Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
6 қаралым

Адам өзіне қалай сенімді бола алады?

0

Егентай Сәбира Көпбосынқызы,

Педагог-психолог, А.Байтұрсынұлы ат. гимназия, Талас ауданы, Қаратау қаласы

Тренингтің мақсаты: Мектепке жаңадан келген жас мамандардың өзіне деген сенімділіктерін арттырып, жігерлі болуға үйрету. Мектеп ұжымына сіңісіп кетуге жағдай жасау.

Қатысушылар: Мектептің жас маман мұғалімдері.

Көрнекілігі: Музыка, плакаттар, таза парақ пен маркер.

Ұйымдастыру кезеңі: Тренингке қатысушылардың көңіл-күйіне назар аудару, алдағы күндерге сәттілік тілеу.

1. тапсырма: Таныстыру «Психологиялық паспорт»

Нұсқау: Сіздерге берілген 7 сұрақ бойынша өздеріңізді таныстырып өтініз.

1.   Аты-жөні;

2.   Менің қызығушылықтарым;

3.   Менің ұраным;

4.   Өзіме ұнайтын қасиеттерім;

5.   Өзіме ұнамайтын жақтарым;

6.   Мен болашақ (сөйлемді өз ойымен жалғастыру)

7.   Еліме …

2 тапсырма: «Сіз өзіңізге сенімдісіз бе?»

1.   Сенімділік дегеніміз не?

2.   Сіз өзіңізге сенімдісіз ба?

3.   Сіз өзіңіздің қандай қасиеттеріңізге сүйеніп сенімдімін деп айта аласыз?

Сұраққа жауап берген кейін, өз-өзіне 100% сенімді мұғалімнің ортаға шығуын өтінеміз. Ортаға шыққан мұғалім тренингке қатысушыларды өзінің бір сөзімен болмаса, қандайда бір ісімен сендіру керектігі талап етіледі. Егер қатысушылар белсенділік көрсетпесе психолог өзі бастап сенімге енудің жолын көрсетеді.

3 тапсырма: «Әріптестер қошеметі»

Нұсқау: Тренингке қатысушыларды екі қатар бойынша тұрғызып, ортасымен кезекпен – кезек көздерін жұмып жаймен жүрулерін өтінеміз. Екі қатарда тұрған қатысушылар қасына жақындаған мұғалімнің жақсы қасиеттерін құлағына сыбырлап айтып шығады. Соңынан сұрақтар қойылып, өзі туралы жақсы қасиеттерді естігенде қандай күйде болғандығы жөнінде айтылады.

4 тапсырма: «Өзіңді — өзің таны»

Нұсқау: Өзіңіздің кім екендігіңізді, сондай ақ айналаңыздағы адамдар туралы білгіңіз келе ме? Өмірдің мәні не деп ойлап көрдіңіз бе? Олай болса, мына тест сұрақтарына жауап беріп көріңіз.

1. Жан – жануарларды өз қалауыңыңыз бойынша 1-5 аралығында реттік сан қойыңыз.

Жолбарыс – ар — ождан

Сиыр – мансап

Қой – махаббат

Жылқы – отбасы

Түйе – байлық

1.   Ит, мысық, атжалман, шай, теңіз – түсініктеме беріңіз.

Ит – өзіңізді — өзіңіз бағалауыңыз.

Мысық – әлеуметтік тіршіліктің сан-саласындағы әріптесіңіз..

Атжалман – жағымсыз кейіпкер.

Шай – жұбайлық өмірдің көрінісі.

Теңіз – қазіргі өміріңізді бағалауыңыз.

2.   Алдыңыздан кездескен биік дуалдан қалай өтер едіңіз? (секіріп, қазып, айналып, жарып т.б.) Қиындықты тандауыңыз бойынша жеңесіз.

3.   7 күннің бірін таңдаңыз. Қай санды таңдасаңыз, сонша адамға жақсылық жасаңыз, өзіңіз жақсы көрген апта күні қайырымы мол болатынына сәттілік әкелетініне сенімді болайық.

5 тапсырма: «Ән терапиясы»

Нұсқау: мұғалімдерге көп ойланбастан ойына алғаш келген әнді айтуды өтінеміз. Ол ән патриоттық, махаббат, туыстық, достық тақырыптарында болуы мумкін.

Соңынан таңдап алған әніне байланысты сұрақтар қойылып, жауаптары талқыланады.

6 тапсырма: «Тілек тарту»

Нұсқау: Сіздерге таратылып берілген жүрекшелер қимасына тілектер жазып бір-бірлеріңізге әдемі бір ерекше қимылмен сиға татасыз.

Қорытынды. Мектепке жаңадан келген жас мамандарға ризашылығымды білдіріп, сәттілік тілеймін!

Share.

Leave A Reply