төмен

Автопортрет /проективті тест/
Нұсқау: Сізге ақ парақ және түрлі-түсті қаламдар беріледі. Өз суретіңізді бейнелейсіз. Уақыт: Құм сағаты ауысқан мезгілде аяқтайсыз.
Қорытынды: Әлсіз салынса ақыл-ойына көңілі толмайтын адамдар.
Қатты салынса ақыл-ойына көңілі толатын адамдар.
Кішкентай бас болса, ақыл-ойға көңіл бөлмейтін адамдар.
Кішкене ақырын салынса, ортада өзін көрсете алмайды.
Қатты үлкен салынса, өзін ақылдымын деп санайтын адамдар.
КӨЗІ: үлкен ашылса, сенімсіз (басқалардың пікіріне аса назар аударады).
Кішкене болса, өз-өзімен жүретін (интроверт) ойы бітпейтін адамдар.
КІРПІК: бар болса, салқын адамдар, жоқ болса, тік мінезді.
АУЫЗ: салынса, бұл тіл байлығының жеткіліксіздігі. Ауыз салынбаса, депрессияда жүрген адам.
Жымиған ауыз салынса, өзін-өзі қинап, сыпайы болуға тырысатын адам.
Түзу салынған ауыз, бұл кекшіл адам.
Екі шеті төмен қарай жымқырылған ауыз, бұл ештеңеге көңілі толмайтын, енжар адам.
ТІС: көрініп тұрса, агрессивті адам.
ҚҰЛАҚ: үлкен болса, сынға қарсы тұратын адам, кішкене болса, сынға назар аудармайтын адам. Құлақ жоқ болса, адамның интеллектісінің төмен болуы.
МҰРЫН: қатты бейнелеу сексуалды проблемасы бар екенін көрсетеді,
Нүкте түрінде салынса, сексуалды проблемасы жоқ. Мұрынның қанаттарының қатты салынуы агрессияның белгісі.
ҚОЛЫ: басқа адамдармен қарым-қатынасын көрсетеді. Егер қолда қысым болса, бұл қарым-қатынаста қатал, тұйық, өз парызын жақсы түсінетін адам. Қол төмен қараса, қарым-қатынас нәтижесіздігі. Нәзік салынған қол болса, физикалық энергиясының аз болуы, басқа адамдарға тәуелді болатындығын көрсетеді, психологиялық энергиясы аз, сөз таба алмай қалады. Қолы қысқа немесе жоқ болса, адамның сезімінің нашарлығы немесе жоқтығы. Егер қолын үлкен қатты салса, айналасындағылармен көп араласатын адам. Қолын қалтаға салуы немесе артында ұстауы өзіне-өзі сенімсіз, өзі кінәлі сезінетін, ұялшақ адам. Қолы домалақ болса, жаратылысында агрессия бар. Бірақ оны сыртқа көрсетпейді. Саусақтары бестен артық болса, амбициозды, агрессивті адам, яғни өзін жоғары санайды. Қолына нәрсе ұстап тұрса, қарым-қатынастың қандай екенін көрсетпеуге тырысатын адам.
АЯҚТАРЫ: денесінің көлеміне байланысты. Аяғы ұзын болса, еркін жүретін адам. Қысқа немесе жоқ болса, өмірде психологиялық тіректері нашар және жасқаншақтығы көрінеді.
ҚАЛПЫ (ТҰРЫСЫ): егер суреттен желкесін байқауға болса, яғни бетін тура салмайтын болса, адамның тұйықтығы.
ДЕНЕСІ: анфас, басы профиль болса, маңайындағы біреуден жасқанатынын көрсетеді.
Орындықта отырса, адамның жалғыздығын көрсетеді. Бірақ ситуациядан шығуға тырысатын адам, жалғыздықтан қорқатын адам.
Жүгіріп немесе жүріп бара жатқан адам біреуден қашып жүргендігін көрсетеді.
Адам төсекте жатса, жалқау адам екендігін көрсетеді.
Тура салса, адамның өзін-өзі жақсы көретіндігін және енжарлығын көрсетеді

Ертегі терапиясы /ойлауды дамыту/
Тақырыбы: Патшаның қызы неге бақытсыз
Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенмен де, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты.  Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті.
Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертең жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды.
Оқушылар өз ойларымен ертегіні жалғастырады, әр оқушының пікірі тыңдалады.
Кейін жауабын айтып оқушылардың қиял қабілетін бақыланады.
Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты.
Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен өзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», — деп жауап береді.
Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті.
Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.
Нәтижесі
Мәтіннің жалғасын дұрыс тапса жоғары;
Жартылай тапса орташа;
Таба алмаған жағдайды төмен болып есептеледі.

Логика әлемі /ой сергіту/ уақыты: 1 минут.
4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады.
Жауабы /үтір таңбасы 4,5/
Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5 бұрыш
Бақтиярдың 4 ұлы бар, олардың әр қайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?
Жауабы: 5 бала
Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
/түнде күн шықпайды/

Снайдердің қарым-қатынас диагностикасы
Бұл әдіс стреске тұлғаның жеке сезгіштігі ретінде алаңдау деңгейін анықтауға және тұлғаның көп жағдайда қорқу, қауіптену жағдайын сипаттауға мүмкіндік береді.
Сыналушыға ескерту: төмендегі тиісті сандарды сызыңыз. Жауап беруге көп ойланбаңыз, себебі дұрыс не бұрыс жауап бәрібір жоқ.

Снимок4Сұрақтар екі кіші шкаладан тұрады:
Тұлғаның қасиеті және эмоциялық жағдайы ретінде аландаушылығын өлшеу.
Нәтижелердін есептеу:
2,3,4,5,8,9,11,12,14,15,17,18,2,0 сұрақтары жауабының сомасынан 1,6,7,10,13,16,19 сұрақтары жауабының сомасын алып таста. Оған 35 санын қос. Егер Спилбергердің шкаласы бойынша көрсеткіштің сомасы 30 ұпайға дейін болса – алаңдаудың төменгі деңгейі; 30-дан 45-ке дейін – орташа; 45-тен көп болса – алаңдаудың жоғары деңгейі. Алаңдаушылық деңгейі жоғары сыналушыға ерекше назар аударған дұрыс, оған психологиялық көмек жүйесін құру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру керек.

Автор марапаттары: Республикалық «Жылдың үздік психологы» (2015 ж.) төсбелгі иегері.

Share.

Leave A Reply