Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
498 қаралым

Арт-терапия – жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде

0

Фото: Данышбаева Э.

Данышбаева Эльвира Мұхаметжанқызы,

Жалпы кәсіптік пәндер кафедрасының психология негіздері пәнінің оқытушысы, Түркістан медицина колледжі

Алғаш арт-терапияны оқу, талдау, қолдану ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында Принцхорнның, Германия, Австрия, Щвейцария, Жапония ауруханаларында жан ауруына ұшырағандардың творчестволық жұмыстарына анализ жасауға негiзделген іргелі жұмыстарынан басталды (Prinzhorn, H., 1922). Кейiн келе Крепелин, Блейлер, Бумке, Кречмер сияқты атақты психиатрлар психикалық ауруға ұшырағандардың творчестволық еңбектеріне талдау жасай бастады. 1926 жылы Ресейде осы тақырыпқа орай Карповтың кiтабы, алғаш монографиясы шықты, ол “Жан ауруына ұшырағандардың шығармашылықтары және оның ғылым мен техника дамуына тигiзер әсерi”- деп аталды. Карпов сурет салудың емдiк әсерi бар екендiгiн көргендердiң алғашқыларының бiрi болды.

“Арт-терапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Арт-терапия – ауру адамның психоэмоциялық халiне творчество арқылы ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi.

Арт-терапия өнерге негiзделген, бiрiншi орында творчество мен өзiндiк өнерiн көрсететiн психотерапияның мамандандырылған бөлiмi.

Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең әрi нақты емес деп санайды. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде кей кездерде “Изотерапия” және “Сурет терапиясы” терминi қолданылады, бiрақ олар, ағылшын тiлдi аналогқа келiңкiремейдi және мән мағынасын тарылтады. Тарихқа сүйенсек арттерапевт мамандар психиатрлар мен психотерапевттердiң көмекшiсi болған, оларға пациенттiң диагнозын анықтауға немесе ем жүргiзуге, олардың суреттерiне қарап, әдiс таңдауға көмектескен. Бiртiндеп арт-терапевттер ешкiмге тәуелсiз маман статусын иемденген. 1969 жылы арт-терапевт-практиктердi бiрiктiрген американдық арттерапиялық ассоциация құрылды. Осы сияқты ассоциациялар кейiннен Англия, Голландия, Жапония және Ресейде құрылған. Онда арт-терапевттер қазiргi уақыттағы психотерапияның процестерi мен жекелiктерiн зерттеуге өз үлестерiн қосуда. Қазiргi уақытта психотерапияда осындай күштi эмоциялық фактор, яғни өнер мен творчествоны қолдану қажеттiлiгi көрiнiп отыр. “Арт-терапия – бiздiң ғасырымыздың жемiсi”, – деген тұжырымдар өте дұрыс қабылданған қорытынды.

Ал Дельфина – Бейли арт-терапияны қолдануда 4 негiзi бағытты бөлiп көрсетедi.

1.   Пассивтi (енжар) арт-терапия. Дайын өнер туындыларын пациентпен анализ және интерпретация жасау арқылы емдiк әсерге қолдану.

2.   Актив (белсендi) арттерапия. Пациентте өзiндiк шығармашылығын ояту, мұнда шығармашылықтық акт негiзi емдiк фактор болып саналады.

3.   Бiрiншi және екiншi қағидаларды бiр мезгiлде қолдану.

4.   Психотерапевттiң өзiндiк ролiн, оның пациентпен шығармашылық жұмысын оқудағы қарым-қатынасын акценттеуi.

Арт-терапия әдiсi – адамның iшкi өзiндiк “Менiн” сурет салуда, өлең жазғанда, скульптура жасағанда, ойланбай iстесе де көрсетiп отырады деп сенiмдi тұжырымдайды.

Арт-терапияның мақсаты барлық адамды суретшi немесе мүсiншiге айналдыру емес, оның мақсаты индивидтiң творчестволық мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, ішкі көңіл-күйлерін ашып көрсетуге белсендiлiгiн арттыру. Терапиядағы табандылық клиенттің өз қабiлеттiлiгiне сай жеке творчестволық белсендiлiгiн арттыруына көмектеседi, өзiнiң бiр туынды жасап шығаруына бағыт-бағдар бередi.

Гольдштейннiң көзқарасы бойынша, творчество – адамның конфликтiлi жағдайларда туындаған қорқыныш сезiмдерiнен құтылудың бiрден-бiр жолы. Шығармашыл адамдар өз күш жiгерлерiн iшкi және сыртқы қайшылықтарды, сонымен қатар конфликтiлердi жеңуге жұмсайды.

