Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

508 қаралым

Бастауыш сынып оқушыларына арналған қызықты жұлдызнама

0

 

Абай сөзімен айтқанда «ыстық қайратты, жылы жүректі, нұрлы ақылы бар тұлға болып болашақ ел қадірлейтін кісі тәрбиелеп шығару міндеті мұғалімдер қауымына жүктелген» десек, әрбір сыныптағы оқушыларды ұжымшыл, ұйымшыл етіп тәрбиелеу үшін психолог мамандармен ғалымдар бірлесе отырып жұлдызнама бойынша яғни балалардың бірлесе және жақсы оқуларына ықпал ететін мәселелерді ұсынып жүр. Оқушының Жұлдызнамасына байланысты топ басшыларын тағайындау, бір-біріне кері әсер бермейтін жұлдыздармен жұптастыра отырғызу, әрбір белсенді сынып мүшелерін жұлдыздық қабілетімен байланыстыра жұмыс жүргізгізудің жаңа технологиясы бойынша естеріңізге салғым келіп тұр. Адам баласы жұлдыздарына қарай 4- түрлі топқа бөлінеді.

Оттан жаралғандар:
Арыстан – топ басшысы болуға мүмкіндігі мол, өзін бірқалыпты ұстай алады.
Тоқты – мемлекеттік қоғамды басқара алады, ұйымдастыру қабілеті жоғары, адамдармен тез тіл табысып, тез ашуланады.
Мерген – ойшыл, ғылым білімге бейім (топ жетекшігіне ыңғайлы) бейімді.

Судан жаралғандар:
Бүйі – сезімтал, жақсы жаман көрінуі көңіл күйіне байланысты, өзіне қарсы келгендерді жақтырмайды, дауласқанды ұнатады. Қырсық мінезді.
Шаян – ұлдар көңілшек, біреуге жақсылық істегісі келеді, қыздар тәрбиеші болуға ылайық.
Балық – 2- түрге бөлінеді. Айдың басында туғандар – қай нәрсеге болмасын қарсы жүреді. Айдың аяғында туғандар – көңілге қарап ығына қарай жүреді.

Жерден жаралғандар:
Тауешкі – әкімгерлікті ұнатады, жоғарыдан қарайды, қиналғанын білдірмейді.
Торпақ – бірбет, тек алға деп қорықпайды, ғылым мен білімге шорқақтау.
Бикеш – қыз мінезді, сыпайы, жеңілдің үстімен, ауырдың астымен жүргенді ұнатады.

Ауадан жаралғандар:

3-уі де жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүреді.
Таразы – күдікшіл, сезімге берілгіш, адаспайтын жерден адасып қалады.
Суқұйғыш – өте тамаша жұлдыз, ғылым мен білімге құштар, достыққа берік, жауын аямайды, кекшіл,
Егіздер – үнемі сыңарын іздеп жүреді. Екі жүзді болып келеді. Жасында ұрлыққа да бейім бірақ тәрбиелесе жаман әдетін тез тастайды.

Жұлдыздары жараспайтындар:
1-Топ: Арыстан, Бүйі, Суқұйғыш, Торпақ.
2-топ: Мерген, Бикеш, Егіздер, Балықтар.
3- топ: Таразы, Тауешкі, Шаян, Тоқты.

Мектепке алғаш келген оқушылардың, және алғаш сыныпты қабылдағанда мұғалім оқушылардың әрқайсысының жұлдыздарымен таныса отырып жұмыс жоспарын осы қағидаға сүйене жасаса сыныптың алға ілгерілеуіне қажеттілік болар ма еді, және мұғалімдерімізге балалардың психологиясымен таныса отырып істелген шаруа оң нәтижесін береді деп сенуге әбден болады.

Саухимова Жансая Серикбаевна
Жезқазған қаласы №1 жалпы орта білім беретін мекеменің

педагог-психологы

 

Share.

Leave A Reply