Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

Баланың мектепке дайындығын диагностикалау

0

Изимова Гүлмаржан Надировна,
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл селосы
Тасшағыл орта мектебінің психологы, өзін-өзі тану мұғалімі

Мақсаты: Оқушылардың мектепке бейімделуін қалыптастыру, психологиялық жетелеу.

І. А.Р. Лурияның қысқа мерзімді есте сақтау қабілетін анықтау әдістемесі.
Бір-біріне ұқсамайтын, бір-біріне байланыспайтын 10 сөз дайындаймыз.
Мысалы: ине, орман, су, кесе, үстел, саңырауқұлақ, саты, пышақ, нан, еден, құмыра.
Нұсқау: «Қазір мен саған сөздер оқимын, ал сен есіңде сақтағаныңды маған қайталап бересің. Мені мұқият тыңда. Мен оқып болғаннан кейін бірден қайтала. Дайынсың ба? Оқимын». Осыдан кейін 10 сөзді нақты айтыңыз, балаға қайталауды ұсыныңыз. Сөздердің орны ауысса болады. Осы жағдайды 5 рет қайталаңыз. Әр аталған сайын сөздерге х белгісін қойыңыз. Хаттамаға нәтижесін енгізіңіз. Бала нешінші рет қайталағанда көп сөзді есіне сақтап айтқанын анықтаңыз. Осыдан кейін балаға мынадай мінездеме беруге болады.
А) Егер бала бастапқыда көп сөз айтып, кейін сөз тізбегін азайтса, онда зейіннің шашыраңқылығын, ұмытшақтықты білдіреді.
Б) Бірде жоғары, бірде төмен зигзаг формасын көрсетсе, зейіннің тұрақсыздығын көрсетеді.
В) «қисық» формада болса, эмоциялық әлсіздікті, қызығушылықтың жоқтығын көрсетеді.

Толық нұсқасын жүктеп алу

Share.

Leave A Reply