Маслоудың пiкiрiнше – адамның iс-әрекеттерiнiң қайнар көзi, денi сау адамдарға ғана тән өзiн-өзi бейнелеуге талпынушылық болып табылады. Неврозды адамдарда бұл қажеттiлiк бұзылады немесе мүлдем жойылады. Ал оны қалпына келтiрудiң бiрден-бiр жолы өнер болып табылады. Өзiн-өзi актуализациялаудың жетекшi қабiлеттерiн айта келе, Маслоу, сұлулық пен экстазаны уайымдаудың ең жоғарғы сәтi болатынын көрсеттi. Психотерапевтiң мақсаты – адамдарға осы сәттi сезiнуге көмектесу, олардың пайда болуына жағдай жасау, сонымен қатар өзiндiк “Менiн” танытуға және шаршау, тұнжырауларынан босануға көмектесу. Адамның өзiндiк творчестволық қабiлеттерiн сыртқа шығармай ұстап қалуы, невроздың пайда болуына әкелiп соғады. Ал психотерапияның мәнi – одан босату болып табылады./ 14 /.

Жоғарыда айтылған көзқарастар бойынша шығармашылық тек әсер етушi процесс болып қаралмайды, олар оның эстетикалық жағын бөлiп көрсетедi. Өнердiң интегралдау рөлiнiң қорытындысы творчестволық процесс неврозға әкелетiн қысымды төмендетедi және iшкi қайшылықтарды объективтендiретiнiнен көрiнедi.

Арт-терапиямен бос болмаушылықта топтық характерге маңызды мән берiледi. Мұнда клиенттер топтағы өз орнын бағалап, өзiнiң алатын ролiн мойындап, творчестволық қабiлетiн және өзiн айқын бейнелеудегi мiндеттiлiгiн түсiнедi. Сонымен қатар арт-терапия – бос болмаушылықтың эмоциялық әрi қызықты формасы болып табылады және ол клиенттердің бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуiне қосымша мүмкiндiк бередi. Бiрлесе жүргiзген творчестволық iс-әрекет клиентке өзге адамдардың жан – дүниесiн түсiне бiлуге көмектеседi, ал ол әлеуметке бейiмделушiлiктiң қиын жақтарын жеңiлдетедi.

Арт-терапиямен кімдер айналысады?

Арт-терапиямен психологиялық қиындықтарды (музыка, живопись, сурет салу, жабыстыру, театрлық драма) творчествоның көптеген түрлерімен жеңілдете, шеше білетін адамдар айналысады.

Арт-терапевт қалай жұмыс жүргізеді?

·     Арт-терапевт топпен болсын немесе жеке дара болсын жұмыс жүргізгенде өзін-өзі силау, өзін-өзі түсіну сезімдерінің даму деңгейін зерттеу мақсатында ешқандай зиянсыз және мәжбүрлеусіз жағдай туғызады.

·     Білім-дағдылары мен танымдық процестерді дамыту мақсатында сабақтар, жаттығулар ұйымдастырады.

·     Өзіндік құндылықтарын сезіну үшін, қарым-қатынасқа түсіп әлеуметтендіру мақсатында өзін-өзі көрсете білуге жағдай жасайды.

·     Ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтарды жеңу үшін, өзіне немесе өзге адамдарға деген қатынасын өзгерту мақсатында ішкі творчестволық қабілеттіліктеріне үңілуге мүмкіндік береді.

·     Жеке творчестволық диапазонын кеңейтуге септігін тигізетін, өзін-өзі зерттеу мен өзін-өзі танып-білуге жағдай жасайды.

Арт-терапевт зерттейді:

·     Эмоциялық хал-жағдайды.

·     Физикалық денсаулықты.

·     Әлеуметке бейімделушілікті.

·     Оқыту процесіндегі танымдық мүмкіндіктерді.

·     Бірлесе жүзеге асыратын творчестволық қабілеттілікті.

Арт-терапияны жүргiзу кең көлемдi, яғни ол “Белгiлi бiр мөлшерде” қолданылады. Оны индивидтiң жеке жасырын уайымдарына байланысты анықтап алады. өнер мен шығармашылықтың көп жоспарлы әсерi , оны жасы әртүрлi диагностикалық өлшемдерi кең көлемдi клиенттерге қолдануға мүмкiндiк бередi. Арт-терапияға дайындар алдында клиенттің клиникалық көрiнiсi, уайым-қайғысы мен эмоциялық сферасына қоса, оның ауырып отырған кездегi өнер мен шығармашылыққа деген қызығушылығы және көзқарасына, дайындығына, ақыл-ойына, сонымен қатар т.б. факторларға көңiл бөлу қажет.

