Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
263 қаралым

Адамдар арасындағы қарым-қатынас

0

Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе,

жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы

балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз.

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты:

1.    Балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік қасиетін жоғарылату.

2.    Адам арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

3.   Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Қатысушылар: 8-11 сынып оқушылары

Қатысқан оқушылар саны: 15 оқушы

Ұйымдастыру кезеңі:

Психолог: Сәлеметсіздер ме? Көңіл-күйлерің қалай? Бүгінгі тақырыбымыз: «Адамдар арасындағы қарым-қатынас». Біз тренингті бастамас бұрын тренинг ережесін құрып алайық.

Тренинг ережесі:

1.   Бір-бірін тындау

2.   Қарым-қатынастағы шыншылдық ережесі

3.   Топтағының сыртқа шықпауы

4.   Әртүрлі адамдардың қарым-қатынасы

5.   Белсенді қатысу

6.   Сөйлеушіге құрмет

Іс-шараның жоспары:

Мини- лекция: «Адамдар арасындағы қарым-қатынас

1.   Жаттығу: «Мен кіммін, қандаймын?»

2.   Ойын «Мен сізге жазамын …»

3.   Талқылау

4.   Жаттығу «Жүз доп».

5.   Жаттығу «Менің жан-жақты ерекшеліктерім»

6.   Жаттығу «Менің эмоциям және сезімім»

7.   Жаттығу «Бәріміз бірге»

8.   Релаксация: «Мен бақытты баламын»

9.   Қорытынды.

Барысы:

1.   Жаттығу: «Мен қіммін, қандаймын?»

Мақсаты: өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару.

10 аса сөз жазуға болады. 3 минут беріледі

Мысалы: Мен Әселмін. Мен әдемі, сұлу қызбын. Мен қазақпын …

Мен … т.с.с.

2. «Жүз доп» ойыны.

Мақсаты: балалардың зейіндерін істеген істеріне бөлу және айналадағы құрдастарымен дұрыс қарым-қатынаста болуына үйрету.

Мазмұны: Балаларды шеңберге қойып, алдын ала бір-бірімен келісіп допты лақтырады. Сол бала басқа балаға лақтырады. Сонымен ойын жалғасады. Бір-бірімен сөйлеспей допты бір-біріне лақтыру жерге түсірмей. Жалғасуында бір доптың орнына бірнеше допты кіргізуге болады.

3. «Менің жан-жақты ерекшеліктерім» жаттығуы

Мақсаты: Іштегі негативті шығару.

Жағымды-жағымсыз жақтарын жазу. 5-минут беріледі.

10-нан аса сөз жазуға болады. Дәптердің қақ ортасынан сызып ерекшеліктер:

— Мен кішіпейілді қасиетіме ризамын т.б. …

Жағымсыз ерекшеліктер:

— Менің жылай салатын жаман қасиетім бар т.с.с.

4. Менің эмоциям және сезімім жаттығуы

Мақсаты: Адамның ішкі сезімі мен көңіл-күйінің көрініс табуы.

Көңіл-күй түрлерін жазасыз. Сол көңіл-күйді мимикамен көрсетесіз.

2-минут беріледі. Мысалы, күлу, ойлау, қиялдау, аңсау, жылау, уайымдау т.с.с. Осындай әдістемелер немесе тренинг, профилактика, кеңес, мақал-мәтел немесе аңыз айта отырып, баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі бақылауға үйрету.

Жағымды ерекшеліктер: — Мен кішіпейілді қасиетіме ризамын т.б. …

Жағымсыз ерекшеліктер: — Менің жылай салатын жаман қасиетім бар т.с.с.

5. «Бәріміз бірге»

Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды (әр бала допты екі қолымен ұстауы керек). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.

6. «Итке көмектесейік». Сіздің аяушылық қабілетіңіз.

Мақсаты: Сіздің жақыныңызға көмектесуге қаншалықты қабілетті екеніңізді анықтау.

Нұсқау: Мына суретте ит бейнеленген. Оның бақыты үшін анық бір нәрсе жетіспейді, бірақ атап айтқанда не? Иттің қасында барлық суретті салыңыздар, сіздің ойыңыз бойынша оның көңіл-күйін қалай көтересіз.

Бұл итке тура келмейді-ау, бұл оған керек емес деген ойлар сізге кедергі келтірмесін. Не қаласаңыздар, соны салыңыздар.

7. «Саңырау телефон»

Барлық балалар шеңбер бойында отырады. Бірінші отырған оқушыға құлағына сыбырлап әр түрлі сөздер айтамын. Ол оқушы әрі қарай келесі оқушыға естігенін айтады, ең соңғы қалған оқушы естігенін дауыстап айтады. Мысалы, Мен өмірге келгеніме қуанамын, мен болашақта мықты маман боламын, ата-анамның борышын ақтаймын т.б және өз пікірлері.

8. Релаксация. «Мен бақытты баламын».

Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап, гүл бағына саяхатқа баруды ұсынамын:

— «Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!!! Әсем әдемі гүлдер жайқалып тұр»

Гүлдерге қарап күн күлімдеп тұр. Гүлдер күлтектерін ашып, күнге күлімдейді.

— «Қараңдаршы! Бақтағы сайран құстың дауысы, сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал жел лебі еседі. Аңқиған гүлдердің хош иісі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан ұнағанын теріп алып, ең жақын досына сыйла»

Балалар өздеріне ұнаған гүлді айтады және өздерінің көңіл күйлерін жөнінде әңгімелейді, ерін ортаға салады.

Қорытынды:

— Сіз тренингтен не алдыңыз?

— Көңілізден шықпаған тұстары?

Кайдарова Гульзия Болатовна,

Байқоныс мектебінің педагог-психологы,

Качир ауданы Павлодар облысы

Share.

Leave A Reply