Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 095 қаралым

Балабақша тәрбиешілерімен тренинг «Жадырайық! Жайнайық! Жылы лебізімізді сыйлайық»

0

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Мақсаты: Қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас тудыру.
Нұсқау: Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Қатысушылар кезекпен, қобдишаның ішінен сыйлықтарды алып шығады. Сыйлықтар – әр түрлі көңіл-күй күлкілер (смайлдар) бар тілектер. Әртүрлі күлкілі эмоцияларды қатысушылар алып, керісінше бетіндегі жылы лебіздерді оқып, қалаған қатысушыға береді. Тілек соңында, қыстырылған шоколадтарды ұсынып, «Өміріңіз осындай тәтті болсын» деген лебізбен аяқтайды.
2. «Мен сізден үйренемін» жаттығуы
Қатысушылар бір-біріне еркін түрде «Мен сізден үйренемін …» сізден айтып лақтырады (айтып тұрған адам допты бағыттаған адамның бойына сөзін айтып лақтырады (айтып тұрған адам допты бағыттаған адамның бойынан өзі ерекше бағалайтын құнды кәсіби немесе жеке қасиеттерін айтады). Допты қабылдаған адамның міндеті – айтылған ойды құптамас бұрын «Иә, менен … (ұқыптылықты) үйренуге болады» немесе «Иә, мен … үйрете аламын» деу. Сосын допты қатысушыға бағыттап ойынды жалғастыру қажет.

«Ерекше Калош»
Мақсаты: Қатысушылардың әр қиын жағдайлардан жағымды жол іздеп тауып шығуға бағыттау. Көңілдерін көтеру, қиялын дамыту. Өмірде, жұмыста болатын сан қилы қиыншылықтарға мойымау, әрдайым жолын тауып, позитивті түрде баға беруге баулу.
Нұсқау: Қатысушыларға ерекше калош ұсынылады. Оның ерекшелігі, калошты киген адам, қиын жағдайдан міндетті түрде позитивті жолын ойлап шығуы қажет. Мысалы: «Сіздің жалақыңызды екі ай мерзіміне қысқартты …» Қатысушы тәрбиеші осы жағдаятқа жағымды жолын тауып шығады. Оның жауабы: «Алақай келесі айда, екі есе көп жалақы алам» немесе «Өзіме көптен бері қолым жетпеген тонымды алам» деген сияқты жауаптар қабылданады.
Басқа да жағдаяттар:
Сіз жұмысқа бір сағат уақытында кешігіп келе жатырсыз. Сіздің жолда аяқ киіміңіз жыртылып сынып қалды …
Бастығыңыз сіздің істелінген жұмысыңызға көңілі толмай, сізге ұрысты …
Сіз сырқаттанып ауырып қалдыңыз …
Басқа топпен қарағанда, сіздің тобыңыз оқу процесі барысында ең төмен нәтиже көрсетті …
Меңгеруші сіздің дұрыс істелінбеген жұмысыңыз үшін, сізге айқайлап ұрысты …
Сізді қырық баладан тұратын топқа тәрбиеші етіп қойды …
Тобыңыздағы балалар мониторинг барысында барлығы төмен нәтиже көрсетті …
Сізді күйеуіңіз тастап кетті …
Сізді жұмыста қысқартуға түсіп қалдыңыз …
Сіздің әмияніңізді ұрлап кетті …
3 күн қалғанда сізге ауданға өткізілетін ашық оқу қызметін берді. Бұл жаңалық төбеңізден жай түскендей болды …
Барлық алтын бұйымдарыңызды жоғалтып алдыңыз …
Тәрбиешілер кезекпен шығып, ерекше калошты киіп, жағдаяттарға жауап іздейді.

«Би терапиясы»
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды көңіл-күй тудыру.
Нұсқау: Тәрбиешілер аталған дене мүшелерін қозғалту арқылы билейді. Экспериментатор ең алдымен қатысушыларға қасымен, көзімен билеуге нұсқау береді. Кейін осы дене мүшелеріне ауыз қосылады. Сөйтіп, иық, қол, аяқ т.б. дене мүшелері қосылады. Ең соңында барлық дене мүшелері билейді.

Бекенқызы Мадина
ІІ санатты педагог-психолог,
«№146 бөбекжай – балабақшасы» КМҚК, Алматы қаласы

Share.

Leave A Reply