Арт-терапияны психомоторлы қозу мен агрессивтi тенденцияларды басу жолында қолданады: ол адамды алдандыру функциясымен босболмаушылық; контактiге түсудi жеңiлдету мен жасырын уайымдарын шығару; босаңсуға көмектеседі. Босаңсу творчестволық белсендiлiк кезiнде әртүрлi қысымдарды төмендетуге жұмсалған энергияны шығарғаннан кейiн көрiнедi.

Кейбiр авторлар арт-терапияны профилактикалық қажеттiлiк ретiнде, яғни өзiндiк эмоциялық дискомфортты әңгiмелеу үшiн қолданады. Клумбиес ұйқының бұзылуында еркiн сурет салумен айналысуға кеңес бередi, ал Порембески – Грау краскамен сурет салу және ойындарды психопрофилактикалық әдiс ретiнде қолданды. Мұндай ойындар стресстiк жағдайды азайтады және өзiндiк қабiлеттiктерiне күмәндануынан айырады, өзiнiң бағалы екенiн сезiндiредi.

Арт-терапияның төмендегідей функциялары келесі нәтижелерге қол жеткiзедi:

1.   Арт-терапияның катарсистi функциясы (негативтi әсер етуші хал-жағдайлардан босату және тазартушы ).

2.   Арт-терапияның реттеуші функциясы (жүйке жүйесін босаңсыту және жеңілдету, психикалық қысымдарды төмендету, психосоматикалық процестердi реттеу, позитивтi хал-ахуалдарды модельдеуге көмек көрсетедi).

3.   Арт-терапияның коммуникативтi — рефлекстi функциясы (қарым-қатынасқа түсудiң бұзылысын коррекциялау, өзiн-өзi бағалауын қалыпқа келтiру ).

Арт-терапия келесi мақсаттарға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi:

1.   Агрессивтi көңiл-күйден және негативтi әсер етушi сезiмдерден босануға жол ашады. Суретпен, картинамен, мүсінмен жұмыс жасау қауiптi емес екенiн дәлелдейдi.

2.   Емдiк процестi жеңiлдетедi. Өзi сезбейтiн қарама-қайшылықтарды және уайымдауларды вербалды психотерапиялық процеске қарағанда, сурет арқылы ашып салу оңайырақ болады.

3.   Диагностикалық қорытынды мен интерпретация жасауға қажеттi материал алуға болады. Творчестволық еңбектің жемiсi ұзақ өмiрлiк нәтиже болып келедi. Клиент оның шындықтағы факт екенiн жасыра алмайды. Шығармашылықтың стилi мен мазмұны терапевтке пациент жөнiнде қосымша ақпарат бередi.

4.   Пациенттiң жасырып қалуға бейiмделген ойлары мен сезiмдерiн көрсете бiлу. Өте қатты уайым-қайғыларын және сенiмдерiн көрсетудiң бiрден-бір жолы кейде вербальды емес қарым-қатынас болып табылады.

5.   Терапевт пен клиент арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтiру. Творчестволық iс-әрекетке бiрiгiп әрекет жасау қатынастағы эмпатиямен бiр-бiрiн жақсы қабылдауға ықпал етедi.

6.   lштей бақылау сезiмдерiн дамыту. Суретпен, картинамен немесе скульптурамен жүргiзiлген жұмыс түстер мен формаларды бiрыңғай қалыпты қолдануға көмек бередi.

7.   Түйсiну және сезiну арқылы зейiндi бағыттау. Творчестволық жұмыспен айналысу кинестетикалық және көру түйсiктерiмен эксперименттеуге өте бай жағдай жасайды және де олардың қабылдау қабiлеттiлiгiн дамытады.

8.   Шығармашылық қабiлетiн дамытады және де өзiн-өзi бағалауын жоғарылатады. Арттерапияның ең негiзгi маңызды мәнi, ол жасырын таланттарын ашып және оны дамытуда қанағаттанушылық сезiмiн сезiндіру болып табылады. Сонымен қатар, өзінің мүмкіндіктерін танып-білу арқылы өзін-өзі бағалауы жоғарылайды.

 

Share.

Leave A Reply