Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
102 қаралым

Бастауыш сынып оқушыларында жағымды мінез-құлық сапаларын қалыптастырудың тиімді жолдары

0

Жапекова Анар Төлегенқызы,

Жамбыл облысы Шу ауданы Далақайнар ауылы Түймебай Әшімбаев ат. орта мектебінің педагог-психологы

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік қасиеттерді арт-терапиясы арқылы ұғындыра отырып, жағымды мінез-құлық сапаларын қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 8-бабында былай деп көрсетілген: «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту…» және 62-бабында «Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржының мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психологиялық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады» деп айтылған. Адамгершілік тәрбиесі қай заманда болсын адамзат алдындағы ізгі қасиеттердің бірі болып табылады. Бұл жағдай өзінің ісін, өмірін жалғастыратын ұрпағын салауатты, саналы адамгершілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеуді қазіргі қоғамда өте маңызды, әрі қажетті шешуді күттірмейтін мәселе болып отыр.

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік рухта тәрбиелеу дегеніміз – оларға дүниеге ұйымшыл, белгілі бір мақсатқа көзделген адамгершілік көзқарас қалыптастыру.
Л.С. Выготскийдің мәдени дамудың социогенетикалық заңын еске түсірсек: «Алдыңғы өткен ұрпақтың қолданған мінез-құлық формалары баланың даму процесінде өзіне тиістілері қайталанып отырады. Басқа сөзбен айтқанда не қабылданды ол – ішкі деп аталады, ал адамдар арасындағы қатынас арқылы әлеуметтік сыртқы даму болады».
Осы логиканың нәтижесінен біз мұғалім мен оқушының арасындағы оқытуды меңгерудің қайнар көзін іздейміз және үлкендер мен баланың арасын үйлестіріп тұратын оқушының индивидуалдық өз бетінше әрекеттері болады.
Бастауыш сынып жасы-бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының қарым-қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар сайын жойылып отырады, кейбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету қажет. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шарты болып табылады.
Кіші мектеп балалық кезеңі – бұл 6-10 жас арасындағы жеке тұлғаның әрі қарай дара-психологиялық дамуы және әлеуметтік-адамгершілік сапаларының қалыптасу процесі. Бұл кезеңге тән:
баланың материалдық, коммуникативтік, эмоционалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасы жетекші (доминация) рөл атқарады;
әлеуметтік-танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда мектеп жетекші рольді мектеп атқарады;
отбасы мен мектептің басты қорғаушы қызметі сақтала отырып, балада ортаның жағымсыз ықпалына қарсы тұра алу қабілеті арта түседі.
Әлеуметтік мәртебенің өзгеруі: оқушыға айналуы. Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді, психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспарға арақатынаста болуды бастайды. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізін әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рөлді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі: ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар, жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған жүйке жүйесінің талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің іргетасы қалануына негіз болады.
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипулияцилық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.
Білім алу іс-әрекеті окушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту балаға жеңіл тиеді.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан) себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.
Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен, шын көңілмен назар аударып, өзін-өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып калмауы тиіс. Балаға оның енді «үлкен» екендігін, кішкентай балалар сияқты ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналасып, көңіл көтеретін құралы.
Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте-бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір құштарлықпен ойнайтын болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды қалыптастырады. «Балалар қоғамының» рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының қалыптасқан ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал әділеттілік пен әділетсіздікке көз жеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.
К.Д.Ушинский: «…ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзкарасы болуы керек… Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс»,- деп жазған.
Сондықтан мен К.Д.Ушинский осы сөзін негізге ала отырып, бастауыш сынып оқушыларымен арт-терапия арқылы, яғни ертегі терапиясы арқылы баланың ойын, қиялы дамыту , көңіл-күйін көтеру, ертегі киіпкері болып ойнау және теріс мінез-құлқын жөндеуге болатынын және баланың бойындағы шығармашылық қабілетін шыңдайтынына көзім жетті. Осы ертегі терапиясы арқылы баланы жөнге салу, оның көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болуға болады.
Ертегі терапиясы мынадай әдістер арқылы жүзеге асада:
Саусақтар театры;
Үстел үсті театры;
Сахналау театры;
Көлеңке театры;
Үлгі суреттер және ойын-жаттығулар ;
Ертегілермен жұмыс жасау барысында мынадай әдіс-тәсілдерді қолданған жөн.
Ертегіні талдау. Мақсаты баладан өз ойын сұрау. Тыңдаушы ертегінің соңын ұғыну.
Ертегіні әңгімелеу. Бұл әдіс баланың елестете алу қабілетін, қиялын дамытады. Тыңдаған ертегі бойынша ертегі сюжетіне және кейіпкерді сурет немесе ермексазбен жасау.
Ертегіні қайта жазу немесе толықтыру. Ертегінің мазмұны мен оқиғаның аяқталуы ұнамаған кезде қолданатын әдіс.
Қуыршақтар арқылы ертегіні сахналау. Бұл баланың қимыл –қозғалыстарын неғұрлым шынайы етіп, қуыршақтың мінез-құлқын да шынайы сомдай алуына көмектеседі.Бала бұл әдіс арқылы өзінің көрсете алмайтын жақтарын көрсетуге мүмкіндік алады.
Ертегіні сахналау арқылы баланың жағымсыз және жағымды мінез-құлқы анықталады және ертегі кейіпкер рөлін сомдау арқылы өзін өзі түзету мүмкіндігін алады.
Ертегі терапиясы бойынша топтарға берілетін тапсырма.
5 адамнан топқа бөлу. Тапсырмалар:
1-топқа: ертегіні үшінші жақтан айтып беру;
2-топқа: бір ертегіге аналитикалық талдау жасау;
3-топқа: ертегіні топ мүшелері бірігіп айту;
4-топқа: жаңа ертегі ойлап табу;
5-топқа: қуыршақты қойылым жасау немесе рөлге бөлініп ертегіні көрсету;
6-топқа: белгілі ертегінің желісін қайта құру;
7-топқа: ертегіні кезек-кезек жалғастырып айту.

Ертегі терапиясымен жұмыс жасау бұл ата-ана үшін де міндетті нәрсе. Айталық «Мақта қыз» ертегісіне арнайы қойылым етіп тамашалайтын қара көздеріміз аз болса, психологтар әр бір отбасыларында баланың көңілін көтеру мақсатында көптеген ертегілерді арнайы қойылым ретінде үнемі қайталап тұру керектігін айтады. Ертегі – отбасы үшін тек тыңдауға ғана емес, қойылым ретінде де сахналауға да ыңғайлы, сонымен қатар баланың мінез-құлқын, жағымсыз қылықтарын осы ертегі арқылы жөнге келтіру, оны түзетудің бірден-бір тиімді жолы.
Сөзімді қорыта келе, тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала жанұяда алады. Жанұя – әр бала үшін алтын бесік. Бала жанұя аясында түлеп өседі, оң-солын сонда таниды. Ол алғашғы адамгершілік қасиеттерді де, жағымды, жағымсыз мінез-құлқының қалыптасуын да, еңбек әліппесінің алғашқы беттерін де өз үйінде ашатынын ұмытпайық.

Пайдаланылған әдебиеттер:
ҚР «Білім туралы» Заңы. 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткiншектер тәрбиесi. Алматы: Рауан, 1990.
Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1981.
Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелiгi психологиясы. Алматы, Мектеп, 1989.
Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. — Алматы, 1985.
Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. – А., 1991.
Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. – А., Өнер. 1972.
Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. – А., 1999.
Педагогика және оқушы психологиясы № 5, 2015.
Педагогика және оқушы психологиясы № 2, 2012.

Share.

Leave A Reply